Семинар топтамасы павлодар облысы «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №36 мектеп-лицейі»



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата03.03.2017
өлшемі2,18 Mb.
#6366
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7

Зерттеудің объектісі:Ақкөл Жайылма жеріндегі Исабек ишан мен оның ұрпақтарының рухани құндылықтар мен

ғибаттық іс-әрекеті.

11


Зерттеудің дерек көздері: Тақырыпқа қатысты баспасөз материалдары мен жарыққа шыққан еңбектерден басқа

ауыл қарияларының, ел ағаларының, "атам зиратының шырақшысы Ерғали ағаның ауызша деректері



Зерттеу  әдістері:   Жоба   жұмысының   нәтижелі   мақсат   -     міндеттерінің   орындалуы   үшін   зертеудің   тарихилық,

шынайылылық, салыстырмалылық әдістері қолданылыды.



Зерттеудің жаңалығы: Таңдап алынған тақырып бойынша жүргізілген ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесінде

төмендегі нәтижеліктерді атап өтуге болады:

Біріншіден, Ақкөл Жайылма жеріндегі "атам зираты" аталған Исабек Ишан кесенелерінің мәселесі ғылыми жоба



ретінде зерттеу нысанына жаңаша тұрғысыдан тартылып отыр;

Екінші жаңашылдығы, тақырыпқа қатысты жарық   көрген материалдар тарихи талдау арқылы жоба жұмысына



тартыла отырып, Исабек Ишан кесенелерінің мәселесі бір жүйеге келтіріліп отыр;

Қорытынды

Этнографиялық   мәліметтерді,   археологиялық   қазба   материалдарын,   қазақ   шежіресін,   ғылыми   тұжырымдарды



жинақтай отырып, біз төмендегідей қорытындылар жасаймыз:

– Ақкөл-Жайылма жері – ұлан-байтақ қазақ жерінің табиғаты бай, көркем, қадірлі, қасиетті өлкенің бірі;



– Ақкөл-Жайылма – тіршілікке, мал шаруашылығына, адам өсіміне өте ыңғайлы, қолайлы аймақ;

– Ақкөл-Жайылма – тарихи өлке. Бұл жерден табылған тарихи жәдігерліктер, деректер оның ежелден тарихи орын



екенін дәлелдейді;

–   Ақкөл-Жайылма   жерінің   тарихи   ескерткіштері   тас   ғасырынан   бастау   алады.   Қараоба   төңірегіндегі   неолит



дәуірінің микролит пластиналары осыған дәлел;

–  Ақкөл-Жайылма   жерінің   ерте   көшпелілерге   тікелей   қатысы   бар.   Бұл   жердегі   бейіттер  мен  далалық   алқапта



кездесетін төбелердің көпшілігі оғыз-қыпшақ дәуіріне жатады;

– Ақкөл-Жайылма Алтын орда (ноғайлы) дәуірінде Шайбан (Сыбан, Шибан) ұлысының орталығы болғандығы



деректерден аңғарылады;

–  Ақкөл-Жайылма   ноғайлы   дәуірінде   үлкен,   дамыған   мәдениеттің,   жазба   дәстүрдің  орталығы   болды   деп  айта



аламыз;

– Қаражар ауылындағы қазақ зиратында тек көне дәуір емес, бертінгі ХVІІІ ғасырдың да ескерткіштері (Көлебе



батыр бейіті, т.б.) бар;

– Ақкөл-Жайылма маңында ірі қорғаныс жүйелерінің іздері сақталған. Бірнеше шақырымға созылған ор (Дуана



мен

 

Жаманкөлді



 

қосатын);

Осының бәрін ескере отырып, Ақкөл және онымен қатарлас Ақжар-Сасай өңірлерін табиғи және этнографиялық тарихи

парк ретінде жариялауды ойластырған жөн деп есептейміз.Орта ғасырлық деректерде Шайбан ордасы немесе Боз Орда

туралы мәліметтер кездескенде қазақ жерінің солтүстік 

алқабына қарай осындай тарихи орынның болғанын ескерген дұрыс. 



         Ақкөл-Жайылма – Шайбан сұлтандары билеген үлкен жұрттың кіндігі. Бұл мәселені одан әрі зерттеу қазақ

тарихына  қатысты көптеген мәселелерді қайта көтеруге  мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Боз Орда тарихына  қатысты

ғылыми зерттеулердің нәтижесі Орталық Азия тарихының тұтас бір кезеңіне жарық сәуле түсіретініне күмәніміз жоқ.

     Әр мұғалімнің аса маңызды міндеттерінің бірі әр оқушының бойындағы қабілетті, икемділікті көре білу болып табылады.

Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. Әрбір дарынды адам, еңбекке 

бейім, шығармашылык тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Осы қасиеттерді біз мектеп тарапынан  әр оқушының бойынан 

таба білуіміз қажет.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------

Екібастұз қаласы, №36 мектеп-лицейінің

бастауыш сынып  мұғалімі

Аманкелдиева  Шырын Аманкелдіқызы

Тәрбие сағаты

      Тәрбие сағатының тақырыбы:«Тәуелсіздік тірегім!»

      Тәрбие сағатының мақсаты:оқушыларға тәуелсіздік туралы түсінік беру.

Патриоттық,отаншылдық сезімін ояту, елін,жерін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау.

      Тәрбие сағатының көрнекілігі:ту,елтаңба,әнұран суреті,ҚР облыстарға бөлінген картасы,

стикер,буклет,шар,жалаушалар,АКТ,видеороликтер,патриоттық әндер.



Тәрбие сағатының барысы

      Музыка «Көк тудың желбірегені».Оқушылар қолдарында  жалаушалары бар ортаға шығады.

Мұғалім:

- Армысыңдар,оқушылар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тірегім!» атты  тәрбие сағатына  

қош келдіңдер!

Тәуелсіздік-ең басты  жеңісіміз.Осы Тәуелсіздікке биыл 25 жыл!! 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, 

нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер 

танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл 

бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

«Әнұран»

1-оқушы:/Даулетбайұлы Айдын/

12


Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

2- оқушы:/Елубаева Алуа/

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

3- оқушы: /Абен Амир/

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.

4- оқушы:/Сембиева Карина/

Бақытым - Республикам Қазақстан,

Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.

Саған жетпес құшағы әлемнің де,

Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Мұғалім:

-Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа 

толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.Олай болса сендерді осы Тәуелсіздік күнімен 

құттықтаймын!



Топқа бөлу(сынып оқушылары елтаңба немесе туды  таңдау арқылы 2 топқа бөлініп отырады).

    Мұғалім:

       Қазақ дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының 

басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. 



Видеоролик: «1991 жыл16 желтоқсан»

«Пазл»ойыны.(Топ оқушыларына кезек-кезек  сұрақтар қойылады,әр дұрыс жауапқа Қазақстан картасының бөлігі 

беріледі.Сол арқылы картаны құрастырамыз).

1)Біздің  мемлекетіміз қалай аталады?(Қазақстан Республикасы)

2)ҚР қандай мемлекет?(Тәуелсіз)

3)ҚР астанасы  қай қала?(Астана)

4)Мемлекеттік рәміздерді ата (Ту,Елтаңба,Әнұран)

5)Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қашан алды?(1991 жылы 16 желтоқсанда)

6)Тәуелсіздікке биыл неше жыл?(25 жыл)

7)Мемлекеттік тіл қандай?(қазақ тілі)

8)Қазақ батырларын ата (Бауыржан Момышұлы, Тұрар Рысқұлов,т.б)

9) «Патриот» деген кім?( өз елін сүйетін, Отаны үшін жанын беретін  адам)

10)Мемлекетіміз жер көлемі бойынша нешінші орында? (9 орын)

11)ҚР ақшасы қалай аталады? ( теңге)

12)ҚР тұңғыш президенті кім?(Назарбаев Н.Ә.)

13) Байрағымызды сипаттап бер.(көк түсті,ортасында күн бейнеленген,оның астында қыран бүркіт бар, сол жақ шетінде 

ұлттық ою орналасқан)

14)Егер мен әкім болсам...

Видеоролик: «Тәуелсіз Қазақстан»

Мұғалім:

-Балалар,біз не құрастырдық? (ҚР картасын)

-Дұрыс айтасыңдар,біз өз  ҚР жақсы көреміз бе? (Иә) 

-Олай болса, өз елімізге деген ізгі тілектерімізді айтайық.

 «Бала тілегі» (оқушылар құрастырылған картаға  жүректерге  жазылған тілектерді оқып,картаға жабыстырады).

Мұғалім:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста!

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата баба рухына.

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты өнегесі еңбегі,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі- дей келе бүгінгі  Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына  

арналған «Тәуелсіздік тірегім» атты  тәрбие  сағатымыз өз мәресіне де келіп жетті.



Хор «Атамекен»

Мұғалім: - Еліміз тыныш, жұртымыз аман, көңілдеріңіз көтеріңкі болсын. Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы 

болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын! 

Жеңілпаздарды анықтап,марапаттайды.

13


АТА-АНАЛАРМЕН  ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТЫҢ МАҢЫЗЫ

Екібастұз қаласы  №36 мектеп-лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі

Арабаева  Зауреш  Оралбекқызы

Жас мамандарға арналған практикалық семинар

  Сәлеметсіздер ме, әріптестер! Қош келдіңіздер ! «Ата-аналармен жұмыстың маңызы»

атты  семинарымды бастауға рұқсат етіңіздер.

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Шеңбер жасап тұрамыз. Ортада шаңыраққа бір

адам орындыққа шығып тұрады, қалғанымыз уықтарды ұстаймыз.  Өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтамыз. Мысалы:

мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын.... Барлығымыз айтып шығамыз.   . Міне сіздермен біз үлкен киіз

үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты әрқайсысымыздың   мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын

дегім келеді. 

Шаңырақтың түсі бойынша 4топқа бөлініп,   барлығымыз   жайғасайық.  «Шаңырақ» әдісі  арқылы психологиялық ахуал,

есімдер аллитерациясы және топқа бөліндік, яғни бір әрекетпен үш жұмысты жасадық.

Семинарымды Әль-Фарабидің ұлағатты сөзімен бастасам деймін:

  «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның

барлық өміріне апат әкеледі» 

«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі

мүмкін»  В.А.Сухомлинский 



Мақсаты: Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. 

Міндеттері: 

Ата-аналарды оқу тәрбие үрдісіне түрлі әрекеттер арқылы тарту.



Өнегелі видеорликтер көрсету

Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту-оқу жұмысын ұйымдастыру.



Ата-аналарды бірлескен әрекетке тарту.

Ата-аналарды этикалық кодекспен таныстыру



Ата-аналармен өткізілетін тренингтерді көрсету

Ата-аналар жиналысын сәтті өткізудің 10 құпиясын айту.  Ата - аналар жиналысы   - мектеп өміріндегі қажетті



атрибуттардың бірі екенін түсіндіру

       Сынып жетекшісінің ата – аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны 

мен   міндеттерін   айту.  В.А.   Сухомлинский   оқушылардың   ата   –   аналарымен   жұмыс   істеудің   мазмұнына   ерекше   назар

аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты

беруі мүмкін», — дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын

жасайды.   Сондықтанда   педагогикалық   әрекетте   мектептің   жалпы   міндеттерінің   көлемінің   кеңдігіне   қарамастан   ата   –

аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері мынандай :

1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату.

2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.

3. Ата–аналар ұжымын құру.

4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру..

  Ата–аналармен атқаратын жұмыстарда сынып жетекшісінің қызметі:

14


1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру.

2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.

3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.

4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.

5.   Ата-аналар   белсенділерімен   жұмыс   және   ата-аналардың   әртүрлі   қоғамдық   ұйымдарымен,   жұртшылықпен   өзара

әрекеттесуі.

 Ата-аналарымен байланыс жасау кейбір жолдары:

1.Оқушының жанұясына барып тұру 

Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудіңің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз

оқушының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. 

Ата-аналарымен   және   жанұяның   басқа   мүшелерімен   әңгімелескенде   сынып   жетекшісі   оқушының   мінезі,   қызығуы   мен

икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады 

2.Хат алмасу 

Кейбір   сынып

  жетекшілері   ата-аналармен

  хат   жазысып

  тұру   түрін   қолданады.

 

Хат



 

арқылы


 

оқушысының

 

үлгерімі


 

мен


 

тәртібі


 

туралы


 

хабарлап


 

тұрады.


 

Кейде хат жазғанда ата-аналардан жанұя тәрбиесіндегі қиындықтар туралы сұрауға, бала тәрбиесі жөнінде олар қандай

әдебиеттер  оқитынын  біліп,  ол   жөнінде  тиісті   жаңа  кітаптар  ұсынуға  болады.   Ата-аналармен хат  жазысуға   оқушының

күнделік дәптері пайдаланылады. Сынып жетекшілері онда оқушының оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысы, тәртібі туралы

қысқаша жазып отырады. 

3.Сыныптық ата-аналар жиналысы. 

Бұл-сынып

 

жетекшісінің



 

жанұямен


 

байланысының

 

аса-маңызды



 

бір


 

түрі.


 

Сыныптағы   оқу-тәрбие   жұмысының   жайымен   және   міндеттерімен   ата-аналарды   таныстырып   отыру   үшін   мұндай   оқу

жылының   басында   және   әрбір   тоқсанның   аяғында   өткізіледі.   Олардың   мақсаты   ата-аналарды   нақтылы   педагогикалық

біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады.

Біз, сынып жетекшілері ең бірінші өзіміздің жетекшілік етіп отырған сыныбымыздың ата-аналарына арнаған педагогикалық

білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек.



4. Кездесулер

 Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Кейде оқушы өзін

жақсы   ұстайды,   жақсы   оқиды,   бірақ   ол   сыныптан   тыс   шараларға,     қандай   да   бір   қоғамдық   пайдалы

жұмысқа,т.б.қатыспайды.  

Баланың белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек. Ата-

аналар   мектеп   мұғалімдерімен   кездесіп   отыру   өте   қажет.   Ол   кездесулер   мектеп   пен   жанұя   арасында   тығыз   байланыс

орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.

                   Әр топқа жағдаяттан шығуға тапсырмалар берілді:

Жағдаяттардан шығу

1-топқа:

«Мен   сөйлескім   келген   кезде   сен   ешқашан   маған   көңіл   бөлмейсің.   Сен   бірде   тігіп   жатасың,   бірде   теледидар   қарап

отырасың, бірде кір жуып жатасың, яғни ешқашан маған көңіл бөлмейсің. Сен әрдайым бос емессің. Мен саған кесел сияқты

болып көрінем.  Мен сенімен сөйлескен уақытта ешнәрсе жасамай тыңдағаныңды қалаймын.»



2-топқа:

«Сіздер ешқашан үй тапсырмасын орындауға көмектескен емессіңдер, менің қалай оқып жүргеніме көңіл бөлмейсіңдер,

сондықтан менің бағаларым нашар.»

3-топқа:

Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр.

Сіздің әрекетіңіз?

4-топқа:

Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, тамақ істелмеген, сіздің айтып

кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?

Эмато   Масарудің   «Күрішті   зерттеу»,   «Әке,   мен   сенің   1   сағат   уақытыңды   сатып   алайыншы»    видеоролигтерін

көрсетіп, жас мамандардың пікірін тыңдау.  Осы видеороликтерді ата-аналар жиналысында  көрсетіп,  балаға көп ықылас,

көңіл бөліп, жақсы сөздер айту  керек екендігін маңыздылығын  айту.

Жағдайлы   бір   отбасы   баласын   ешкімнен   кем   өсіргісі   келмей   барлық   жағдайын   жасайды.   Қазіргі   заманның   озық

технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының

бәріне  қанағаттанбай,  күнде  ата-анасының  жұмысқа   кетпеуін   өтінеді.   Ата-анасы  жұмысқа   бармаса  болмайтынын,   ақша

табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.Бала сол

күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының

бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.

— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.

Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті.  (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының

әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.

 «Серпілген сауал» әдісі

Мақсаты: Отбасындағы қарым –қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету

үшін төмендегідей сұрақтарды қоюға болады. 



Қызықты сұрақтар

 

   /доп беру арқылы ата-ана жауап береді/:

1.     Балаңыздың туған күні?

2.     Сынып жетекшіңіздің толық аты жөні?

3.     Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

4.     Балаңыздың сүйікті асы не?

15


5.     Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6.     Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7.     Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?

8.     Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

9.     Балаңыз қай пәнді ерекше қызығушылық танытып ұнатады?

10.Балаңызға орыс тілі пәнінен кім сабақ береді?

11.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

12.ҰБТ дайындалуға балаңыз күніне неше сағат жұмсайды?

Бұл жай сұрақтар арқылы ата-ана баласына қаншалықты жақын екенін анықтауға болады.

Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз: 

1. Сынып жетекшісі; 

2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда); 

3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 

4. Әлеуметтік педагог; 

5. Мектеп басшысы. 

Ата-ананы да осындай жүйеге үйретіңіз. 

Егер   балаңы   айтқаныңызды   тыңдамайтын   болса,   онда   ұстазымен,   психолог   маманымен,   дәрігермен   кеңесіңіз.   Халық

даналығында:

 

«Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты



нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.

«Жақсы-жаман болса бала солардан,- деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне

байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата-аналар сіздерге байланысты»,-  деп

ата-аналарға түсіндіріп айтып кетуге болады.

 Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі  - баланың ата-анасын     ардақ тұтып, өзінің перзенттік

қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен,

адамшылығының белгісі. Бала – ата- ана өмірінің жалғасы.   

  Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Жазушы  – педагог Ж.Аймауытов:  «Баланы

тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш

келеді. »

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден жұрдай қасқа боп

Кешкенің өмір босқа тек - дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.

Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім,

тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана.

         Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін 

жетілдіру,   мәдениетін   арттыру,   бала   тәрбиесіне   белсене   араластыру,   соның   нәтижесінде   ата-ананы   баланың   алғашқы

ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.

          Қорыта айтқанда, отбасылық қарым-қатынастың негізінде үнемі балаға қамқорлық көрсетіп, ол отбасы мүшесі, оның

пікірі мен көмегі үлкендерге қажет деген сенімін қалыптастыру қажет. Халық даналығына назар аударсақ, ол былай дейді:

«Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң – онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң – онда ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді

ойласаң   онда   бала   тәрбиеле».   Тәрбие   ешқашан   үзіліс,   демалыс   күндерді   білмейді.   Ендеше,   ата-аналар   қолымыздағы

алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық ,- деп ата-

ааналар жиналысында айту керек.

 Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс

істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Ата – ана, мектеп, оқушы үшеуі  берік болса, алынбайтын қамал жоқ.

Рефлексия   жасау.   «Өрмекшінің   өрмегі»   әдісі   арқылы   жас   мамандар   бүгінгі   семинардан   алған   мәліметтерін,   әсерлерін

қорытады. Кері байланыс парақшалары арқылы өз ойларын жазады.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

Екібастұз қаласы,  №36 мектеп-лицейінің

ағылшын тілі пәні мұғалімі

Асанова Әсел Серікханқызы

Ақпараттық   –   коммуникациялық   технологиялардың   (АКТ)   дамуы   білімді   бағалау   және

пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда

қолданылатын   әдіс-тәсілдер,   әдістемелер,   технологиялар   жаңартылып   отырады.   Ал,   білікті

мұғалім үшін теориялық және тәжірбиелік білімдер өзара тығыз байланыста болуы керек.

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып

отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық

технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.

Сондықтан мен   проблемалық тақырыбымды «оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге

деген қызығушылығын арттыру және білім сапасын көтеру» деп алдым.

Негізгі көздейтін мақсатым:

Жаңа технологияны кеңінен қолдана отырып, оқушылардың коммуникативті қабілеттерін дамыту;

Теориялық білімді тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрету.

16


Міндеттері:

Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Қызығушылықты оятады

Сабақ беру әдісі өзгереді

Оқушылар ізденуге үйренеді

Уақыт тиімді пайдаланылады

Оқушылардың даму деңгейін үнемі бақылап отырамыз

Тыңдау, жазу, сөйлеу, оқу біліктіліктері артады.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда тәуелсіз еліміздің болашағы – жарқын, білімді, парасатты, өз

ана тілімен бірге шетел  тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш

тілде  еркін  сөйлейтін   азамат  болып   шығуы  керек  деген еді.   Ағылшын   тілі   – бүгінгі  заманымыздың  кілті,     ғылымның

халықаралық тілі екені белгілі. Әр түрлі саладағы жаңалықтар баспа бетіне осы тілде жарық көреді. 

Поляк   педагогы   В.   Оконь   оқыту   құралдарын   мұғалімнің     іс-әрекетін   ауыстыру   мен   білім   алушылардың   әрекетін

автоматтандыру мүмкіндігінің өсуіне байланысты жіктейді. Осыған сәйкес, оқыту құралдары екі топқа бөлінеді: жай және

күрделі.   Жай  құралдар:   сөздіктер,   оқулықтар   және   басқа   да   мәтіндер;   қарапайым   визуалды   құралдар:   нақтылы   заттар,

суреттер.   Күрделі   құралдар:   аудио   құралдар:   магнитафон,   радио,   музыка   ойнатқыш;   аудиовизуалды:   дыбысты   фильм,

телевизор, бейнежазба; оқыту процесін автоматтандыру құралдары: мультимедиялық  кабинет, компьютерлер, ақпараттық

жүйе, телекоммуникациялық  жүйе. Бұл технологияларды әсіресе шет тілін үйренуде  пайдасы өте зор. Себебі, тіл үйрену

арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен әлеуметін қатар үйренеді. Ал оны толықтай меңгеру үшін оқулықтың аздық

етері   анық.   Адам   көру,   есту   арқылы   тіл   қолданушылардың     мәдениетін   тезірек   сезінеді.   Яғни,   өзінің   де   сол   тілді

меңгергендердің қатарына қосылуы әбден мүмкін. 

Ағылшын тілі сабағында лингафон кабинеті мүмкіндігін пайдалану:

• лексиканы оқып үйренуге;

• сөйлеу ырғағын;

• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;

•грамматикалық құрылымдарды түсініп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

Көбіне   мен   ағылшын   пәнінде   лингафон   кабинетінің   мүмкіндіктерін   жаңа   сабақ   түсіндіргенде,   грамматикалық

құрылымдарды   өткенде   және   қорытынды   сабақта   қолданамын.     АКТ-ның     керемет   мүмкіндіктері   оқушыларды   таң

қалдырады,   шабыттандырады.   Сонымен   қатар   АКТ-ны     қолдана   отырып,   жаңа   материалдарды   түсіндіруге,   меңгеруге

қолайлы; берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер

туғызады.

АКТ-ны пайдалануда сабақтың мынадай ерекшеліктері бар:

- Мұғалім оқушыға сұрақ қойып, тез арада оқушы оған жауап береді;

- Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді;

- Сыныптағы оқушылардың барлығынан жауап алуға болады және алған білімдерін тәжірбиемен ұштастырады;

Ақпараттық-коммуникациялық   технологияларды   әдістемелік,   дидактикалық,   педагогикалық   және   психологиялық

принциптердің тұтас  комплексін жүзеге асыруға  көмектеседі, таным  процесін қызықты  және  шығармашыл  етеді, әрбір

оқушы   үшін   жеке   дара   жұмыс   қабілетін   ескеруге   мүмкіндік   береді.   Жаңа   технологияларды   практикада   қолдану

оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жаңа түрін ашады, нәтижесінде жаңа білім ашылады, оқушылардың

танымдық белсенділігі дамиды, білімді өз беттерінше толықтырады, ақпараттар ағымында іздеу және бағдарлауға үйренеді.

Жаңа технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолдану тәжірибесін талдай отырып, мынандай қорытынды жасауға

болады: оқыту сапасы артады, тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді, ақпараттық кеңістікте адаспайтын, ақпарат

мәдениетін жетік білетін тұлға болып қалыптасуына көмектеседі, тіл тосқауылының  кедергілері азаяды.

Әрине   қазіргі   оқушылар   кітапханаға   барғаннан   гөрі   интернетпен   жұмыстануға   көбірек   қызығушылық   танытады,   заман

талабына сай жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологиялардың

бар мүмкіндіктерін пайдаланып, оны өмірлік қажеттіліктеріне қарай пайдаланатын ұрпақ тәрбиелеуде АКТ таптырмайтын

тәсіл   болып   қала   бермек.   Сабақта   қолданылатын   ақпараттық   технологияның   бірі–   интерактивті   тақта.   Интерактивті

тақтаның  сабақ үдерісінде оң нәтижеге жету үшін тигізетін әсері ерекше.  

АКТ-ны ағылшын тілі  сабақтарында қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, логикалық

ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, техникалық құралдармен

жұмыстануға, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға болады. Жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық

технологияны пайдалану – сапалы білімнің кепілі, шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің

тура жолы.

8-9  сыныптармен   бірлесе,   сабақтан   тыс   «Cinderella»  тақырыбындағы   қойылымда     оқушыларымның   қойылымды   жақсы

түсінулері үшін  өздеріне интернеттен, DVD дискілерден қарап, ізденіп келулеріне, сонымен бірге әр бөлімнің музыкаларын

тауып  келулеріне  тапсырма бердім. «Cinderella»   ертегісін ағылшын тілінде видеосын көру арқылы сюжеті талқыланып

сцеарийі жазылды. Нәтижесінде оқушыларым берілген өз рөлдерін жақсы сомдап шыға алды деп ойлаймын.

Мұғалім   үшін   педагогикалық   технологияны   игеруі;   сабақ   уақытын   тиімді   қолдану,   білімнің   тереңдігі,   жиелік

қауымдастыққа, әлемдік ақпараттық кеңістікке шығу.

Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде

ғана,   өз   пікірін  айта   алатын,   оны   дәлелдей  білетін,   өмірге   деген  өзіндік   көзқарасы   қалыптасқан,   үнемі   ізденіс   үстінде

болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын

жан-жақты   жетілген   жас   ұрпақ   өкілдерін   дайындай   аламыз.   Әлемнің   озық   елдері   арасында   Қазақстанның   білімді

жастарының орны ерекше болып шарықтай берсін.

17



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет