Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті


В.В. Краевский мен В.М. Полонскийдің ғылыми мектебі



бет11/103
Дата14.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#74341
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   103
В.В. Краевский мен В.М. Полонскийдің ғылыми мектебі (Педагогика әдіснамасы);

  • М.Н. Скаткин, Н.М. Шахмаев, И.Я. Лернердің ғылыми мектебі (Жалпы орта білім дидактикасы);

  • Н.А. Константинов пен З.И. Равкиннің ғылыми мектебі (Педагогика мен білім беру тарихы);

  • З.А. Малькова мен Б.Л. Вульфсонның ғылыми мектебі (Салыстырмалы педагогика);

  • Л.И Новикованың ғылыми мектебі (Балалар мен жастардың тәрбиесі мен әлеуметтенуін жүйелік тұрғыдан зерттеу);

  • C.Я. Батышев және А.М. Новиков (Кәсіптік педагогика – үздіксіз білім беру теориясы);

    Институтта педагогика мен білім беру саласында іргелі зерттеулер жүргізіледі, халықаралық бүкілресейлік ғылыми конференциялар мен семинарлар білім беру мекемелерінде эксперименттік алаңдар ұйымдастырылады, халықаралық ынтымақтастық дамыды.
    В.В. Краевский мен В.М. Полонскийдің педагогика әдіснамасы бойынша ғылыми мектебі.
    Ғылыми мектептің зерттеу нәтижелері:

    • тәжірибеде пайдалуға қолайлы бірыңғай әдіснамалың талаптарға сай ғылыми-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін сипаттаудың нысандық-бөліктік әдісі;

    • ғылыми-педагогикалық зерттеулердің фасеттік классификациясы;

    • педагогик әдіснамасы (В.В. Краевскийдің жетекшілігімен, 70-80-жылдар). В.В. Краевскийдің еңбектерінің арқасында бірнеше онжылдықтан соң педагогика әдіснамасы дербес ғылыми пән болып қалыптасты, педагогикалық білім беру стандарттарында курстардың мазмұны нақтыланды. Оның жүогізген әдіснамалық семинары кеңінен өрістеді;

    • нормативті әдіснама, педагогиканың ұғымдары мен терминдері стандартталды, «Жалпы білім беретін мектеп, Педагогика» рубрикаторы құрылды, бірнеше сөздіктер даярланды.

    К раевский Володар Викторович (1926-2010 жж.) - көрнекті педагог КСРО ПҒА академигі (1993), педагогика ғылымдарының докторы (1978), профессор (1986). Володар Викторович Краевский 1950 жылы Куйбышев педагогикалық институтын бітірді. 1948 жылдан ғылыми-педагогикалық жұмысқа араласты. 1958-1962 жылдары «Мектептегі шетел тілі» журналының редакторы, 1962-1966 жылдары «Просвещение» (Ағарту) баспасында жұмыс жасады. 1966 жылдан КСРО ПҒА ғылыми-зерттеу институтында (1970 жылдан зертхана меңгерушісі), 1993 жылдан ПҒА-ның Білім беру философиясы және теориялық педагогика бөлімінің академик хатшысы болып істеді.
    В.В. Краевскийдің еңбектері педагогиканың әдіснамасы мен теориясы, дидактика, орта мектепте шет тілін оқыту әдістемесі салаларына арналды. Ол педагогика ғылымы мен практикасының байланысы, ғылыми және оқыту жұмысындағы әдіснамалық рефлексия, педагогика ғылымының басқа ғалымдармен арақатынасы тұжырымдамасын жасады; педагогикалық зерттеудің әдіснамалық сипаттамасы мен логикасын сипаттады. Дидактикалық еңбектерінде ғылымның практикаға қатысты болжау қызметін іске асыратын оқытуды ғылыми негіздеудің қызметтерін, құрылымын, әдіснамалық шарттарын белгіледі, нақтылады. Жалпы орта білім мазмұнын қоғамның білім беруге қоятын талаптарының моделі деп қарастырды; оның теориясын жасау мен мәселелерінің әдіснамалық негіздерін ашып көрсетті; білім мазмұнын қалыптастыру деңгейлерін анықтады; жалпы теориялық түсінік, оқу пәні, оқу материалы, оқыту үдерісі және тұлғаның құрылымы. Тұтас оқу-тәрбие үдерісінің жалпы педагогикалық және дидактикалық сипаттамасын және оны құру ұстанымдарын ұсынды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   103




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет