Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау



бет10/46
Дата25.07.2023
өлшемі0,85 Mb.
#104786
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
Байланысты:
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

Сұрақтар
1. Тәрбие, “тәрбие мақсаты”, “әлеуметтендірудің” түсініктерді айқындау.
2. Тәрбие мақсатының мәнін ашыңыз.
3. Тәрбие мақсатының әдіснамалық қалыптасу негізіне сипаттама беріңіз.
4. Материалдық және адамдық мәдениет арасын ашыңыз.


Тапсырмалар

  1. Сынып ұжымының сипаттамасы бойынша тәрбие мақсатына ықпал ететін негізгі факторларды атаңыз.

  2. Жалпы және жеке тәрбие мақсатының өзара байланыс схемасын құрастыру.

  3. Тұлғаны әлеуметтендіруде әр түрлі екі позициядағы тәрбие мақсатына мысал келтіріңіз.

  4. Материалдық мәдениетке мысалдар келтір және талда.

Әдебиеттер.

  1. Муканова Б.И. Педагогическое руководство формированием социальной активности подростков. Алма-Ата, 1990.

  2. Мудрик А.В. Социальная педагогика. М., 1999.

  3. Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика: Курс лекций. М., 1999.

  4. Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания опыт педагогической антропологии. Пед. соч. В.2 т.т. Т.1. М., 1974.

  5. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы, 1998.

  6. Педагогика. Дәріс курсы Алматы, 2003.

7-семинар: Әрекет пен қарым-қатынас - жеке тұлғаның дамуының факторлары.
.Мұғалім мен оқушылар арасындағы
бірлескен іс-әрекет – қарым-қатынас құралы ретінде
Жоспары:
Педагогикалық қарым-қатынас жүйесі.
Педагогикалық қарым-қатынастың функциясы.
Оқу-тәрбие жұмысындағы мұғалімнің қызметі.
Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық іс-әрекеттер.
Оқушылардың қарым-қатынас жасау белсенділігі.
Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық негіздері.
Оқушылардың танымдық белсенділігі
Педагогикалық қарым-қатынас жүйесін қарастырайық.
1. Педагогикалық қарым-қатынас кезеңдері:
1) қарым-қатынасты модельдеу (жоспарлау, психологиялық жағдай туғызу, т.б.);
2) сыныппен бастапқы байланыс кезеңіндегі – тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыруды бөлек қарастыру қажет (оқыту тәсілдерін жүзеге асыру); табысқа жеткізетін қарым-қатынастар; бастапқы байланысты жедел ұйымдастыру; сыртқы коммуникативтік түрлері – ұқыптылықты, жинақылықты, белсенділікті, тілектестікті жарқын жүзділікпен қамтамасыз ету; өзара әрекеттің сөздік және жазбаша құралдарын жүзеге асыру (мимика, көзқарас байланысы т.б.); балаға деген оң көзқарасыңды, тілектестігіңді көрсете білу; оқушыларды көңілмен түсінісе білу; пікір алысу, т.б.;
3) қарым-қатынасты меңгеру – мұнда толып жатқан коммуникативтік міндеттерді шешеді, мәселен, қарым-қатынас арқылы зейінділікті меңгереді.
4) жүзеге асырылған қарым-қатынасты талдау. Қарым-қатынастан алған әсерді түсіне білуге, өзгертулер енгізуге, қарым-қатынас жоспарын құра білуге тиіс.
2. Адамдармен қарым-қатынас жасаудың әдісі немесе ұйымдастыру типі: өзіңнен және өзгеден (қарым-қатынасты өзі және өзге ұйымдастырады).
Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыруда:
1) объектінің жан дүниесіне енуі;
2) мұғалімнің оқу материалын баяндауы;
3) кері байланыс (ынтымақтастық орнату) қажет.
3. Педагогикалық қарым-қатынас стилі – мұғалім мен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетіндегі – дербес психологиялық ерекшеліктері деп түсінеміз.
Қарым-қатынас стилінде мынандай көріністер байқалады: мұғалімнің коммуникативті мүмкіндіктерінің ерекшеліктері; тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара қарым-қатынасындағы жеткен деңгейі; ұстаздың шығармашылық дербестігі; оқушылар ұжымының ерекшеліктері.
Мұғалім мен оқушының қарым-қатынас стилі – бұл маңызды әлеуметтік және өнегелі категория. Қарым-қатынас стилі:
1) бірлескен шығармашылық қызметке әуестену негізіндегі қарым-қатынас;
2) достық ықылас негізінде құрылған қарым-қатынас стилі; Татулық – қарым-қатынастың маңызды реттеушісі.
3) дистанциялық (алыстан) қарым-қатынас стилі (мұғалім жетекші ретінде көрінеді);
4) қорқыту арқылы қарым-қатынас (пайдасы жоқ);
5) әзіл-қалжың арқылы қарым-қатынас;
Педагогикалық қарым-қатынас стилі дұрыс табылғанда – кешенді міндеттерді шешуге мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет