Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті


Василий Иванович Журавлев (1923-1996 жж.) -



бет25/103
Дата14.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#74341
түріСеминар
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103
Василий Иванович Журавлев (1923-1996 жж.) - әйгілі педагог, РБА академигі (1992), педагогика ғылымдарының докторы, профессор (1976) Василий Иванович Журавлев Омбы облысында Старорямово селосында дүниеге келген. 19582 жылы Новосибирск педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1940 жылдан педагогикалық жұмыста. 1956-77 жылдары Липецк және басқа пединституттарда дәріс оқиды.1978-1996 жылдары Мәскеу облыстық пединститутында педагогика кафедрасын меңгерді. 60-70 жылдары ұзақ уақыт жүргізілген Липецк және Ростовтың оқу практикасында педагогика ғылымдарының жетістіктерін іске асыру тәжірибесінің нәтижелеріне талдау жасады. Ол педагогиканың адам туралы ғылымдар кешеніндегі кіріктірілген пән ретінде даму мәселелерін зерделеді. «Педагогика в системе наук о человеке», 1990.
90 жылдардың басында ол Ресейде алғаш рет білім беру мәселелерінің компьютерлік- ақпараттық жүйесін, инновациялық педтехнологиялар жүйесін ұйымдастырды. Мұғалімге қатысты конфликтология мәселелерін зерделеді.
Академик В.И. Журавлев педагогикалық ғылымтану, педагогика әдіснамасынң ұғымдық-түсініктік аппаратын, педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысын, педагогикалық өлшемдер мен педагогикалық информатика мәселелерін зерттеді.
Әдіснамалық білімдер қатарына теория негіздері, заңдар мен заңдылықтар, категориялар мен ұғымдар, идеялар, ұстанымдар, постулаттар, ережелер, болжамдар, фактілер мен әдістерді жатқызуға болады. Қазіргі кезде әдіснамалық білімнің мәні, құрылымы, мазмұны және функциялары туралы, оларды алу тәсілдері туралы түсініктерді тереңдету үдеріс жүріп жатқаны байқалады. Ғалым В.И. Журавлев педагогикалық әдіснамалық білімнің құрамын (педагогикалық практика мен ғылымның әлеуметтік мақсаттары, педагогика білімдері туралы білімдер, педагогика теориясының түсінік қоры, педагогикалық зерттеулер әдістері, педагогикалық жобалау ұстанымдары мен әдістері, бағыттардың идеологиялық интерпретациясының ұстанымдары және педагогикалық зерттеулер нәтижесі) анықтай отырып, мынадай топтардың бар болатынын көрсетеді. Олар: жалпылама, іргелілік, тұтастық икемділік, әдіснамалық білімнің теоретиктер мен практиктердің мәселені шешуіне тәуелді құрастырымдылығы.
Педагогиканың тәрбие бөліміндегі дискрипторлық сөздіктің негізін құрайтын негізгі және жалпы қолданылатын терминдермен педагогика әдіснамасының сөздігі шектелуі болуы мүмкін:
әдіснама (жалпы),
педагогика әдіснамасы,
педагогикалық мәселе,
педагогикалық зерттеу әдісі,
педагогикалық зерттеу құралдары,
педагогикалық зерттеу көздері,
болжам,
педагогикалық зерттеу нәтижесі,
педагогикалық заңдылық,
педагогика заңы,
ғылыми-педагогикалық категория,
ғылыми–педагогикалық ұғым,
педагогикалық тезаурус,
педагогиканың ақпаратты-ізденістік тілі (АІТ)
педагогикалық информатика, педагогикалық ақпарат,
педагогикалық іс-тәжірибе,
педагогикалық зерттеу нәтижелерін іс-тәжірибеге енгізу,
педагогикалық логика,
педагогикалық үдерістің қарама-қайшылығы,
педагогикалық практика,
ғылыми қорытындылардағы педагогикалық практиканың сұранысы,
зерттеу сапасы бағасының өлшемі,
педагогикалық үдерістегі тиімділік бағасының өлшемі.
Педагогика әдіснамасы терминдерінің рәсімі ұғымдардың категориялық, базалық (негізгі) және шеткері болып бөліну негіздерін анықтау болуы керек. Топтама негізінде мынаны бұл ғылымтануда қалай жасалады, педагогикалық шындықтағы құбылыстың түсінігінің іргелілігі, көлемі, педагогика ғылымы прогресін көрсету түсінігінің өзгеруі болуы керек. Ондай көзқарасөзара ғылымаралық сипатта және қолданылуы тәрбие туралы ғылымның арнайы ерекшеліктерге қарама-қайшы келмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет