Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау



бет43/46
Дата25.07.2023
өлшемі0,85 Mb.
#104786
түріСеминар
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

Педагогикалық әдеп кең мағынада - педагогикалық процесте әрбір оқу-тәрбие мәселесін шешуде, жеке адаммен, не коллективпен қарым-қатынас жасауда көрінетін кәсіптік сапа.
Педагогикалық әдеп сыпайылық білдіру ғана емес, ол шығармашылық ақыл-ой әрекеті, мәдени мінез-құлықтың, саналы іс-әрекеттің, білімділік пен іскерліктің жиынтығы.
Педагогикалық бақылаубелгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі (оқушылардың зейінділігін, белсенділігін, т.б. бақылау).
Педагогикалық ереже – жалпы принциптерге негізделген белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтық қызметтің бейнеленуі.
Педагогикалық кеңес – бұл мектептің барлық іс-әрекетін басқарудың тұрақты органы, мұғалімдердің педагогикалық ұжымдық орталығы.
Педагогикалық қарым-қатынас адамдардың қоғамдық қарым-қатынастарды жүзеге асыру барысында бір-бірінің санасына ықпал ету іс-әрекеттері арқылы олардың жүріс-тұрысын өзгерту және үйлестіру мақсатына бағытталады.
Педагогикалық қарым-қатынас стилі – мұғалім мен оқушылардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекетіндегі – дербес- психологиялық ерекшеліктері деп түсінеміз.
Педагогикалық менеджмент – оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, формалары, технологиясы.
Педагогикалық процесс – оқытушылар мен оқушылардың білім алу мақсатына қарай бірге қадам басқан іс-әрекеті.
Педагогикалық процестің диагностикасы – педагогикалық процесс өтетін жағдайлар мен шарттарды анықтауға бағытталған зерттеу процедурасы.
Педагогикалық технология педагогикалық мәселелерді шешуге бағытталған педагогтың ретті, өзара байланысты іс-әрекеттер жүйесі.
Педагогикалық шеберлік - үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құмарлығынан туындайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы.
Педагогикалық шығармашылық – бұл ғылыми ізденудің нәтижесінде озат тәжірибені жасау, тұтас педагогикалық процесс мәселелерін шеберлікпен шешу, оларды педагогикалық жұртшылықтың игілігіне айналдыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет