Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау


Нақты ситуацияны талдау (Саsе-study)



бет23/46
Дата20.06.2023
өлшемі0,85 Mb.
#102699
түріСеминар
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46
Байланысты:
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

Нақты ситуацияны талдау (Саsе-study)


Нақты ситуацияны талдау - оқушының іс-әрекеттегі белсенділігін ұйымдастыруда мәні зор тиімді әдіс. Өмір мен өндірістегі міндеттерден туындайтын нақты ситуацияны талдай алудың әдістерін игеру тұлғаның қабілетін дамытатын жол. Тұлға нақты ситуацияға кезіккенде алдымен мына мәселені айқындап алуы керек: осындай проблема бар ма, ол неліктен туып отыр және оған өзінің қарым-қатынасын белгілеуі қажет.
Қазіргі зерттеушілер ситуацияны мәні мен түріне қарай былай топтастырып жүр: проблемалық ситуация, ситуацияны бағалау, иллюстрациялық ситуация, жаттығу ситуациясы т.б. Осының кейбіреулеріне тоқталайық.
Проблемалық ситуация - нақты өмірден жинақталған деректердегі шиеленіс. Әбден матаса шиеленіскен мәселені шешуге талаптанған адам оған бейне бір актерше қарап, ситуацияны шешудің өзіндік жолын ұсынады немесе мұны шешу мүмкін емес деген пайымдау жасайды.
Ситуацияны бағалау - оқиғаға байланысты мәселе талданып, ситуациядан шығудың жолы шешіліп қойған. Осыған дейінгі қабылданған шешімге жан-жақты мән беріп, сын көзбен қарай отырып баға беріледі. Болған оқиғаға байланысты айғақтарды талдап, дәлелдеп қорытынды жасайды. Тыңдаушылар мәселеге араласпай, тек сырттай бақылаушы дәрежесінде қала береді.
Иллюстрациялық ситуация - тиісті тақырыпқа байланысты күрделі мәселені шешу үшін оқытушы тапсырған тапсырма бойынша жүргізіледі де, тиісті тұжырымдама бойынша жасалады. Әрине, мұнда өзінше пайымдама шығаруға мүмкіндік аздау болады. Өйткені келтіріліп отырған мысал, дерек жөніндегі ситуацияға баға беріліп, айқындалып қойғандықтан оны басқаша шешудің қажеті де бола бермейді.
Жаттығу ситуациясы - оқушыға белгілі дәрежеде дағды қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Ситуация туғызған проблеманы шешуге байланысты шығарылған тұжырымдама жөнінде ойланып, оны зерттеу тұлғаға белгілі дәрежеде мәселеге әр жақты қарау дағдысын қалыптастырады. Бұл әдіс тиісті тәжірибені сараптап, одан қорытынды шығару дағдысына машықтандырады. Түрлі тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Нақты ситуацияны талдауға байланысты әдістемелерді жинақтай келгенде бағдарды екі салаға бөліп қараған жөн:

  1. Жеке рольдерге бөліп талдау. Ситуацияны талдауды ойын түрінде рольдерге бөліп сараптауға болады. Мұндай жағдайда сабаққа қатынасушылар талқылануға тиісті нақты ситуацияны алдын ала рольдерге бөліп, әркім өзі атқаратын роль жөнінде талдау жасап пайымдау ұсынады.

  2. Коллектив болып бірлесіп талдау. Шешілуге тиісті бір мәселе, нақты ситуацияны айқындаудағы әр түрлі талдаудың жасалған шешімімен танысып, оны өзгертуді ұсынып немесе толықтыру жасау жөнінде айтып, тиісті баға беруге де болады.

Нақты ситуацияны талдау әдісінің қазіргі тәжірибеде байқалып жүрген мәніне зейін қойғанда көзге түсетін ерекшелік мынау: қойылған сұраққа дәлелді де дәлді, байыпты жауап қайтару үшін теориялық білімге ұмтылу қажеттігін мойындата түседі. Сондай-ақ, бұл әдістің негізгі мақсаты - оқушының аналитикалық қабілетін дамытып, тарамдап талдай білуге жетілдіру. Айтылып отырған ақпараттық хабарды дұрыс пайдаланып, оның өзіндік тұрғыдан тұтына білуге және соған орай шешім қабылдауға ықыласты болуға қалыптастырады. Өзіндік тұрғыдан шешім қабылдай білуге дағдыландырып, машықтандырады.

Қоғамда болып жатқан түбегейлі қайта құрулар (өзгерістер), қазіргі заманда адамдардың ынта-ықыласын және шығармашылық әрекетін ескеріп, білімге және өмірге жаңа тұрғыдан қарауды талап етіп отыр. Қазіргі кезде адамның жаңа жағдайды бағдарлауы, түсінуі және оны өзгертуге атсалысуы басты мәселе болып отыр.


Осыған байланысты оқытудағы инновация көкейкесті мәселе болып отыр. Оқытудағы инновация қазір жаһандану үрдісімен әлеуметтік болмыс формалары және білімді кіріктірумен тығыз байланысты.
Қазіргі таңда теория мен практикада байқалып отырған қарама-қайшылықтарды шешіп, талдаудың қажеттілігі баршамызға мәлім, бір жағынан бүтін оқу-тәрбие үрдісі болса, екінші жағынан сол үрдістің тиімділігін арттыруда инновациялық технологияны пайдаланудың қажеттілігінен туындап отыр.
Ғылыми әдебиеттерде “жаңалық” және “инновациялар” ұғымдары кездеседі. Жаңалық – бұл құрал (жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағдарлама және т.б.), ал инновация жаңалықты ендірудің кезеңдері бойынша дамитын үрдіс.
“Инновациялық үрдіс” ұғымы жаңалықтар ашу, қабылдау, бағалау және қолдану деген мағынаны білдіреді. Мұндағы негізгі ұғым “жаңа”. С.И.Ожеговтың сөздігінде :”Жаңа – алғашқы рет ашылған немесе жасалынған, жақында пайда болған, шыққан, бұрынғының орнына қайтадан ашылған, таяудағы өткенге немесе онша таныс емес. Егер де алғашқы рет ашылған сипаттамасы бұрыннан таныс емес, жаңа деген түсінік берсе, жаңадан (қайтадан ашылған) сипаттамасы мұнда бұрынғының элементі бар екенін айғақтайды,”- деген анықтама берілген.
Сонымен, жаңару белгілі бір уақытта пайда болып, сол кезеңнің келелі міндеттерін озық шешіп нормаға практикаға айналады немесе ескіріп бірте-бірте дамуға кедергі жасауы да мүмкін.
Педагогикалық жаңалықтарды ашу, меңгеру, қолдану жөніндегі білім жүйесі әдіснамалық зерттеулердің инновациялық-педагогикалық жаңа объектісі болып табылады.
Инновациялық үрдіс қазіргі білім мен практиканың жалпы даму тенденциясына бағынады. Жүйелі пәнаралық байланыс, кешенді білімге сүйеніп, ізгілікке бет бұру теория мен практиканың қазіргі даму жолына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазіргі инновациялық үрдісте белсенділік, ынта, ізденушілік мәселелері педагогтарды қызықтырып, оқытушы – зерттеуші – практик ретінде көріне бастады. Мұның өзі іргелі теориялық зерттеулерде эксперименттік – практикалық жұмыстарды жүргізуге мәжбүр етеді.
Жаңа технологиялардың пайда болуы және оларды іске асыру әрекеті оған тән құралдар мен механизмдерді өзгертіп қана қою емес, құндылықтар бағытын, білім, білік, дағдыларды қайта құрумен сипатталады.
Педагогикалық технология сөзіне түсінік беретін болсақ, «техно» - латын тілінен аударғанда «шеберлік», «іскерлік әдіс» -деген мағынаны білдіріп, оқыту шеберлігі деген сөзге ие болады.
Академик В.Г.Беспалько Ресейде педагогикалық технологияны толық зерттеп, тұңғыш рет әдебиеттерге енгізіп, педагогикалық технологияға: «Практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба» деп анықтама берді. Бұдан ғалымның педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қарастырғанын көруге болады.
Білім берудегі жаңа технологиялардың негізгі сипаты - ізгілендіру. Білімдік технологиялар жеке тұлғаны ұйымдастыруға бағытталады, онда жеке пәндердің білімдік дәрежесі өзгеріп, олар қоршаған ортаны танудың құралына айналады, оқушылардың дүниетанымы кеңейеді, дамиды. Мұндағы басты мәселе білім мазмұнын байытуға бағытталған белсенді танымдық әдістерді қалыптастыратын жаңа технологияларды жасап, оны тәжірибеге ендіру.
Сонымен технология дегеніміз :

  • біріншіден, қайта құру мен өңдеу процесі нәтижесінде алынатын дайын өнім;

  • екіншіден, осы процестің нормативтік жағы оның іске асуы.

Бүгінде адамның іс-әрекетінің көптеген түрлері “технологизациялануда”, ол материалдық өндірістен әлеуметтік- экономикалық басқаруға, әлеуметтік процестерге білім беруге, оқытуға, ойлауға қарай ауысты. Технология “табиғат-практика-адам-ғылым” жүйесімен тығыз байланыста. Технология- адамның жалпы қайта құрушылық әрекеті.
Зерттеуші-ғалым В.П.Беспалько: “Педагогикалық технологияны оқушының жеке тұлғалық қалыптасу процесінің жалпы жобасы оқыту мақсаттарына жетудің кепілі”,-десе, ал, А.Я.Савельев оқыту технологиясын оқу бағдарламаларында көрсетілген білім мазмұнын іске асыратын құрал ретінде қарастырады.
Ғалым В.В. Воронов «Педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт» - деп тұжырымдайды
В.М. Шепель «Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік, әдістердің жиынтығы, жағдайлардың өзгеруі»-, десе, М. Чошанов «Технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі» - деп анықтама берген.
В.М.Монахов «Педагогикалық технологиялар дегеніміз – оқыту процестерін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі»,- деп түйіндейді. Ал педагогикалық технологиялар дамуына ретроспективті тұрғыдан талдайтын болсақ, алғаш Ф.А. Фрадкина, Л.И. Богомалова, Е.Ю. Рогачева, С.И. Мезенцева, Н.Г. Осухова, М.Г. Плохова, Л.А. Кирсанова сияқты ғалымдардың осы мәселені әр қырынан зерттегендерін көреміз.
Оқыту технологиясын жобалау мәселесі, оқыту әдістерін таңдау дидактика үшін өте маңызды. Әдістерді таңдауда белгілі дидакт Ю.К.Бабанскийдің ұсынған өлшемдерін басшылыққа алуға болады.

  • оқыту әдістерінің оқыту қағидалары мен заңдылықтарына сәйкестік өлшемі;

  • оқыту әдістерінің оқу материалдарының мазмұнына, оның өзіндік ерекшелігіне сәйкестік өлшемі;

  • әдістерді таңдауда оқушылардың мүмкіншіліктерін ескеру өлшемі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудің мақсаты: жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімінің кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға ұйымдастыру, - деп көрсетілген.
Осы мақсатқа сәйкес бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыруда оқытудың жаңа технологиясын пайдаланудағы алдына қоятын мақсатын анықтап алуды жөн көрдік.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыруда оқытудың жаңа педагогикалық технологияны пайдаланудың мақсаты – оқушылардың жеке басын дамытуға бағытталған білім мазмұнын тұлғалық-бағыттаушылық материалдарымен толықтырылып, олардың қажеттілігін өтейтін, танымдық қызығушылығын арттыратын, білімді меңгеруде өздіктерінен белсенділік танытуға ынталандыратын, нәтижелі-шығармашылық іс-әрекетке түсуге жұмылдыратын, өздігінше қорытынды жасай білуге қабілетті тұлға ұйымдастыру.
Педагогикалық технология өзінің айқын түсініктілігімен, мұғалім меңгеруіне жеңілділігімен, оқыту процесінде қолдану тиімділігімен және әмбебаптылығымен ерекшеленеді.
Сонымен, педагогикалық технология оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, оқыту процесінде қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар болып табылады.
Педагогикалық технологияны іске асыру барысында төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру қажет деп санаймыз:

  1. мұғалімнің педагогикалық кәсіби іс-әрекетіне деген сенімділігі, шығармашылық шеберлігі;

  2. оқушылардың тұлғалық-бағдарлы дамуының ескерілуі;

  3. оқу процесінің кез-келген кезеңіндегі оқушы дайындығының іске асырылуы мен кепілдігінің міндеттілігі;

  4. оқыту технологиясында пайдаланылатын педагогикалық ақпараттың міндеттілігі;

  5. оқушылардың білімді меңгерудегі танымдық қызығушылығы мен қажеттілігінің ескерілуі;

  6. оқушыларды өздіктерінен қорытынды жасауға, белсенді іс-әрекетке ұйымдастыру;

  7. оқу процесін жобалағанда іс-әрекеттің, оқу материалы мен оқыту материалының дәлелдігінің бірлігі;

  8. оқыту процесінің жобалау технологиясы негізінде іске асырылуы;

  9. оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыруды ұйымдастыру;

  10. шығармашылық іс-әрекетті нәтижеге жеткізу.

Оқыту процесінің мазмұны – бастауыш мектепте оқылатын білім, білік, ойлау және іс-әрекет амалдарының жүйесі. Бастауыш мектепте нені оқыту керек, адамзат жинақтаған білім байлықтарының нені таңдап алу керек деген сұрақтар төңірегінде еліміздің әдіскер-ғалымдары, педагогтары бастауыш білімнің іргетасының берік болуы осы сұрақтардың дұрыс шешілуіне бүтіндей байланысты екеніне жете мән беруде.
Оқытудың жаңа технология түрлерін қолданып, оқушы белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызу, сабақты өмірмен ұштастыру, оқу материалдарының мазмұнын қоршаған орта өзгерісімен байланыстыру – оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты. Олай болса, мұғалім оқытуда жаңа технологиямен жұмыс істей отырып, оқушының білім – біліктілігін, дағдысын, шығармашылықпен жұмыс істеу әрекетін дамыту қажет деп санаймыз.
Жоғарыда аталған авторлардың пікірлері бірі-бірін толықтырғанмен олар педагогикалық технологияның әртүрлі белгілеріне назар аударуды ұсынады. Педагогикалық нәтижеге бағытталған оқытудың жаңа технологиясын мемлекеттік стандартқа, білімділік өзгерістерге қарай төмендегіше топтастыруға болады.
Педагогикалық технологиялардың аттары, авторлары, мақсаты, ерекшеліктерімен танысып, оларды оқып – үйрену арқылы оқу материалын толық игертуге мүмкіндік беретін, басқа технологиялармен салыстырғанда өзінің тиімділігімен, әмбебаптығымен ерекшеленетін «Модульдік оқыту технологиясы.
Сонымен, модульдік оқытуды кибернетикалық басқару тұрғысынан талдасақ, модульдік оқыту педагогикалық басқарудың қалыптасқан жүйесін сапалық жағынан өзгертеді.
Ендеше, модульдік оқыту жағдайында оқу үрдісін басқару мәлімет беру үрдісіне бағытталған циклділігімен, білім алушының өздігімен жұмыс істеуі және белсенділігін арттыратын өзін-өзі басқару мен басқарудың тиімді арақатынасын орнатумен ерекшеленеді.
Дамыта оқытудың бір түрі - модульдік оқыту технологиясы. Модульдік оқытудың негізгі ұғымы – модуль.
Модуль адамның өзін-өзі дамытуының тәсілі, мөлшері. Модульдік оқытуда білім мазмұнын, білімді игеру қарқынын, өздігінен жұмыс істей алу мүмкіндігін, оқытудың әдістері мен тәсілдері арқылы оқу әрекетінің дербестігін қамтамасыз етеді.
Ғалым З.Б.Бейсембаеваның пайымдауынша, модуль - әрекеттің мақсатты жоспары, ақпараттар банкі мен дидактикалық мақсатқа жету үшін материал мазмұнын жекелеудің жолы, өз бетімен жұмыс жасаудың деңгейі.
Ал, ғалым М.М.Жампейсова оқыту технологиясының бірнеше ерекшеліктеріне тоқталды: оқыту технологияларының білімді меңгертуге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, (есту, көру, қимыл, т.б) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша) дамытуға бағытталуы, сонымен қатар оқушылармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндіктеріне байланысты.
Сонымен қатар, автор модульдік оқытудың құрылымына тоқталып, модульдік оқыту технологияларын меңгеру әдістемесінің негізгі шарттарын, негізгі қағидаларын ұстанды. Дидактиканың негізгі талдаптарына байланысты бірқатар өзгерістер енгізді. Олар: бастауыш сынып оқушыларын оқытуға емес, тұлғалық бағыттылығын ұйымдастыру, танымдық қызметін ұйымдастыру, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құру деп көрсеткен.
Модульдік оқу технологиясының негізгі идеялары:

  • Модульдік оқыту іс-әрекет принципіне негізделген, оқушының белсенді іс-әрекеті жүйелі болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі. Мұғалім дайындаған тапсырмалар оқушыларды оқу мақсатына бағыттап, оның жаңа білімді қабылдауына жағдай жасайды.

  • Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Оның психологиялық негізіне Л.С.Выготскийдің “Оқыту процесінде оқушының ақыл-ойынның дамуы”, “жақын арадағы даму” аймағынан “актуальды даму” аймағына ауысуы туралы теориясы алынды.

Модульдік оқыту технологиясының мақсаты - материалды толық игерту әдістемесін меңгерту. Бұл оқытуда сабақтың семинар, конференция, диспут, топтық пікірталас сияқты формалары қолданылады.
Ал жұмысты ұйымдастыру: топтық, жұптық, ұжымдық тұрғыда жүргізіледі.
Оқыту үрдісі басқарылатын үрдіс болғандықтан жеке оқушының ерекшелігін ескеру – мұғалімнің міндеті. Мәселен, мектеп проблемасы – дифференциялдау арқылы дамыта оқыту элементтерін пайдаланып, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге негізделіп отыр.
Дамыта оқытудың бір жолы - деңгейлеп оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының басты идеялары:

  • Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, білім алуына жағдай жасау;

  • Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориядағы балаларға бірдей көңіл аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді;

  • Деңгейлеп оқыту оқытушының жеке тәжірибесіне негізделеді. Сондықтан да деңгейлеп оқытуда оқушының жеке тұлға ерекшелігіне, психикалық даму ерекшелігіне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне, оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аудару керек;

  • Деңгейлеп-саралап оқытуда білімді игерудің негізгі төрт деңгейі (міндетті, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) қарастырылады.

Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалын әртүрлі деңгейде қабылдайды. Зерттеуші, ғалым В.П.Беспалько ұсынған бұл деңгейлер бүгінгі тәжірибеде қолданыс табуда. Оған дәлел бүгінде ана тілі оқулығында берілген білім мазмұнын оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, мағынаны тану, шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыруды көздей отырып, тапсырмаларды төрт деңгейге бөлініп берілуі.
Міндетті деңгейдегі тапсырманы әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді. Яғни, материалды меңгерудің төменгі жеткілікті шегін қамтитын міндетті дайындық.
Мүмкін деңгейдегі тапсырманы пәнге деген қызығушылығы жоғары, белсенді, өздігінен ізденуге қабілетті, шығармашылық тапсырмаларды ерекше ынтамен орындайтын, оның нәтижесіне қуанатын, оны жолдастарымен бөлісе алатын, уақыты мен күшін тиімді пайдалана білетін оқушы меңгереді.
Дифференция дегеніміз – оқушыларды қандай да ерекшеліктеріне сәйкес топтастырып оқыту. Дифференциялап оқытудың негізгі бағыттары: оқушыларды қабілеті бойынша топтау; кәсіби бағдар бойынша топтау; сынып ішінде дифференциялдау.
Жалпы білім беретін мектептерде дифференциялап оқытуда әр түрлі әдістер қолданылады. Соның ішінде дифференциялдаудың маңызды түрі – деңгейлік дифференция болып отыр. Оның басты ерекшелігі – оқушыларға берілетін тапсырмалардың деңгейлерге бөлінуі және олардың меңгерген білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптардың дифференциялануы.
Бұл деңгей - барлық оқушылардың шамасы жететін деңгей. Осы деңгейдің барысында курсты меңгерудің жоғары деңгейлері қалыптасады. Оқушылар бір сыныпта бір бағдарлама бойынша білім ала отырып, қабілеттеріне, қызығушылығына сай деңгейді таңдауға мүмкіндік алады.
Міне, осыған орай оқушыларға қиын тиетін пәндер мен меңгеруге тиісті деңгейді таңдауға мүмкіндік бере отырып, оған қоса міндетті дайындық шегін талап етіп, оларды қабілеттеріне сай және қызығушылығын тудыратын бағытқа бағыттаймыз, қабілеттің толық ашылуына мүмкіндік береміз. Сонымен бірге оқушының төменгі деңгейден жоғары деңгейге ұмтылуын қамтамасыз етеміз.
Оқытуда деңгейлік дифференцияны жүзеге асыру оқытудың арнайы технологиясын жасақтауды қажет етеді. Соның ішінде білімді бақылау жүйесіне толығырақ тоқталайық: жалпы бақылау мен бағалаудың ұйымдастырылуының оқыту үрдісінде маңызды рөл атқаратынын білеміз. Сонымен қатар бақылау мен бағалау оқыту үрдісінің барлық кезеңінде жаңа материалды меңгертуден бастап, тақырып аяқталғанға дейін қатысатыны белгілі. Бұл жоспарға сай қолданылып, жүрген дәстүрлі бақылау мен бағалау деңгейінің негізделгендігі. Осы жүйе бойынша талаптар жоғары деңгейде қойылады. Алайда бұл жүйе орташа және төмен оқитын оқушылар үшін өте ауыр.
Оқушылардың қабілеттеріне сай оқытуды дифференциялау олардың барлық топтарының мүдделерін еске алуды қажет етеді. Әр пәннің ерекшелігіне қарай оқушыдан іскерліктер жиынтығы сұралады. Негізгі іскерліктерге көңіл бөлінбейді.
Деңгейлік дифференциялаудың мақсаты – барлық оқушылардың базалық деңгейін қамтамасыз ету (білім берудің мемлекеттік стандарты бекіткен) сонымен бір мезгілде пәнге қызығушылық пен қабілет танытқан оқушылардың одан әрі қабілетін дамытуға жағдай жасау.
Бастауыш сатыда бақылау екі принципті кезеңді анықтау керек. Міндетті дайындық деңгей көлемінде материалды меңгергендігін бақылау және мүмкін деңгейдегі бақылау ұйымдастыру. Оқушыларды топқа бөліп алғаннан кейін орындаса, онда сынақ тапсырылды деп есептейміз.
Әдетте, тақырыптық сынақты сабақ үстінде жүргізген қолайлы. Өйткені, оқушы біліміндегі кемшілік дер кезінде жойылады. Қандай жағдайда болсын, оқу үрдісін жетілдіру білімділік дағдысын қалыптастыруға бағытталады. Міне, осы сияқты мақсаттағы жұмысқа күнбе-күн айрықша назар аударып, шығармашылық ізденіспен қимылдасақ, оның жеміссіз болмайтыны белгілі. Деңгейлік тапсырмаларға қатысты талаптар, біріншіден, әр деңгейде берілетін білім көлемін белгілеу үшін, екіншіден, берілетін білім көлеміне қатысты әр деңгейде орындалатын тапсырмаларды іріктеп, таңдап алу үшін, үшіншіден, әр деңгейдегі тапсырмалардың қандай болуы керек, қандай мақсатта берілуі керектігі үшін, нақтыланды.
Орындалатын тапсырмаларға байланысты әр деңгейде қойылған талаптардың бір-бірінен айырмашылығы ескерілді. Бірінші деңгей мен екінші деңгейде орындалатын тапсырмалар бір-біріне ұқсамайды. Деңгейден деңгейге көшкен сайын тапсырмаларға қойылатын талаптар да артып, күшейіп отырады.
Әр деңгейдің өзіндік талаптарына сәйкес тапсырмалар жүйесі жасалады. Оқушыға берілетін мұндай тапсырмалар жүйесінің барлығын бір орталыққа бағындырып тұратын заңдылықтар болады. Ол заңдылықтар материалдарды оқытуда қолданылатын тапсырмаларды сұрыптап, таңдап алудың ұстанымдары деп аталады.
Сондықтан әр деңгейге қатысты қойылатын талаптарды ескере отырып, тапсырмаларды сұрыптап, таңдап алудың мынадай: 1) тапсырманың қызықтылығы; 2) тапсырма мазмұнының жүйелілігі; 3) тапсырманың жетекшілігі; 4) тапсырманың танымдылық ұстанымдары анықталды. Сондықтан оқушы 4 деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында жаңа тақырыпты еркін меңгеріп, 1 деңгейдегі – қабылдаушы, 2 деңгейдегі – орындаушы, 3 деңгейдегі – ізденуші тарапынан өтіп, өз пікірі, өз айтар ойы бар жеке тұлға дәрежесіне көтеріледі. Бұл деңгейдің алдыңғы деңгейден айырмашылығы:
- Алдыңғы деңгейлерде оқушыға тапсырмаларды орындау жолдары айқын берілсе, бұл деңгейде оқушының шығармашылық қабілетін айқындайтын және оны дамытатын тапсырмалардың мақсаты ғана беріледі. Ал оны орындау жолдары оқушының жеке шығармашылық қабілетіне байланысты.
- 1-3 деңгейлердегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың жауаптары нақты болуы көзделсе, 4 деңгейдегі тапсырмалар оқушылардың өзіндік көзқарасына, дүниетанымына, жеке қабілетіне және дарындылығына байланысты түрленген, бейімделген болады.
- Мұнда 3 деңгейдегі сияқты жаңа ақпарат емес, өмірдегі ақиқат оқушы қиялы арқылы танылады.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне даму бағытына байланысты.
Оқушыларды жекелеп оқыту мәселесін жете зерттеген ғалымдардың бірі- И.Э.Унттың ойынша, оқушыларды жекелеп оқыту абсолютті емес, шартты түрде ғана жүзеге асырылатынын ескертті. Оның пікірінше, оқушыларды жекелеп оқыту сынып - сабақ жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты шартты болып табылады: әдетте жеке оқушының емес, шамамен ұқсас ерекшеліктері басым оқушылар тобының дербес ерекшеліктері ескеріледі, тек таныс ерекшеліктер немесе оқу үшін маңызды болып табылатын таныс ерекшеліктердің жиынтығы ескеріледі.
Сондай-ақ, оқушыларды жекелеп оқытудың нақты бір формасында мүмкін емес немес қажеттілігі шамалы ерекшеліктер де болуы мүмкін (мысалы, мінездің не темпераменттің кейбір қасиеттері); кейде дәл сол бала үшін ғана маңызды болып табылатын қасиеттер мен жағдайларды ескеру қажеттігі туады (мысалы, қандай да бір облыста таланттылығы, денсаулығының нашарлауы); оқушыларды жекелеп оқыту кейде оқу іс-әрекетінің барлық кезеңдерінде емес, дүркін - дүркін немесе басқа да бір жұмыс (ұжымдық) формаларымен интегралданған түрде жүргізілуі мүмкін.
Сондай-ақ, В.М.Монахов жекелеп оқытудың үш аспектісін бөліп көрсеткен:
а) психологиялық тұрғыда жекелеп оқыту баланың талабын анықтауға оңтайлы жағдай жасауға негізделеді;
б) әлеуметтік тұрғыда ол интеллектуалды,шығармашылық әлеуетті ұйымдастыруға ықпал етеді;
в) дидактикалық тұрғыда мектептегі жетілген прлоблеманы шешуде дифференциялап оқытудың жаңа жүйесін жасаумен сәйкес келеді. М.В.Кларин дифференциялау оқушыларды әртүрлі профильде оқыту үшін топтарға бөліп, біркелкі емес, типтік мектептерде оқытуды көздейдейтінін айтқан.
“Проблемалық оқыту” ұғымы 20-30ж. кеңес және шетел мектептерінде кеңінен тарады. Проблемалық оқыту американ философы, психолог және педагог Джон Дьюидің (1859-1952) теориялық қағидаларына негізделеді, ол 1895 жылы Чикаго қаласында эксперименталдық мектеп ашты.
Д.Дьюидің философиялық және психологиялық көзқарастары бойынша адам қиыншылықтарға кездескенде ойлай бастайды, оны жеңудің ол үшін үлкен маңызы бар. Автор тұжырымдамасында мына сатыларды атайды: қиындықты сезіну; оны табу және анықтау; оны шешудің жорамалын жасау; эксперимент арқылы жорамалды тексеру мен басқалар. Кейіннен “қиындық” термині “проблема” деп атала бастады. Дьюидің пікірі бойынша, бүгінгі таңда, дидактиканың ұтымды жақтарын сақтай отырып оқытудың қазіргі технологиясы жасалынған, оның негізгі қағидалары:
1. бала адамзаттың танымдық жолын қайталайды;
2. білімді меңгеру (игеру) ерікті басқарылмайтын үрдіс;
3. бала материалды білім алуға деген қажеттілікті сусындатудың нәтижесі ретінде меңгереді;
4. білім беруді жетістікке жетелейтін жағдайлар: оқу материалдарын күрделендіру (таңқалу, әуесқойлық); бала белсенділігі (білімге тояттау); оқытудың бала өмірімен, ойынмен, еңбекпен байланыстылығы.
Проблемалық оқыту дегеніміз - мұғалімнің басшылығымен проблемалық ситуацияларды туғыза отырып, оны шешу жолында оқушылардың белсенді дербес іс-әрекетін ұйымдастыру, мұның нәтижесінде кәсіби білімді, біліктер мен дағдыларды шығармашылықпен игеру, ақыл-ой қабілеттерінің дамуы іске асады. Проблемалық оқытудың қазіргі технологиясына тоқталсақ, білім берудің болашағы проблемалық оқытумен тығыз байланыста. Проблемалық оқытудың мақсаты ауқымды: ғылыми таным нәтижелерін меңгеріп қана қоймай, оны алудың жолдарын игеру; оқушының танымдық дербестігін ұйымдастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту; білім, білік, дағды жүйелерін меңгеру және дүниетанымды ұйымдастыру.
Проблемалық оқыту дегеніміз-дидактика мен алдыңғы қатарлы педагогикалық практиканың қазіргі даму деңгейі оқу үрдісін ұйымдастыру проблемалық принципке негізделеді, сондықтан оқыту проблемалық деп аталады, оқу проблемалары жүйелі түрде шешіліп отырады. Педагогикалық әдебиеттерде бұл құбылыстың бірнеше анықтамалары бар. Айталық:
Проблемалық ситуация мен оқу проблемасы проблемалық оқытудың негізгі ұғымдары. Оқу проблемасы ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтайтын, қызығушылықты оятатын меңгеру үрдісінің логикалық-психологиялық қарама-қайшылықтарының көрінісі. Оқу проблемасының екі негізгі функциялары бар:
1. Ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтау, яғни оқушының проблеманы шешудің амалдарын іздестіруі;
2. Оқушының жаңа білімді меңгерудегі танымдық қабілеттерін, қызығушылығын, іс-әрекет мотивтерін ұйымдастыру.
Мұғалім үшін бұл құрал: оқушының танымдық іс-әрекетін басқарып, оның ойлау қабілеттерін қалыптастырады. Оқушының іс-әрекетінде ақыл-ой қабілеттері жанданады, білімі толығады. Әдістемелік ерекшеліктеріне қарай: мақсатты; ойланбаған жерден; проблемалық мазмұндама; эвристикалық әңгіме; проблемалық қойылымдар; проблемалық ойындық ситуациялар; зертханалық зерттеу жұмысы; проблемалық жаппай эксперимент; проблемалық ойлау эксперименті; проблемалық есеп шешу; проблемалық тапсырмалар болып бөлінеді. Проблемалық әдістердің ерекшелігі сонда, олар проблемалық ситуацияларды жасауға, оқушылардың танымдық белсенділігін оятуға, білімді, талдауды, білікті көкейкесті, заңды етуге негізделген. Проблемалық оқытудың қазіргі теориясында проблемалық ситуацияның екі түрі бар: психологиялық және педагогикалық. Біріншісі оқушылардың іс-әрекетіне, екіншісі оқу үрдісін ұйымдастыруға байланысты.
Педагогикалық проблемалық ситуациялар белсенді әрекет барысында, танымдық жаңалығын, маңыздылығын баса көрсететін мұғалімнің қоятын сұрақтарының көмегімен туады.Психологиялық проблемалық ситуациялардың тууы таза жеке тұлғаға байланысты. Проблемалық ситуациялар оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде түсіндіру, бекіту, бақылау барысында туады. Мұғалім ерекше әдістемелік тәсілдерді пайдалана отырып проблемалық ситуацияларды тудырады:
- мұғалім қарама-қайшылықты тудырады да, одан шығудың жолын табуды оқушылардың еншісіне қалдырады;
- практикалық іс-әрекетте қарама-қайшылық тудырады;
- бір сұраққа әртүрлі көзқарас білдіреді;
- оқушыларды салыстыруға, топшылауға, фактілерді сәйкестендіруге итермелейді;
- анық сұрақтар қояды (негіздеуге, айғақтауға, логикалық талқылауға);
- проблемалық теориялық және практикалық тапсырмаларды анықтайды;
- проблемалық тапсырмалар қояды (әдейі қате жіберілген, уақыты шектелген, сұрағы анық емес және т.б.).
Проблемалық оқытудың жалпы функциялары:
- оқушылардың білім жүйесі мен ақыл-ой және практикалық іс-әрекет амалдарын меңгеруі;
- оқушылардың танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерінің дамуы;
- оқушылардың дүниетанымының негізгі болып табылатын диалектикалық – материалистік ақыл-ойының қалыптасуы.
Арнаулы функциялар:
- білімді игерудің шығармашылық дағдыларын тәрбиелеу (логикалық тәсілдерді, жеке амалдарды пайдалану);
- білімді шығармашылықпен пайдалану дағдыларын тәрбиелеу (игерілген білімді жаңа ситуацияда пайдалана алу) және оқу проблемаларын шеше алу.
- шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін ұйымдастыру және молайту (ғылыми зерттеу әдістерін меңгеру, практикалық проблемаларды шешу).
Проблемалық оқыту барлық жағдайда бірдей тиімді бола алмайды. Практикада көрсетілгендей проблемалық оқыту үрдісі танымдық белсенділікті дамытуда, жаңа білімді меңгеруде оқушылардың әртүрлі білім деңгейін көрсетіп отыр. Шығармашылықтың түріне сәйкес проблемалық оқытудың үш түрін бөліп айтуға болады.
Біріншісі, теориялық шығармашылық оқушының өзі үшін жаңа ережені, заңды, теореманы ашуды. Мұның негізінде теориялық оқу проблемаларын қою және оны шешуден тұрады;
Екіншісі, практикалық шығармашылық оқушының меңгерген білімін жаңа ситуацияда қолдануы, құрастыруы, ойлап табуы негізінде практикалық оқу проблемаларын қою және оны шешуі;
Үшіншісіне, көркемдік шығармашылық қиял негізінде болмысты көркем бейнелеу, оған әдеби шығарма, сурет салу, музыкалық шығарма жазу, ойын және т.б. енеді.
Проблемалық оқытудың барлық түрі оқушы іс-әрекетінің шығармашылығымен, проблеманы шешудегі ізденіспен сипатталады. Мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің сипатына қарай проблемалық оқытудың төрт деңгейін анықтауға болады:
- өзіндік емес белсенділік деңгейі – оқушылардың мұғалімнің түсіндіруін қабылдауы, проблемалық ситуация жағдайында ақыл-ой әрекетінің үлгісін меңгеру, оқушының өзіндік жұмысты орындауы, ауызша жауап;
- жартылай өзіндік белсенділік деңгейі – меңгерген білімді жаңа ситуацияда қолдана алу, мұғалімнің қойған проблемасын шешу;
- өзіндік белсенділік деңгейі – оқушы тапсырманы өзі орындайды, жаңа ситуацияда қолданады, құрастырады, күрделілігі орта деңгейдегі есептерді шығарады, жорамалдарды дәлелдейді;
- шығармашылық белсенділік деңгейі – шығармашылық қиялды, логикалық талдауды қажет ететін өзіндік жұмыстарды орындайды, жаңа амалдарды ашады, дербес шешім шығарып топшылайды, көркем шығармалар жазады.
Технологияны меңгеру іс жүзінде мұғалімнің жеке басын ғана дамытып қоймай, бүкіл жоғары мектеп ұжымын да дамытады.
Белгілі ғалым И.Я.Лернер: “Дамыта оқыту дидактика тұрғысынан жеке тұлға қалыптасуының бірте-бірте кеңейген аспектілерін қамтиды”-деді. Дамыта оқыту мысалы, жоғары кәсіптік білім деңгейінде шығармашылық жұмыс әдістерін меңгеруді талап етеді, өздігінен жаңа шешімдерді тиімді амалдармен табуды көздейді. Шығармашылық-бәсекелестікті ұйымдастыруда болашақ маманның тиімді де жетілген құралы болады,” - деген тұжырым жасаған.
Бұл көрсеткіштер оқушылардың ой-өрісі дамуының деңгейін сипаттайды. Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың негізгі жағдайларының бірі–бұл проблеманы шешуге кеңінен қарау шығармашылық өмір талабы.


В.Ф.Шаталов технологиясы

  1. Тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық оқушыларды оқыту;

  2. Жеделдете оқыту;

  3. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру

  1. Материалдар ірілендіріліп беріледі;

  2. Блоктық түрде беріледі;

  3. Оқу материалы тірек сызбалары-конспектілеу арқылы беріледі.

Ұжымдық оқыту технологиясы

  1. Әр оқушының қабілетін дамыту;

  2. Ұйымшылдық қабілетін дамыту;

  3. Өзін-өзі басқаруға, байқампаздыққа жетелеу.

  1. Жекелей оқыту;

  2. Жұптық оқыту;

  3. Топтық оқыту;

  4. Ұжымдық.

Ынтымақтастық педагогикасы технологиясы

Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту. Балаға ізгілік тұрғысынан қарау.

  1. Мұғалім, оқушы субъект болады;

  2. Басылымдылық көрсетілмейді;

  3. Балаға жеке ізгілік қарым-қатынас тұрғысынан қарау.

Білім беруді ізгілендіру технологиясы

Баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

  1. Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;

  2. Ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау.

  3. Ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу.

Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы

Математикалық білімнің оқушының ақыл-ойын дамыту мен өзін-өзі дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін құру.

  1. Есеп шығару құрастыру үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету;

  2. Тура есептерді кері есептерге айналдыру;

  3. Жүйелі де тиянақты білім беру.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы

Әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.

  1. Дарынды оқушылар өз қабілеттерін дамыта түседі, әлсіз оқушылар оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады;

  2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады;

Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.

Тірек сигналдарын пайдалана отырып перспективалық-жеделдете оқыту

Білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Оқушылардың барлығын табысты оқыту.

  1. Педагогикалық ынтымақтастық.

  2. Тұлғалық қарым-қатынас;

  3. Оқу материалдарының мазмұнының жүйелілігі

  4. Саралау, тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі.

Кіріктіріп оқыту

Бір пәнді басқа пәндермен кіріктіре оқыту

  1. Білім негізінде ұқсас заңдылықтарды, байланыстарды оқыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет