Семинар тапсырмаларына арналған әдістемелік нұСҚаулар


Практикалық сабақ 4. Қазіргі қоғамдағы теңдік пен теңсіздікті бағалау



бет2/4
Дата18.10.2023
өлшемі112,4 Kb.
#118819
түріСеминар
1   2   3   4
Байланысты:
Семинар тапсырмаларына арналган нұскаулар

Практикалық сабақ 4. Қазіргі қоғамдағы теңдік пен теңсіздікті бағалау

  1. Стратификацияны зерттеудің әр түрлі бағыттарын салыстырыңыз, олардың ерекшеліктерін анықтаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).

  2. «Халықаралық деңгейдегі теңсіздік көрсеткіштері» тақырыбы бойынша топтық жоба (3-4 адаммен бірге отырып, топтарға бөліңіз) дайындаңыз, мысал келтіріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).



Практикалық сабақ 5. Өмір бойы жалғасатын әлеуметтену: институттар мен үрдістер.

  1. «Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үрдісіне әсері» тақырыбында презентация дайындаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).

  1. «Әлеуметтену агенттері» тақырыбын қарастырып, әлеуметтенудің әрбір агентін сипаттаңыз. Сіздің әлеуметтануіңіздегі оның рөлін талдаңыз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология).

  2. «Жеке адамдар «әлеуметтік тіршілік иелері» ретінде» тақырыбында эссе-баяндама жазыңыз.



Практикалық сабақ 6. Отбасы: типологиясы, қызметтері, тұжырымдар

  1. Отбасындағы гендерлік рөлдерді (іскерлік ойын әдісін қолдана отырып) талқылаңыз.

  2. «Отбасы қоғамның кішігірім жүйесі ретінде» тақырыбында презентация дайындау үшін модельді құру (дайындау алгоритмі: отбасыны қоғамның кішігірім жүйесі ретінде қарастырыңыз; негізгі құрылымдық элементтері мен қызметтерін сипаттаңыз; отбасыға әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды айқындап беріңіз).

  3. Отбасының рөлі мен маңыздылығының адам өмірінің әр түрлі кезеңінде өзгеруін қарастырыңыз және талдаңыз. Отбасыңыздың мүшелері негізінде қарастырыңыз.



Практикалық сабақ 7. Девианттылық және қылмыскерліктің әлеуметтанулық құрылымдары

  1. Дж. Ритцердің еңбектерін қолдана отырып, суицидтың негізгі түрлерін айтып беріңіз және талдаңыз.

  2. Сараптамалық шолу. Э. Дюркгеймнің «девиация әрбір қоғамның қалыпты құрамдас бөлігі» деген тұжырымына қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.

  3. Г.Тардтың еліктеу теориясы мен Эдвин Г. Сазерландтың дифференциалдық ассоциация теориясының негізгі идеяларын түсіндіріңіз. «Әлеуметтік орта адамның девиантты мінез- құлқының қалыптасуына әсер етеді» деген тұжырыммен келісесіз бе?

Әлеуметтанулық сұрау негізінде алынған келесідей қорытындыны дәлелдеңіз немесе жоққа шығарыңыз: «Жоғары сыныпта қатарластар ішімдік пен нашаны қолдануға әсер етеді». (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология және т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет