Семинардың бағдарламасы 8 бөлімнен тұрды. «Кітапхана ақыл-білім ордасы» тақырыбында мектеп директоры А. Есім



жүктеу 316.2 Kb.

бет1/3
Дата09.01.2017
өлшемі316.2 Kb.
түріСеминар
  1   2   3

Жуырда  Бестам  ауылындағы  №205 

қазақ  орта  мектеп  кітапханасында 

а у д а н ды қ   б і л і м   б ө л і м і н і ң   ә д і с к е р і 

Ж.Ысқақованың жетекшілік етуімен мек-

теп кітапханашыларының арасында семи-

нар болып өтті. «Мектеп кітапханасының 

оқу-тәрбие  процесіндегі  рөлі»  атты 

тақырыпта өткен семинардың мақсаты – 

оқырмандарды ақпараттық сауаттылыққа 

тәрбиелей отырып, ақпараттық қоғамдағы 

кітаптың рөлін көтеру болып табылады. 

Семинардың бағдарламасы 8 бөлімнен 

тұрды. «Кітапхана – ақыл-білім ордасы» 

тақырыбында  мектеп  директоры  А.Есім 

Бестам  ауылы  жайлы  және  кітапхана 

меңгерушісі Зина Смайылдың еңбек жо-

лымен таныстырып жаңалыққа жаны құмар 

жан екенін, биылғы жылдың ақпан айын-

да  Астана  қаласында  Н.Назарбаевтың 

тұңғыш  кітапханасында  болып  «Әлемді 

өзгертетін идеялар» тақырыбында өткен 

семинарға  оқушымен  барғандығын  ай-

тып өтті. 

Кітапхана  меңгерушісі  З.Смайыл          

коучинг  сабағын  өткізді.  Коуч  дегеніміз 

– ағылшын сөзінен алғанда сұрақ-жауап 

арқылы белгілі бір проблеманың шешімін 

табу деп түсінік берсе, 3 топқа бөлініп әр топ 

плакат арқылы өздерінің постерін қорғап 

шығып, психологиялық тренинг, концерттік 

бағдарламалармен қорытындыланды. 

Ш а р а   со ң ы н д а   а у д а н д ы қ   б і л і м 

бөлімінің  әдіскері  Ж.Ысқақова  семи-

нардан  жақсы  әсер  алғандарын,  келген 

қонақтарды  сабаққа  енгізу  мақсатында 

плакат арқылы сөйлете білгенін, бұл се-

минар жаңалықтың жаршысы екенін айта 

келіп, келген әріптестерінің де көңілдерінен 

шыққанын  №46, 127, 158 мектептердің 

кітапханашылары  да  коучинг  сабағын 

ұнағанын айтып, жылы лебіздерін білдірді. 

Семинарға қатысып атсалысқан барлық 

мектеп кітапханашыларына аудандық білім 

бөлімінің алғыс хаттары тапсырылды.



Қ.ЖИДЕБАЙ.

Шиелі аудандық 

қоғамдық-саяси газет

№87 (8438) 5 қараша, 

 сенбі, 2016 жыл

Газет 1939 жылдың 

19 наурызынан бастап шығады

ЕСЕП


Есепті  жиынды  Қызылорда  облыстық 

к ә с і п к е р ле р   п а л а т а с ы н ы ң   д и р е к т о р ы 

Ғ.Жақсылықов  ашып,  жүргізіп  отырды.  Ал-

дымен  мінберге  аудан  әкімі  Қ.Сәрсенбаев 

көтеріліп,  Шиелідегі  кәсіпкерліктің  ахуалын 

сөз  етті.  Жуырда  ғана  даңғайыр  диқан,  екі 

мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жақаевтың 

125 жылдығы ауданымызда жоғарғы дәрежеде 

өткізілгенін  тілге  тиек  етіп,  көпшілікті  ел 

тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады. 

Сонымен қатар, жыл басынан бері кәсіпкерлік 

саласындағы  атқарылған  жұмыстарға 

тоқталды.

–  Биылғы  жылдың 9 айында  аудан-

да  кәсіпкерліктің 4645 субъектісі  тіркеліп, 

онда 7269 адам жұмыспен қамтылып отыр. 

Өткен жылғымен салыстырғанда кәсіпкерлік 

субъектілерінің  тіркелуі 7 пайызға  өссе, 

жұмыспен қамтылғандардың саны 7,9 пайызға 

артқан, – деген  аудан  басшысы  үстіміздегі 

жылға арналған аудандық бюджет несиелерді 

қоса есептегенде 11 млрд. 467 млн. теңгені 

құрағанын және өнеркәсіп орындары 9 айда 

19 млрд. 118 млн. теңгенің өнімін өндіргендігін 

айтып өтті. Сондай-ақ, өңір басшысы Шиеліде 

балық шаруашылығының өркен жайып келе 

жатқандығын, биыл ғана ашылған шұбат өңдеу 

цехы  халыққа  сапалы  әрі  табиғи  таза  өнім 

ұсынып отырғандығын жеткізді. 

Сөз жоқ, Шиеліде ауданымызды өркендету 

мақсатында  атқарылып  жатқан  жұмыстар 

ұшан-теңіз.  Индустриялдық-  инновациялық 

дамыту  бағдарламасы  арқылы  ауданға 

шетелдік кәсіпкерлер және өңір кәсіпкерлері 

арқылы  инвестициялар  тартылып,  инду-

стрияландыру  картасы  аясында  және  кар-

тадан  тыс  инвестициялық  жобалар  жүзеге 

асырылуда.  Биылғы  жылдың  өзінде  бүгінгі 

күнмен алғанда индустриялдық-инновациялық 

даму  бағдарламасы  бойынша  ауданымыз-

дан жобалық құны 465 млн. теңгенің 4 жоба-

сы ұсынылып аймақтық үйлестіру кеңесінде 

мақұлданып,  оң  қорытындыға  ие  болды. 

Көңілге қонымды жұмыстардың қатарына ин-

дустриялды  аймақтағы  атқарылып  жатқан 

шараларды қосуға болады. Аталған аймаққа 

«Мия  Шиелі»  ЖШС  мия  тамырын  өңдейтін 

зауыт соғылған. Бұл серіктестіктің мия өңдеу 

зауытына 5 гектар  жер  телімі  берілген.  Ин-

дустриялды  аймақтағы  жұмыстарды  жан-

дандыру  мақсатында  бірқатар  шаралар 

атқарылуда.  Сондай-ақ, «DANAKE» корпо-

рациясы» ЖШС-ның жобалық құны 64 млрд. 

теңгенің цемент шығару зауыты құрылысының 

жобасы.  Жылдық  қуаттылығы 1 млн.  тон-

на цемент өндіру. Жаңа жұмыс орнымен 100 

адам қамтамасыз етілу жоспарлануда. Іске 

асырылу мерзімі 2015-2018 жылдар. Шиелі 

кентінің  шығыс  бөлігінен 46 га.  жер  телімі 

(сауда-саттықсыз) табысталды. «Алтын күз» 

мерекесінің қарсаңында зауыт ғимаратының 

іргетасын  ашу  жұмыстары  жүргізілді.  Бұл 

шараға елімізге белгілі мемлекет және қоғам 

қайраткерлері мен облыс басшылары қатысты. 

Ауылшаруашылығын  дамыту  бағытындағы 

қыруар жұмыстардың арқасында облыс бой-

ынша  бірінші  орынды  алдық.  Аудан  әкімі 

осы  негізде  хабарлама  жасап,  бірлік  бар 

жерде  береке  болатынын  айтып,  жиылған 

жұртшылықты тәуелсіздіктің 25 жылдығымен 

тағы бір мәрте құттықтады.

Сонан  кейін  күн  тәртібіндегі  негізгі 

мәселе  бойынша  аудандық  кәсіпкерлер 

палатасының  директоры  Р.Нысанханов 

есеп  беріп,  филиалдың  өңірдегі  атқарып 

отырған  жұмыстарын  саралады.  Ол  алды-

мен ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2016-

2018 жылдарға арналған даму стратегиясын-

да көрсетілген 5 басым бағыт жайлы айтып 

өтті.  Сонымен  бірге,  аудандық  филиалдың 

жұмыстарын екшелеп, жеке-жеке тоқталды. 

Аудандық кәсіпкерлер палатасының дирек-

торы Р.Нысанхановтың мәліметіне сүйенсек, 

кәсіпкерлерді қолдау орталығы арқылы 640 

адамға  мемлекеттік  бағдарламалар  тура-

лы  кеңес  берілген.  Сервистік  қолдау  бой-

ынша  бухгалтерлік,  салықтық  есеп  жүргізу, 

сондай-ақ,  статистикалық  есептілікті  жа-

сау  және  заң  қызметін  көрсету  бойынша 

90  кәсіпкерге  қызмет  көрсетілген.  Халықты 

кәсіпкерлік  негіздеріне  оқыту  мақсатында 

наурызда 27, мамырда 38, тамызда 21 

адамға  «Бизнес-кеңесші»  жобасы  асында 

кәсіпкерлік негіздері оқытылды. Нәтижесінде 

22  азамат  өз  істерін  бастап,  кәсіпкерлікпен 

айналысуда.  Филиал  басшысы  баянда-

масын  осындай  мәліметтермен  сабақтап, 

мемлекеттік  бағдарламалар   аясында 

кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдауларға, 

тауар өндірушілердің каталогына, өңірлік даму 

картасына,  дуальді  оқытуды  ұйымдастыру 

жұмыстарына тоқталды. 

Мінберге аудан прокуроры Х.Жұмағұлова 

көтеріліп,  кәсіпкерлік  палатасымен  бірге 

атқарған жұмыстары туралы хабарлама жа-

сады. Прокурор ханым ауыл-ауылды аралап, 

халыққа  несие  алып  беремін  деп  тұзағына 

түсіретін алаяқтардан сақтануды ескерткенін, 

кәсіпкерлікті қорғау үшін заңсыздықты бол-

дырмау  мақсатында  бірқатар  жұмыстар 

атқарылғанын тілге тиек етті. Тіпті, аудандық 

кәсіпкерлер палатасында прокурор кабинетінің 

ашылғандығын жеткізді. 

Аудандық  кәсіпкерлер  палатасының 

жанынан  құрылған  кәсіпкерлер  кеңесінің 

төрайымы П.Маханбет 9 айдағы шаруалар-

ды негізге алды. Жалпы, кәсіпкерлер кеңесінің 

10 мүшесі бар. Жыл басынан бері кеңестің 3 

рет отырысы өткен. Кеңес отырысында аудан 

кәсіпкерлерін алаңдатып жүрген мәселелер 

талқыланады. Кеңес төрайымы мемлекеттік 

бағдарламалар  аясында  жеңілдетілген  не-

сие  алғандардың  жұмысы,  Шиелі  ауданын 

газдандыру,  кәсіпкерлік  нысандарға  ауыз-

су беру бағалары, мүгедектерге кәсіпкерлік 

нысандарда  кедергісіз  орта  қалыптастыру 

с ы н ды   м ә с е ле ле р д і ң   к ө т е р і л г ен д і г і н, 

нәтижесінде салалық мекемелерге ұсыныстар 

енгізілгенін сөз етті. Жиынды жүргізіп отырған 

облыстық  кәсіпкерлер  палатасының  дирек-

торы  Ғ.Жақсылықов  кәсіпкерлікке  қатысты 

аймақ көлеміндегі жұмыстарды саралап, қай 

жұмысты болсын ынтамен жасау қажеттігін, 

адал еңбек қана табысқа бастайтынын сенімді 

түрде айтты. 

Шиелілік кәсіпкерлердің де бағындырған 

белесі  бар.  Атап  айтқанда,  Қызылорда 

қаласында  өткізілген  «Қазақстанның  үздік 

тауары» атты облыстық конкурста «Ең үздік 

өндіріс тауары» аталымы бойынша КНК «Ке-

микал»  ЖШС 1-ші  орынды  алса, «Ең  үздік 

халық  тұтынатын  тағам  өндірісі»  аталы-

мы бойынша жеке кәсіпкер С.Ермахановтың 

«Ару ана» шұбаты 3-ші орынды жеңіп алды. 

Ал, республикалық деңгейде өтізілген      «Са-

уда  үздігі»  республикалық  байқауында  ау-

данымыздан  Ә.Шорабаевтың  «Әбдіманап 

базары»  ұсынылып, «Үздік  базар»  аталы-

мы  бойынша 3-ші  орынды  иемденді.  Жыл 

басынан  бері  аудан  көлемінде  «Шұғыла 

АӨК», «Қызмет», «Ы.Жақаев-Агро»  сияқты 

егін  бағытындағы  және  түйе  сүтін  өңдеу 

мақсатында «Шиелі төрт түлігі» деп атала-

тын төрт бірдей ауылшаруашылық өндірістік 

кооперативі құрылған. 

Шара  соңында  бірқатар  кәсіпкерлер 

мен  шаруашылық  төрағаларына  облыстық 

кәсіпкерлер палатасының басшысы Ғ.Жақ сы-

лықовтың алғыс хаты табысталды.

Азиз БАТЫРБЕКОВ.

Суретті түсірген 

Бақытжан БӘЙІМБЕТ.

Аудан орталығындағы «Ар-

ман» мәдениет үйінде өңірдегі 

кәсіпкерлердің басын қосқан 

келелі жиын өтті. Шара бары-

сында аудандық кәсіпкерлер 

палатасының директо-

ры Р.Нысанханов есеп беріп

филиалдың өңірдегі атқарып 

отырған жұмыстарын саралап өтті.

АДАЛ ЕҢБЕК ТАБЫСҚА БАСТАЙДЫ

4-БЕТ

3-БЕТ


2-БЕТ

Ресей Федерациясының Татарстан            

республикасында белбеу күресінен өткен 

әлем біріншілігінде 62 келі салмақта сынға 

түскен жерлесіміз Райымбек Рантаев күміс 

жүлдемен оралды. Әлем алдында қазақ 

елінің абыройын асқақтатқан палуанды ау-

дан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, 

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 

басшысы Ә.Оспанов бастаған азаматтар мен 

шиелілік жастар салтанатты түрде күтіп алды. 

СПОРТ

БЕЛДЕСКЕНДІ 

БЕЛДЕСКЕНДІ 

АЛЫП ҰРҒАН 

АЛЫП ҰРҒАН 

РАЙЫМБЕК! 

РАЙЫМБЕК! 

Алмасбек  Әбілқасымұлы  палуанды  жеңісімен 

құттықтап, «Райымбек батырдай қайсар, рухты бол» 

– деп, сәттілік тіледі. Вокзал маңына жиналған жас-

тар «Райымбек чемпион» деп ұрандатты.  Тәуелсіз 

елдің Райымбек батыры жерлестеріне ризашылығын 

білдіріп, келесі жылы бірінші орынды жеңіп алуға 

уәде берді. Сөзі нық, нағыз қазақ жігітіне тән ерлік 

көрсеткен палуанымызды барша шиеліліктердің аты-

нан жеңісімен құттықтаймыз. Жарайсың, алға, Рай-

ымбек!

