Сен білесің ғой.
Жандардың кейбір сағынбайтынын
Бізді.
Тағдырдың мүлде бағынбайтынын
Күзгі.
Сен білесің ғой.
Өткеннің кейін оралмайтынын
Мұнда.
Сезімсіз сәуле қона алмайтынын
Жырға.
Сен білесің ғой.
Қатігез қала қаймықпайтынын
Мүлде.
Жалғыздың жанын Ай құптайтынын
Бірге.
Сен білесің ғой.
Таңдардың бізсіз ататындығын
Жылып.
Және де кейін бататындығын
Күліп.
Сен білесің ғой.
Сөздердің сатқын, жел мінездері
Басым.
Әлемнен сонда емдік іздеді
Жасың.
Сен білесің ғой.
Жандардың жерден жасып өткенін
Сынып.
Ал, сен
Жаныңның кейбір қасіреттерін
Ұмыт.
Сен білесің ғой.
Жүрекке жаным бағынышты әркім.
Содан
көрген жоқ шегін сағыныштардың
Қоғам.
Сен білесің ғой.
Гүл көктем қайта еркелетерін
Сені.
Енді кім?
Жаныққан жанның ерте кетері
белгілі.
Ал, сен оны білесің ғой, Ашон!
Достарыңызбен бөлісу: |