Ж а л п ы , ж а с т а р а р а с ы н -
д а п а т р и о т т ы қ с е з і м д і а р т т ы -
ру, елге, отанға деген құрметін
н ы ғ а й т у м а қ с а т ы н д а к ө п т е г ен
жұмыстар жасалып келеді. Сон-
дай шаралардың бірі өткен аптада
ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тап-
сырысы аясында «Қазақылықтың
атамекені» қоғамдық қорының
ұйымдастыруымен ауданымыздағы
«2019 Ұзынқұдық» шекара әскери
бөлімінде өтті. «Болашақ сарбаз-
дар» деп аталатын жиынға аудандағы
барлық мектептердің 10-11 сыны-
бында оқитын ер балалары мен
алғашқы әскери дайындық пәнінің
мұғалімдері қатысты. Оқушылар сар-
баздар өміріне саяхат жасап, әскери
бөлімдегі арнайы үйретілген иттерді,
көлік тұрағын, шатырды аралап көрді.
Жастарға қорғану тәсілдері, әскери
техника, қару-жарақ, сарбаздар
қолданатын құралдар мен киім-
кешектері таныстырылды. Болашақ
сарбаздар сап түзеп, патриоттық
әндер шырқады. Бөлім қызметкерлері
мен арнайы мамандар болашақ
сарбаздарға отан алдындағы бо-
рыш, әскери өмір жайлы түсіндіріп,
әңгімелеп берді.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ.
Кәсіпкерлердің құқығын қорғаушы палатаның
облыстық директоры Ғалымбек Жақсылықұлы
бизнестің бәсекеге барынша қабілетті болуы үшін
жеке кәсіпкер өзінің өндіріп жатқан тауарының сапа-
сын арттырып, тұтынушылардың сенім үдесінен шығу
қажеттігін сөз етті. Егер белгілі бір кәсіп иесі ақшаны
көп табуды ойлап, өндірген өнімінің сапасына мән бер-
месе көпшілікке сапасыз өндіруші ретінде танылып,
болашақта ісінің құрдымға кететіндігін айтып өтті.
Ия, кәсіпкерлердің бас қолдаушысы бұл сөзімен нені
меңзеді? Бүгінде тұтынушылардың талғамы өзгерген.
Сіздің тауарыңыз немесе қызмет көрсету тәсіліңіз са-
тып алушының көңілінен шықпаса, тұтынушы басқа
жердің саудасын қыздырып кете береді. Сондықтан,
сапаны бірінші орынға қою керек. Қазіргі жұртпен
баяғы 1990-2000 жылдар арасындағы халықтың
таным-түсінігін бір дей алмайсыз. Адам
өзгерген және қоғам өзгерген. Бизнес жа-
сап сондай-ақ, жасаймын деп білекті сы-
банып жүрген жандар
ж е т е р л і к .
Я ғ н и ,
к ә с і п к е р л і к
о р т а д а
бәсекелестік барын-
ша белең алып келеді. Ал, мұндайда тек тауар дың
және көрсетілген қызметтің сапасы ғана ұсынылған
өнімге деген сұра ныстың артуына мүмкіндік бермек.
Ал, біздегі кәсіпкерлер өнімінің сапасы қандай?
Мәселен, қазір ұннан жасалған кондитерлік өнімдер,
тәттілер, сусындар, айран, сүт, қымыран, еттен
жасалған жылдам әзірленетін тағамдар өзімізде
көптеп өндіріледі.
Белгілі бизнестің тағы бір түрі асханалық кәсіп.
Бұл жерде жылдам әзірленетін ыстық және дәмді
тағамдар халықтың күнделікті сұранысынан еш
түскен емес. Азаннан кешке дейінгі жұмыс, ерсілі-
қарсылы ағылған халық. Алыс ауылдардан аудан
орталығына қатынап жұмыс жасайтын адамдар кент
орталығындағы базардың айналасындағы асханалар
мен жылдам тағам әзірлейтін орындардың саудасын
қыздырып жатыр.
Соңғы жылдары бізге түрік халқының «Дөнер
кебаб» деген ұлттық тағамы келіп, көпшілік соны
тұтына бастады. Бірқатар азаматтарымыз кент ішінде
«Дөнер кебаб» орындарын ашып, сауданың көркін
қыздыра түсті. Бұған қуанбасақ ренжімедік. Өзін
жұмыспен қамтып және салық базасының ілгерілуіне
қарыста болса септігін тигізіп жатқан жанда неміз бар.
Бәрекелді дестік. Дегенмен, өндірушінің құқы қандай
болса, тұтынушының құқы одан бір сәтте кем еместігін
естен шығарып алғандаймыз. Себебі, Шиелідегі
«дөнершілер» өнерін арттырып, жұмыртқадан жүн
қырыққандай етіп, орама қамырдың ішін қуырылған
картоп, тұздалған қияр және қызанақпен толтырып,
көзге көрінер-көрінбес тауықтың бір тістем етін арасы-
на жасыра салып, тұтынушының қалтасынан 400-450
теңгенің аралығындағы ақшасын санап алып жатыр.
Біреудің кәсібіне кедергі келтіру ойымызда жоқ. Тек
тұтынушыға дұрыс қызмет етіп, өнімінің сапасын арт-
тырса дейміз-дағы. Әйтпесе, қазір жоғарыдағы себеп-
ке сәйкес көпшілік жұрт «дөнер» десең «безер» дейтін
күйге түсті. Яғни, сапасыз өніміміз арқылы осы күйге
түсірдік. Осы тағамды бір кездері сүйсіне жегендердің
өзі қолын бір-ақ сілтеп, «тауықтың бір тістем етіне
400 теңгемді бергенше, асханадан қуырдақ
жегенім артық» – дейтін халге жетті. Осы-
лайша, шиелілік кәсіпкерлер азғантай ет-
тен үнем жасаймыз деп, өмірлік кәсіпке
балта шапқандай болып отырмыз.
Әйтпесе, мынау тұрған Қызылорда
қаласындағы «Универсам» мөлтек
ауданындағы «Браунис»
кондитерлік дүкенінде әзірленетін
«дөнер кебабтың» сапасының
күштілігі сондай, әлі күнге дейін
тұтынушылар ұзын-сонар ке-
зекте тұрып сатып алып,
сүйсіне жеп жатады. Оның
қ ұ р а м ы н д а т а у ы қ т ы ң
емес кәдімгі қойдың еті
бар. Осы орайда, шиелілік
«дөнершілердің» қаперіне
Ғалымбек Жақсылықұлының
жоғарыдағы сөзін тағы бір
с а л а к е т у а р т ы қ б о л м а с .
Сіз яғни, «дөнерші» біршөкім
етті аз сала отырып, етке кететін
ақшаны үнемдеп, табысымды арттырамын
десеңіз, қателесесіз. Сараңдыққа сала отырып,
Сіз келешектегі кәсібіңіздің одан әрмен ілгерілеуіне
кедергі келтіресіз.
Жалпы, «дөнер кебаб» қандай тағам? Соған
тоқтала кетсек. Бүгінгі таңда дүниежүзі бойынша түрік
асханасы әлемдік асханалар рейтінгісінде бірінші
бестіктің құрамында тұр. Жаһан халықтарының дені
түрік тағамдарын сүйсіне жейді. Ал, «дөнер кебаб»
осы түріктің ұлттық тағамының ішінен ойып тұрып
орын алады. Бұның екі түрі бар. Бірі – «Ыстамбұл
кебаб» екіншісі «Ескендір кебаб» деп аталады. Кең
тараған түрі «Ескендір кебаб». Тарихы екі мың жыл-
дан әрі. Біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырда пай-
да болған деседі. Бүгінгі түрік пен қазақтардың ата-
бабасы енші алыспай бір шаңырақ астында бір ұлт
болып, көшпелі өмір-салтын ұстанған кезеңде яғни,
сақ-ғұн дәуірінде жауынгер халық ұзақ жорықтарда
қойдың етін қылышқа шаншып алып, отқа қақтап
жеуді дәстүрге айналдырған.
Аңызға сәйкес, осы жорықтардың бірінен елге
есен-сау қайтқан Ескендір есімді жауынгер бейбіт
өмірге келіп, асханалық-кәсіп ашып, етті кәдімгі
білтемірге шаншып, айналдыра пісіріп, айналатын
кәуап яғни түрікше «дөнер кебабты» ойлап тауыпты.
Одан беріде қанша заман өтті. Қаншама халықтар
көшіп, ұлттар, ұлыстар пайда болды. Бүгінде осы
«дөнерді» гректер – «гурос», үндістан, пәкістан
халықтары – «кебаб», араб және басқа да таяу шығыс
халықтары – «шауырма» деп атайды. Әрқайсысында
әзірлеу технологиясы әртүрлі. Дегенмен, негізгі
бағыты еттен әзірленетін кәуап.
Түріктің бұл тағамын ең алғаш еуропаға танымал
еткен адамның аты-жөні Нұрман Қадыр. Ол 1933
жылы Түркияның Стамбұл қаласында дүниеге келіп,
2013 жылдың 24 қарашасында немістердің астанасы
Берлинде көз жұмды.
1960 жылы Германияға қоныс аударған Нұрман
Қадыр 1972 жылы батыс Берлинде болып, түріктің
ұлттық тағамын әзірлеп сатып, пайда тауып, патент-
теп, кәсіп ашқан деседі. Күнделікті жұмысқа асыққан
немістер еттен әзірленген бұл тағамның сапасына,
құнарына қатты қызығып, демде танымалдылығын
арттырып жіберіпті. Көпшілік сүйсіне жеген тамақ аз
уақытта мұқым еуропа жұртына танылыпты. Бүгінгі
таңда бір ғана Германияның өзінде «дөнер» жасай-
тын 16 мың тамақтандыру мекемесі бар. Ал, Еуропа
нарығындағы «дөнерге» деген сұраныстың 80 пайы-
зын германдық компаниялар қанағаттандырып отыр.
Тұтынушылық талғамы жоғары еуропалықтарға біздің
бүгінгі жеп отырған «дөнер кебабымызды» ұсынып
көрсеңіз батыс жұрты бұл тағамнан бір сәтте-ақ
түңіліп, екінші рет беттемей қалуы бек мүмкін. Себебі,
жоғарыда атап өткеніміздей біздегі оның ішінде
Шиелідегі «дөнердің» сапасы сын көтермейді. Неме-
се кәсіпкерлеріміз бұл тағамды әзірлеудің техноло-
гиясын дұрыс қолданбай оған пайдаланатын негізгі
шикізаттың орнын ауыстырып алған сыңайлы. Олай
болса, «дөнер кебабтың» негізгі құрамына тоқталсақ:
1 келі қызыл ет, 3 дана пияз, сарымсақтың 3 түйірі,
70 гр. зәйтүн майы, 125 гр. сүт, тұз, қара және
қызыл бұрыш, дәм бойынша басқа да дәмдеуіштер,
жебіршөп. Томат соусына: 250 гр. томат езіндісі, 0,5
шынаяқ су, 2 шынаяқ сарымай, тұз, дәмі бойынша
бұрыш және түріктің пиде қамыры.
Көріп отырғанымыздай осының барлығы
араласқанда ораманың кемінде 50 пайызы таза ет-
тен болмақ. Яғни, әлемдік стандартқа сай дүниежүзі
халықтары тұтынып жүрген «дөнер кебаб» құрамының
жартысы таза еттен тұрады. Сонымен қатар, шығыс
пен батыстың «Дөнер кебаб» сататын кез келген
елінде болып, жылдам тағамды сатып алып жатсаңыз
дәстүр бойынша сатушы сізге бір стакан айран неме-
се шайды тегін ұсынады. Бұл – осы тағамның қатып
қалған қағидасы. Ал, бұл дәстүр бізде сақталған ба?
Шиелідегі бір орталықта «дөнер алсаң, айран тегін»
деген жарнама тұр. Бас сұғып, «дөнерін» алып, айра-
нын сұрасақ «айранның акциясы бітіп қалған» деген
дүңк етпе жауап алып, жағамызды ұстадық. Дәстүрге
бағынбайтын біздегі «дөнершілердің» ойлап тапқан
акциясы бітіп қалды делік, олай болса не үшін жарна-
ма әлі күнге дейін алынбаған? Ол да түсініксіз. Жал-
пы, біздегі көрсетілетін қызметтің және ұсынылатын
өнімнің сапасы осылай болып тұр. Тұтынушының
құқығы қайтсе қалпына келмек? Осы іске білек
сыбана кірісетін білдей бір департаментіміз бар
тұтынушылардың құқығын қорғау деген. Ең дұрысы
сапаға барынша мән берілсе дейміз.
Нұрболат СӘДУАҚАСҰЛЫ.
№87 (8438) 5 қараша, сенбі 2016 жыл
Osken_onir@mail.ru
Меншік иесі:
жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгi
Телефондар:
Бас директор - 8(7242)70-00-36
Бас редактор - 4-46-22
Бас редактордың орынбасары - 4-47-32
Жауапты хатшы, есепші
Факс: 4-49-07.
Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттiгiнде 19.06.2014
ж. қайта тiркелiп, №14410-Г куәлiгi берiлген. “ скен ңiр” аудандық газетi
ҚР СТ ИСО 9001-2009 “Сапа менеджментi жүйесi” талаптарына сәйкес
сертификатталған. Газет әр аптаның сейсенбі, сенбi күндерi шығады.
Қолжазбалар ңделедi және керi қайтарылмайды.
Жеке авторлардың пiкiрi редакцияның түпкiлiктi к зқарасын бiлдiрмейдi.
Газет редакцияның компьютер орталығында терiлiп,
беттелiп, “Сыр медиа” ЖШС баспаханасында
басылды. Тел: 8(7242) 40-06-68.
Газеттiң таралымы бойынша 8(724) 32 4-47-32 және
8(7242) 70-14-08 телефондарына хабарласуға болады.
Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан к шесi, №4.
Таралымы 5870. Тапсырыс №1335.
жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгi
Мекен-жайымыз: 120700, Қызылорда облысы, Шиелi кентi, А.Ясауи к шесi, №109. E-mail: osken_onir@mail.ru
Кезекші редактор Айнұр НАЗАРОВА.
Бас директор
Аманжол ОҢҒАРБАЕВ
Шиелі аудандық
« скен ңір» газетінің редакциясы
Бас редактор
Нұрболат ПІРІМБЕТ
44
СОҢҒЫ БЕТ
СОҢҒЫ БЕТ
Халыққа міндетті әлеуметтік сақтандыруды кеңінен
түсіндіру мақсатында «100 сұрақ – 100 жауап» айдарын
ашып отырмыз.
Әскерге бару – еліміздегі әрбір дені сау азаматтың
Отан алдындағы парызы. Қоғамда «әскерде өте қатал,
ұрып-соғады, ол жақта көрген күнің құрысын, реті кел-
се, бармаған абзал» деген пікір қалыптасқан. Бұл – елін
құрметтемейтін немесе өзінің қорқақтығы мен жасықтығын
жасыру үшін әскерді кінәлай салатындардың әңгімесі,
біздіңше. Әскер – бұл жігітті елін жерін сүюге, қорғауға
тәрбиелейтін, нағыз ер азамат қылып қалыптастыратын
ортасы. Әрине, мектепті жаңа ғана аяқтаған, ата-
анасының жанынан жырақтап көрмеген жеткіншек үшін
әскердегі өмір оңай болмайды. Алайда, оңай емес екен
деп, азаматтық парыздан жалтаруға болмайды.
БҰЛ ӨМІРДЕ ТЕК ЖАҚСЫЛЫҚ КӨРІҢІЗ
Қолға алған кәсібін одан әрі дамытып, бастаған істің аяқсыз
қалмауын қадағалап, әр ісіне тыңғылықты қарап, кәсібін
нәсіп етіп отырған кәсіпкер әйелдер ауданымызда жетерлік.
Солардың бірі – ермінезді жан, аяулы жар, ардақты ана,
мейірімді әже Нұржан Рабиға. Көп жылдан бері кәсіпкерлік
саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көптеген биік-
белестерден өткен Рабиға Құрманәліқызын қараша айының
2-ші жұлдызында өткен туылған күнімен құттықтаймыз.
Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттеріңіздің
арқасында Сіз бүгінде ауданымыздағы ірі кәсіпорындарының
бірін басқарып келесіз. Әріптестеріңіз Сізді ақылман басшы,
іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап,
құрмет тұтады. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас
күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта
биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін.
Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!
Құтты болсын келген туған күніңіз,
Тiлекшiнiң біз де бүгін біріміз.
Алла жазса жүз жасқа кел, жан апа,
Ортамызда аман-есен жүріңіз.
Қиясына бұл өмірдің өрлеңіз,
Ардақты апа, еш жамандық көрмеңіз.
Әріптестер, ұжымдастар құттықтаймыз,
Тек жақсылық жасаудасыз елге сіз.
Құттықтаушылар: ұжым қызметкерлері.
– Ел азаматы ретінде, МӘлМС
енгізуден мен не аламын?
– Б і р і нш і д ен, Қ Р а у м а ғ ы н д а
Сіз таңдаған кез келген емханадағы
медициналық көмек. Бұл жағдайда,
емхананың шығыстарын толығымен Қор
өтейді; Екіншіден, ТМККК және МӘлМС
пакеттері шеңберінде қарастырылған
медициналық көмекке жұмсалатын
қосымша төлемдердің барлық түрінен
босатыласыз; Үшіншіден, Сізге елдің кез
келген дәріханасында ұсынатын, құрамы
бойынша кеңейтілген және жақсартылған
дәрілік заттардың тізбесіне толық
қолжетімділік (Қор да фармацевтикалық
қызмет тер дің жеткізушілері ретінде
тіркелген);Төртіншіден, ӘлМСҚ-да
Сіздің пайдаңызға аударылған салым-
дар және медициналық ұйымдарда
Сізге көрсетілген қыз меттер туралы
ай сайынғы ақпаратты алу мүмкіндігі;
Бесіншіден, сапасыз қызмет көрсетілсе
немесе МӘлМС қатысушысы ретінде
менің құқықтарым бұзылған жағдайда
Қор арқылы өз құқықтарыңызды және
мүдделеріңізді қорғау.
– 1996-1998 жылдардағы ММСҚ-
н ы ң ж ұ м ы с т ә ж і р и б е с і б і з д і ң
есімізде. Осындай жағдай қазір де
қайталанбайтынына кепілдік бар ма?
– Қоғамда жүзеге асырылатын
кез келген өзгерістердің өз жағымды
және жағымсыз жақтары бар.1996-
1998 жылдарда сақтандыру медицина-
сын құру тәжірибесін сын көзбен ғана
қабылдауға болмайды, оның сөзсіз жақсы
жақтары бар.Бұл реформаның ең ба-
сты нәтижесі экономикадан қосымша
қаражатты тарту есебінен денсаулық
сақтау жүйесі объектілерінің желісін және
медициналық көмектің барлық ел халқына
қолжетімділігін сақтау болып табылады.
Мысалы, осындай мамандандырылған
бағдарламаның болмауы балалар мектеп-
ке дейінгі мекемелерін жекешелендіруге
әкеп соқты, оның салдары осы күнге дейін
сезіледі. Одан басқа, 90-жылдардағы
экономикалық шындықтар ағымдағы
жағдаймен салыстыруға келмейді.
20 жыл бұрын көптеген кәсіпорындар
күрделі қаржылық қиыншылықтарға тап
болғаны бәріміздің есімізде, олардың
көбісі банкротқа ұшыраған, еңбекақы
бойынша үлкен қарыздар жинаған.
Экономикалық дағдарыс жаппай, оның
ішінде медициналық сақтандыру қорына
төлемеудің негізгі себебі болды.Қордың
жағдайы экономикалық белсенді емес
халық үшін тұрақты аударымдарды
қамтамасыз етуге қаратылған жергілікті
атқарушы органдардың да қиын жағдайға
тап болғанына байланысты күшейе түсті.
Бүгінгі таңда біз экономикадағы жұмыспен
қамтудың елеулі өсімін белгілейміз.
Отандық кәсіпорындарда 6,5 млн-нан
астам жалданған жұмыскерлер еңбек ету-
де, ай сайын жұмыс берушілер Бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорына 53 млрд.
теңге және өз жұмыскерлерінің пайдасына
Әлеуметтік сақтандыру қорына 23 млрд.
теңге аударады. Белсенді емес халық
үшін ӘлМСҚ-а салымдарды төлеу бой-
ынша міндеттемелерді мемлекет өз мой-
нына алатынын атап өткен жөн. Осының
барлығы, жалпы, енгізіліп отырған
медициналық сақтандыру жүйесінің
тұрақты қызмет етуінің алғышарттарын
қалыптастырады.
– М Ә л М С ен г і з у м е д и ц и н а л ы қ
қ ы з м е т к е р л е р д і ң а қ ш а л а й
« р и з а ш ы л ы ғ ы н » ш е ш у г е қ а л а й
к ө м е к т е с е д і ? М е д и ц и н а л ы қ қ ы з -
меткерлердің ақшалай «риза шылығы»
немесе қосымша бейресми төлемдердің
негізінде, бірін ші кезекте, еңбекке ақы тө-
леудегі теңгермешілік бар.Қазір бі ліктілігі,
тәжірибесі, дағдылары мен білімдеріне
т ә уе л с і з б і р м а м а н д а н д ы р у д ы ң
дәрігерлері бірдей еңбекақы көлемін ала-
ды.МӘлМС жағдайында пациенттердің
өздері таныған дәрігер көрсетілетін
қызметтердің көлемі мен сапасына сәйкес
(немесе адекватты) еңбекақыға ие бо-
лады.Азаматтар жарналарды аудара от-
ырып, өз госпитализацияларын неме-
се емханаға жүгінуін төлеп отыр. Осыған
байланысты, жүйе нің қатысушылары,
МӘлМС жүйесі белгілеген жарналар-
дан басқа қосымша төлемдерді жүзеге
асырмауға тиіс.Осылайша, сақтандыру
медицинасының дамуымен медициналық
көмекке бейресми төлемдердің проблема-
сы өзінің өзектілігін жояды.
– Мен үш баланың анасымын,
ажырасқанмын, ресми түрде жұмыс
і ст ем ейм ін, а лим ен т алм а ймын,
қосымша табыстар болып тұрады.
МӘлМС-пен не істеймін?
– Сіздің балаларыңыз үшін 18 жасқа
дейін мемлекет Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорына салымдар енгізеді.
Екіншіден, егер Сіз жұмыс істемесеңіз
және 3 жасқа дейінгі баланы күтумен
айналыссаңыз, онда мемлекет сол
кезеңге Сіз үшін де міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру жүйесіне
жарналарды жүзеге асырады.Басқа
жағдайларда медициналық көмек алу
мүмкіндігін сақтап қалу үшін Сізге:а)
тұрғылықты орын бойынша жұмыспен
қамту орталығына хабарласуыңыз қажет,
ол жерде сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс
тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа орнала-
су нұсқаларын ұсынады. Егер ұсынылған
нұсқалар жарамаса, онда Сіз жұмыссыз
мәртебесін аласыз және бұл жағдайда
мемлекет, белгіленген уақыт ішінде,
Әлеуметтік медициналық сақтандыру
қорына Сіз үшін салымдар төлеу бойынша
міндеттемені өз мойнына алады. б) салық
органдарында жеке кәсіпкер ретінде
тіркеле аласыз және Сіз мәлімдеген
табыстың немесе табыс болмаған
жағдайда минималды еңбекақы төлемінің
2%-ы көлемінде салымдар жасауға бола-
ды. в) егер Сізге алдындағы екі нұсқалар
жарамаса, онда Сізге өз бетінше екінші
деңгейдегі банктер арқылы минимал-
ды еңбекақы төлемінің 2%-ы көлемінде
Медициналық сақтандыру қорына салым-
дар жасауға болады.
– А й т ы ң ы з ш ы , Қ Р б а р л ы қ
аумағы бойынша сақтан ды рылған
азаматтарға, мысалы, іссапарға
жіберілген, де малыстағы адамдарға
ме дициналық қызметтер көрсетіле ме?
Әлде тек тіркелген тұрғы лықты орын
бойынша ма?
Міндетті әлеуметтік меди циналық
сақтандыру (МӘлМС) пакеті шеңберіндегі
медициналық қызметтер, сақтандырылған
аза маттық орналасқан жері нен тәуелсіз,
Қазақстан Респу б ликасының барлық
аумағында көрсетіледі.
Жалғасы бар.
МӘСЕЛЕ
Жуырда Шиеліге Қызылорда облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының директоры
Ғ.Жақсылықов келді. «Арман» мәдениет үйінде аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев, аудан прокуро-
ры Х.Жұмағұлова өңір басшысының орынбасарлары, кент, ауылдық округ әкімдері, дер-
бес бөлімдер, шаруашылық басшылары мен бірқатар кәсіпкерлер қатысқан жиында ба-
яндама жасады.
100 СҰРАҚ – 100 ЖАУАП
ДӨНЕРДІҢ ДӘМІ
ДӨНЕРДІҢ ДӘМІ
ЖӨН ЕКЕН!
БОЛАШАҚ САРБАЗДАР ӘСКЕРДЕ
НЕМЕСЕ АТАЛҒАН ТАҒАМ НЕГЕ
ТАЛАПҚА САЙ ҰСЫНЫЛМАЙДЫ?