Г.СӘБИТҚЫЗЫ.

СЕМИНАР


Кітапхана 

– мәдени-

ағартушылық ме-

кеме. Кітапхана 

ақыл мен 

парасаттың орда-

сы. Онда баспасөз 

шығармаларын жи-

нау, сақтау, на-

сихаттаумен, 

оқырмандарға 

баспасөз 

шығармаларын 

берумен, мәдени-

ағарту және 

ғылыми-көпшілік 

жұмыстарды 

ұйымдастырумен 

шұғылданады. 

КІТАПХАНА – 

МӘДЕНИЕТТІҢ БАСТАУЫ

Дала  академигі,  екі  мәрте 

Социалистік  Еңбек  Ері  болған 

Ы б ы р а й   Ж а қ а е в т ы ң   1 2 5 

жылдығы  аясында  өткізілген 

ш а р а л а р   б ү г і н д е   б а р л ы қ 

бұқаралық ақпарат көздерінде 

айтылып, жазылып та үлгерді. 

Сондай маңызды шаралардың 

бірі – аудандық  ішкі  саясат 

пен «Алтын дән-Шиелі» шаруа 

қожалығының  ұйымдас тырған 

шығармалар  бай қауы.  Даңқты 

диқан, мемлекеттік сыйлықтың 

иегері  Ы.Жақаевтың  өнегеге 

толы өмірі мен еңбегін жастарға 

ү л г і   е т у ,   е ң б е к к е   ш а қ ы р у 

мақсатында өткізілген байқауға 

барлығы жиырмаға жуық үміткер 

қатысқан.  Өткен  аптада  аудан 

әкімінің  мәжіліс  залында  осы 

байқаудың  қорытындысы  жа-

рияланып,  жеңімпаздар  мара-

патталды. Аудан әкімінің орын-

басары А.Есмаханов байқауға 

қатысушыларды  жүлдесімен 

құттықтай келе, – Ы.Жақаевтың 

есімі  әлемге  еңбегімен  таныл-

ды, «Әлемнің әміршісі – еңбек» 

дегенді айтып, жастарға жалқау 

болмауды,  білімге,  ғылымға 

бет  бұрып,  әрқашан  еңбекке 

ұмтылыңдар, – деді.  Байқау 

қ о р ы т ы н д ы с ы м ен   № 1 4 9 

«Қызылту»  орта  мектебінің 

оқушысы А.Болатқызы жүлделі 

І  орынды  иемденсе,  ІІ  орын 

әріптесіміз А.Назароваға бұйыр-

ды. Ал, ІІІ орынды М.Ибрашев 

пен  М.Сапаров  өзара  бөлісті. 

А.Ай туарова мен Г.Дүйсебаева 

ынталандыру  сыйлығын  місе 

тұтты.  Жеңімпаздарға  аудан 

әкімінің алғыс хаты мен дипло-

мы табысталды. 

Қайрат ИСМАИЛ.

Сурет Б.БӘЙІМБЕТТІКІ.

БАЙҚАУ


Қос тойы қабат келген 

шиеліліктер «Алтын күз-

2016» мерекесін дүркіретіп 

өткізді. Республикамыздың 

түкпір-түкпірінен келген 

қонақтар ауданымыздың 

өсіп-өркендеуі мен да-

муына қызыға да қызғана 

қарап, таңғалысты. Дабы-

сы республикаға тара ған 

торқалы тойға қазақ еліне 

ғылым, мәде ниет, спортта та-

нымал тұлғалар Д.Кішібеков, 

А.Жұмаділдаев, Т.Әбдік, 

Қ.Салғарин, А.Жағанова, 

И.Әбішев, Ә.Бәкір, Ж.Ерман, 

С.Балғабаев, Н.Жүсіп, 

Қ.Түменбай, Д.Тұрлыханов 

қатысты.

ДАҢҚТЫ ДИҚАН 

ШЫҒАРМАЛАРҒА АРҚАУ БОЛДЫ

МАРАПАТ

ЖАҚАЕВ 


ЖАҚАЕВ 

МЕДАЛІ 


МЕДАЛІ 

ЖАРҚЫРАЙДЫ

ЖАРҚЫРАЙДЫ

Екі  мәрте  Социалистік  Еңбек  Ері  Ыбырай 

Жақаевтың 125 жылдық  мерейтойынан  кейін  

аудан  әкімдігінің  мәжіліс  залында  жиын  өтті. 

Онда аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев еңбек 

ардагерлері Болат Медетбеков, Жақсылық Ах-

метов,  Жүзен  Қоңқаевты  мерекелік  «Ыбырай 

Жақаев» медалімен марапаттады.

Осындай мерекелік медальдарды аудан әкімінің 

орынбасарына, сот төрағасына, аудан прокурорына, 

ішкі істер бөлімінің басшысына, «Әбдіманап базары» 

директорына, Қарғалы ауылдық округінің әкіміне және 

бірнеше бөлім басшыларына табыстады.

Сондай-ақ,  ауыл  шаруашылығы  саласының 

ардагері  Аманжол  Ермағанбеттің  кеудесіне  ауыл 

шаруашылығы  қызметкерлерінің  салалық  кәсіптік 

одағының 1-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін 

тақты.

Д НЕРДІ  Д МІ 

НЕМЕСЕ АТАЛҒАН 

ТАҒАМ НЕГЕ 

ТАЛАПҚА САЙ 

ҰСЫНЫЛМАЙДЫ?

«МАМЫ ТЫ » 

МАМЫ ТАРЫ

ХАЛ ЫНА ТАС  АМАЛДАЙ 

БЕРІК  ОР АН

ТҰРСЫНБАЙДАЙ БИ, 

ДАТҚА, БАТЫР БОЛҒАН 


ҚОҒАМ

ҚОҒАМ

№87 (8438) 5 қараша, сенбі  2016 жыл

22

Osken_onir@mail.ru

Osken_onir@mail.ru

Біздің ауданнан ән үйірмесі бой-

ынша Ақкенже Исабекова, домбы-

ра, қобыз үйірмесінің жетекшісі Ры-

салды Қалымбетованың шәкірттері 

өнер көрсетті. Байқау қорытындысы 

бойынша  Р.Қалымбетованың 

шәкірті №156 Н.Бекежанов атын-

дағы мектептің 7 сынып оқушысы 

Тоғжан Шәкиевамен бірге Қорқыт-

тың  «Сарын»  күйін  орындап, 

жүлделі ІІ орынды иеленді.

Р ы с а л д ы   Қ а л ы м б е т о в а 

1998  жылдан  бері  Н.Бекежанов 

ауылдық  мәдениет  үйінің  дом-

быра,  қобыз  жетекшісі  болып 

қызмет атқарып келеді. Аудандық 

м ә д ен и е т   ү й і н д е   « Н а р т а й 

сазы»  халықтық  фольклорлық 

ансамблінің  жетекшісі,  сонымен 

қатар, аймақтағы қобыз аспабын 

жетік  меңгерген  бірден-бір  өнер 

иесі. 

А у д а н ы м ы з д ы ң   н а м ы с ы н 



қорғап, үздіктер қатарынан көрінген 

өнерпаздарымызды  құттықтап, 

толағай табыстар тілейміз.

Егемендігіміздің биылғы 25 жылдық 

мерейтойы  қарсаңында  өңіріміздің 

және  Астана,  Алматы  қалаларының 

бір  топ  ғалымдары  мен  қаламгерлері 

облыс  әкімі  Қ.Е.Көшербаевтың  аты-

на осы мазмұндас арнайы хат жолдап, 

өтініш  білдірген  болатын.  Онда  Сыр 

бойының орта және төменгі ағысын ХІХ 

ғасырдың алғашқы жартысында Қоқан, 

Хиуа хандықтары басып алып билеген, 

Ресей отарлаушыларының батыстағы, 

Арқадағы  қазақ  жерлерін  жаулап  та-

жалдай төніп келе жатқан қатерлі, қиын 

кезеңде халқына аға да, пана да, көптің 

қамын ойлаған дана да болған Тұрсынбай 

би, датқа сынды қаһарман қайраткерді ел 

есінде қалдырып, ұлықтаудың қажеттілігі 

хақында сөз қозғалған еді.

Ұсыныс  жауапсыз  қалмады,  тиісті 

лауазымды  тұлғалар  мен  идеология, 

ғылым, мәдениет салаларына көтерілген 

тақырып бойынша нақтылы жүктемелер, 

өтінімдер  жолдаудың  нәтижесінде 

көптен күткен ілкімді іс жанданып жүре 

берді. Ең алдымен облыстық ішкі саясат 

басқармасы мен «Руханиятты қолдау» 

қоғамдық  қоры  «Тұрсынбай  датқа» 

(тарихи-деректі  хикаяттар)  атты  кітап 

бойынша танымдық конференция өткіздi. 

Онда республикалық және Қорқыт ата 

атындағы ҚМУ ғалымдары, зерттеушілер, 

жазушы-журналистер баяндамалар жа-

сап, сөз сөйледі.

Жалпы, біздің жергілікті «Полиграфия 

Баспа үйі» баспасынан жарық көрген бұл 

тұжырымды жинақ Тұрсынбай датқаның 

өмір жолын зерттеп жазылған тұңғыш, 

үлкен, ауқымды әрі құнды дүние болып 

табылады. Мұнда Тұрсынбай би туралы 

мұрағаттық һәм мұражайлық тарихи зерт-

теу жазбалар мен әдебиеттер, өзге де де-

ректермен  толықтырылып,  тақырыпқа 

сай қайта мазмұндалып жазылған. Елеулі 

еңбекте би бабаның ел аузындағы айты-

лып жүрген аңыз әңгімелер, көркем әдеби 

және  ғылыми  шығармаларда  ішінара 

қамтылған  жәйттер  (Ә.  Қоңыратбаев, 

Н . Н а з а р б а е в ,   О . С ә р с ен б а й ) ,   ә р 

дәуірде  баспа  және  баспасөз  бетінде 

жарияланған мақалалар (Ш.Уәлиханов, 

Г. Потанин, Қ. Қоңыратбаев, Ә. Бәкір, Д. 

Дайрабай, М.Әміреев, Қ. Маханбет, т.б.) 

негізінде қайраткерлік қызметі көрініс тау-

ып, тұғырлы тұлғаның бейнесі айшықтала 

түскен.  Енді  аз-кем  кітап  кейіпкерінің 

өмірлік баянына кезек берелік.

...Тұрсынбай  Бүркітбайұлы  ХІХ 

ғасырда  Сыр  бойының  орта  ағысында 

өмір сүрген, дарабоз қарым-қабілетімен, 

ақыл-ойының сұңғылалығымен, қайтпас 

қайсар  өр  мінезімен  және  басшылық 

дарынымен  көпке  танымал  болған 

қайраткер.  Айтулы  тұлға 1798 жылы 

қазіргі  Шиелі,  Сырдария  аудандарына 

қарасты Ботабай, Тартоғай аумағында 

дүние есігін ашқан. Ата-анасы қазақтың 

кәдуілгі  мал  баққан  қарапайым  ша-

руа  адамдары  болған.  Жаратылысы-

нан  еті  тірі,  ширақ,  пайым-парасаты 

мен табиғи күш-қуаты ерен, сөзге жүйрік 

жас  жігіт  өз  қатарынан  оқ  бойы  озған 

азаматтық  белсенділігімен  ерте  көзге 

түседі. Тым-ақ балаң кезінде басқыншы 

Қоқан хандығының билеуші элитасының 

сеніміне  кіріп,  сұлтандардың  санаты-

на қосылып, сол мемлекеттегі төртінші 

жоғарғы билік лауазымы – датқа атағын 

алады. 

Ал, біздің қазақ қоғамы оны би сыпа-



тында таниды. Өзінің өмірлік белсенді 

қайраткерлік қызметімен, жаратылысы-

нан дара туған өр мінезі, ақыл-ойының 

жүйріктігімен,  үздік  шешендік  үлгісімен 

және әділдігімен, мәмілегерлік қалпымен 

танылған Тұрсынбай Бүркітбайұлы біздің 

қазақ  қоғамының  бір  ауызды  ортақ 

ұйғарымымен мәртебелі би атағын ала-

ды.  Бұл  ханның  жарлығымен  немесе 

үлкен  ұлықтың  бұйрығымен  берілетін 

шенді  лауазым  емес-ті.  Сайланбалы 

ресми  қызмет,  атақ,  дәреже  де  емес. 

Бұл  құдайдың  бір  аты – халықтың 

өзінің  соған  лайықты  тұлғаға  қабілет-

қарымына, ой-өресінің биіктігіне, өмірді 

сана көзімен оқып білетін және сөз өнерін 

жете меңгерген қасиетіне қарай жалпы 

бұқараның мойындауымен ғана арнайы 

бағышталатын ең жоғарғы атақ болатын. 

Кейіннен  Ақмешітті  жаулап  алған 

әлеуетті  Ресейдің  Александр  ІІ  патша-

сы 1859 жылы біздің қазақ ұлтының сол 

тұстағы бетке ұстар бір шоқ зайырлы, 

жақсы  жайсаңдарымен  бірге  империя 

астанасы Петерборға өзінің жеке салта-

натты қабылдауына шақырып, зауряд-

хорунжий  (жорықтағы  офицерлік  шен) 

атағымен бірге иыққа тағатын “Станис-

лав” лентасымен марапаттаған. 

Оңтүстік қазақ жерін әуелде Қоқан, 

Хиуа хандықтары басып алып, соңынан 

орыс  отарлаушылары  толайымен 

өздеріне қаратқан қиын-қыстау, тағдыр-

талайымыз таразы басына түскен ала-

сапыран кез еді бұл. Өз жерімізді өзіміз 

билеу құқығынан айырылып, жеке дара 

хандық билігіміз әлдеқашан жойылған. 

Мұны  сыртқы  басқыншы,  отарлаушы 

озбыр  да  өктем  күштердің  ықпалынан 

орын алды десек те, бұған сол кездегі 

қазақ қоғамының өз ішінде ынтымағының 

ы д ы р а у ы н ы ң ,   а л а у ы з д ы қ т ы ң , 

бытыраңқылық салдарының да салқыны 

тигендігі де шындықтың ауылынан алыс 

емес.

Кең дүниені тарының тар қауызына 



сиғызып,  жер  жаһанды  әлемтапырық 

қ ы л ғ а н   д ү ле й   д а у ы л д а   т а у д а й 

толқындары тулаған алапат мұхит ай-

дынына басшысыз, басқарусыз шыққан 

шарасыз қаңғалақ кемедей ғаріптің күйін 

кешкенбіз. Осынау тар жол, тайғақ кешулі 

қатерлі шақта ел ерге қарады, намысшыл, 

қанына  қызған  атпал  азаматтарының 

қауқарына,  қабілетіне,  қаһармандық 

қарымына  үміт  артты,  сенді,  соларға 

арқа сүйеді. Міне, осы екіталай дүрбелең 

сәтте қалың елі, қазағы қайран жұртына 

қамқор  болған  өр  тұлғалар  тарих  сах-

насына белсеніп шықты. Солардың бірі 

– Тұрсынбай датқа, би. 

Елі үшін туған есіл ер тұтастай жар-

ты ғасырға жуық ат үстінен түспей, күллі 

саналы ғұмырын жұртының амандығын, 

іргесінің  бүтіндігін,  тыныштығын  және 

жерінің  тұтастығын  сақтауға  аяусыз 

сарп  етеді.  Қаскөй  қоқандықтармен, 

озбыр  орыс  отаршылдарымен  айла-

шарғы,  өре  таластырып,  ер  қайратын 

да, мәмілегершілік мәулетін де ептілікпен 

еңсере  жұмсап,  халқы  үшін  қайтпас 

қ а б ы л а н д а й   а р п а л ы с ы п   б а ғ а д ы . 

Ауыртпалығы мол сынақ, сындарлы жол-

да алуан қырлы соқтықпалы соқпақты со-

раптар мен қауіпті өткелдерден өтіп, қыл 

аяғында қас дұшпанның сұрқиялығынан 

қайғылы  қазаға  ұшырайды.  Бұл 1863 

жыл  болатын.  Асыл  арыстың  сүйегі 

қасиетті Түркістандағы Қожа Ахмет Иа-

сауи кесенесіне қойылған. Бүгінде “Әзірет 

Сұлтан”  мемлекеттік  тарихи-мәдени 

қорық мұражайының осы кесенеде жер-

ленген  тарихи  тұлғалардың  тізімінде 

қыпшақ  Тұрсынбай  датқаның  есімі  де 

енгізіліп тұр.

Біздің  білетініміз,  Тұрсынбай  датқа 

Қоқан  ханы  және  оның  Ташкендегі 

беклербегі,  мынау  Түркістандағы 

бегімен де қарым-қатынасының көбіне-

көп  оң  сипатта,  мүмкін  болғанынша 

өзара  сыйластықта  қалыптасуының 

арқасында  датқаның  қол  астындағы 

елі  шапқыншылықтан,  шеннен  шыққан 

қорлық-зорлықтан аулақ болып, жұрты 

тыншулы тіршілік кешкен.

Тұрсынбай би, датқа, орыс билігіндегі 

зауряд-хорунжий  лауазым  шенінде  де 

тиісті деңгейінде туған елінің амандығын, 

тыныштығын,  шаруашылығын  қорғап, 

ауыртпалығын жеңілдетуге бар ғұмырын 

арнаған. Қарадан шығып хан болғандай 

бұл жаратылысы ерекше жан расында 

қара шекпенді, қарапайым шаруа табынан 

тамыр тартып, үздіксіз үрдісті үдерістер 

үдесінде үлкен мемлекеттік істерге ара-

ласты.  Жатжұрттықтардың  өздері  сан 

мәрте мойындағандай, бұл ретте ол түрлі 

ақыл-ой жемісінің жетістіктерін, амалдар-

ды, айланы, мәмілегерлік тәсілдерді ше-

бер қолдана білді. Қарауындағы жұртына 

барынша  қайырымдылық  көрсетіп, 

алыс-жақынды болжай білген Тұрсынбай 

атамыздың өз аумағындағы ауылдардың 

ауқатты,  бейбіт,  тыныш  өмір  сүруін 

қамтамасыз ете алғандығын сол кездегі 

Ресей  шенеуніктерінің  ресми  хаттары 

айғақтайды. Бұдан бөлек, қазақтың соңғы 

ханы Кенесарының жан жақтан қыспаққа 

ұшырағанда ашу-ызамен Сыр бойының 

өзіне көмектеспеген 20 ауылын тонауға 

душар  еткені  белгілі.  Ал,  осы  орайда 

тапқырлық танытқан Тұрсынбай датқа 

әріптестері  Бала  би,  Досбол  шешен, 

Торғай датқалармен бірге Кене ханның 

алдынан  өтіп, 50 бас  жылқыны  сыйға 

тартып, өзге де көмегін көрсетіп, оның 

есесіне жанды да, малды да аман алып 

қалғандығы өз алдына бір бөлек ерлік. 

Тұрсынбай  датқа  ауыр  тұрмыс 

тауқыметінен теперіш көріп, Арқадан ауа 

көшіп келген 60 үй арғын ағайынға Сыр 

өңірінің Ақмешіт төңірегінен жер телімін 

бөліп беріп, ашаршылықтан аман сақтап 

қалғаны  үлкен  азамат тықтың  айқын 

айғағы. Қазір олардың ұрпақтары осы-

нау құтты қонысты тұрақты атажұртқа ай-

налдырып, өркен жайып, өсіп-өніп отыр. 

Ия,  жақсыда  жаттық  жоқ  деген. 

Тұрсынбай би өз заманында биік саялы 

бәйтеректей көп адамдарға көлеңкесін 

түсірген. Мәселен, ол кіші жүздің Бекбау 

атты  жігітін  жаугершілікте  жараланып 

қарауына  келген  тұста  қамқорлығына 

алып, баласындай көріп, жанашырлық 

танытады.  Сандыбай  деген  қыпшақ 

биінің  Ақмаңдай  есімді  қызын  құда 

түсіп алып беріп, өз қолымен үй қылып 

қондырады.  Кейіннен  еншісін  бөліп 

беріп еліне қайтарады. Міне, сол Бекбау 

атадан  өрген  ұрпақ  бүгінде  бір  қауым 

елге айналып отыр. Оның ішінде бүкіл 

аймағымызға,  күллі  елімізге  танымал 

Бименді мен Қожахмет Баймаханов сын-

ды тұлғалар өсіп шыққан. 

Көзі ашық, көкірегі ояу Тұрсынбай би 

қарауындағы халқын ілім, білімге баулып, 

имандылыққа  ұйытуды  мақсат  тұтқан. 

Бұл ретте 300 шәкірт дәріс алатын ме-

дресе салдырып, мешіт үйін тұрғызған. 

Жасампаз  тұлғаның  өзге  де  өзекті 

қайраткерлік  қызметі  тереңдеп  зерт-

тей түсуді қажет етеді. Аталған бағытта 

алғашқы құптарлық қадамдардың жаса-

ла бастағаны қуантады. 

Ия, елағасы болған, еселі де екпінді 

еңбегімен артында ізгі із, қандастарының 

жадында игі жақсы атын қалдырған та-

рихи  дара  тұлға  Т.Бүркітбайұлының 

ғұмырдерегі  еліміз  егемендік  алған 

кезеңнен зерттеле     бастады. Бәрінен де 

толағай тұлға туралы жоғарыда аталған 

жаңа  кітаптың  дүниеге  келуі  атаның 

халқы үшін жасаған қарымды қызметін 

зерттеу жолындағы ізденістердің елеулі 

белесі, әрі болашақ ізденістердің жола-

шары болатындығына сенгіміз келеді.

Әсіресе, бұл ретте жинақта Тұрсынбай 

би, датқа атамыздың өмір сүрген дәуірі, 

тіршілік кешкен ортасы, сол замандағы 

саяси-әлеуметтік жағдайлар, өз дәурен 

дәргейінде тағдырлас әм құлықтас, ту-

ыстас болған тұлғалар туралы дәйттеп 

жазылғандығы көп жайдан хабардар ет-

кендей. Басқыншы Қоқан хандары кімдер, 

хандықтың құрылымдық билік жүйесі мен 

бағынышты халқының тұрмысы қай си-

патта еді? Сарайішілік билік үшін толас-

сыз талас, қырқыстар, соғыс оты неліктен, 

қалай өршіді? Ресей отарлаушыларының 

жүргізген     саясаты, орыс әскерінің Сыр 

бойына келуі қай сипатта жүзеге асты? 

Жалпы  қазақ  жұртының  сол  тұстағы 

тыныс  тіршілігі  нендей  еді?  Міне,  осы 

аталған сыңайлас, салалас сауалдарға, 

т.б. тиісті сұрақтарға тұжырымды жауап 

табуға мейлінше талпыныстар жасалды. 

Сол  арқылы  Тұрсынбай  бабамыздың 

да қайраткерлік қырлары ашыла түсіп, 

адамгершілік,  азаматтық,  тұлғалық 

бейнесі  айқындалып,  биіктей  берген 

тәрізді. 

Осыдан соң тарихи-танымдық еңбек 

біздің Тұрсынбай би, датқа бабамыздың 

қазіргі бақуат ағайын-ақсақалдарының 

а й т қ а н   қ ос ы м ш а   п і к і р ,   е с к е р т п е , 

қосымшалары  ескерілгеннен  кейін  ба-

спа бетін көріп отырғандығы құптарлық. 

Қ а з а қ   ө з і н і ң   д а ң қ т ы   ұ л д а р ы н 

ұ м ы т п а й т ы н   х а л ы қ .   С о н д ы қ т а н,  

қайраткер бабамыздың есімін одан әрі 

ұлықтап, ілкімді істерін індете зерттеп, 

өрелі өнегесін насихаттау мәселесі күн 

тәртібінен түспек емес. 

Осы  орайда,  қазіргі  таңда  облы-

сымызда  белсенді  шараларды  жүзеге 

асырып, туған елі мен жерінің мүддесі 

үшін  асыл  басын  қатерге  тігіп,  аяулы 

ғұмырын құрбандыққа шалып, жан ая-

май қызмет еткен Тұрсынбай би бабаның 

аруағын ұлықтап, өнегелі ісін көпке үлгі 

ету  шараларының  бас–тау  алғандығы 

ақжолтай жаңалық. Үлгілі үдерісті үрдіс 

үдей түссе екен дейміз. Қажетті ғылыми-

зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көпшілік ат-

салысатын танымдық жиын, конферен-

циялар өткізіліп, атаның өмірлік өнегесі 

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 

жұртшылыққа кеңінен насихатталып, та-

ныла берсе нұр үстіне нұр. 



  1   2   3


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал