Семинар тапсырмаларына арналған әдістемелік нұСҚаулар



бет1/4
Дата18.10.2023
өлшемі112,4 Kb.
#118819
түріСеминар
  1   2   3   4
Байланысты:
Семинар тапсырмаларына арналган нұскаулар




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


СЕМИНАР ТАПСЫРМАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



Практикалық сабақ 1. Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау

  1. Басты үш әлеуметтанулық бағыт тұрғысынан (құрылымдық, функционализм, қақтығыс теориясы, символдық интеракционизм) қоғамдағы кез келген құбылыс (спорт, кино, отбасы және т.б.) туралы эссе-негіздеме жазыңыз.

  2. Қазіргі қоғамды түсінудегі әлеуметтанудың рөлі туралы эссе дайындаңыз. «Әлеуметтанулық қиял» түсінігіне анықтама беріңіз (Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеуметтану негіздері, Гидденс Э. Социология). Қазіргі адамға неліктен «әлеуметтанулық қиялды» меңгеру мен әлеуметтанулық перспективаны көре алу маңызды екендігін түсіндіріңіз.

  3. Әлеуметтанулық қиялды бағыт ретінде қолдана отырып, қазақстандық және өзге қоғамдардағы баспанасыз адамдардың әлеуметтік жағдайын сипаттаңыз.



Практикалық сабақ 2. Әлеуметтанулық теориялардың даму кезеңдерін талдау

  1. Әр түрлі әлеуметтанулық мектептердің, ағымдардың, теориялық бағыттардың, негізгі идеяларын кесте түрінде салыстырыңыз, өкілдері мен олардың басты еңбектерін көрсетіңіз (О. Конттың, Г. Спенсердің, Э. Дюркгеймнің Библиографиялық очерктерін қараңыз (Ритцер Дж., Степницки Дж. Әлеуметтану теориясы, Ритцер Дж. Современные социологические теории).

Атақты әлеуметтанушы-теоретиктің (К.Маркс, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Г.Зиммель) ойы туралы баяндама жазыңыз. Негізгі жұмыстарын айқындаңыз және әлеуметтанулық теорияларының тұжырымдарын жазыңыз.


Практикалық сабақ 3. Әлеуметтанулы қ зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу.
1. Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырыңыз. Кесте құрыңыз.

  1. Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттап беріңіз. Әлеуметтанулық әдістердің (сұрау, бақылау, эксперимент, контент-талдау, статистикалық мәліметтерді талдау) ерекшеліктерін талдаңыз.

Әлеуметтанулық зертеудің бағдарламасын құру. Тақырып таңдау бойынша (дайындау алгоритмі: зерттеу сұрағын, болжамды айқындаңыз, ұғымдарды тұжырымдап беріңіз; іріктеу жиынтығын есептеңіз).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет