І.Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбейту.
ІІ.Өсу мүшелерінің бөліктерімен көбейту.
ІІІ.Телу арқылы көбею.
Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбейту
а)Тамырсабақ арқылы көбейту- құртқашаш, інжугүл, т.б. ә)Түйнек арқылы көбейту - картоп, т.б. б)Пиязшық арқылы көбейту- сарымсақ, лалагүл, қызғалдақ, т.б. в)Мұртшалары арқылы көбейту-қойбүлдірген, құлпынай, т.б.
Өсу мүшелері бөліктерімен көбейту
а)Сабағы; ә) жапырағы; б) тамыры арқылы жүргізіледі.
Телу арқылы көбейту
Телу – бір өсімдік бүршігін екінші өсімдікке телу. Оның түрлері:
1.Жанастыра телу – қатар өскен 2 өсімдікті жанасар жағы қабығын сүрегімен бірге сыдырып алып, жанастырып байлайды. Ұласу мерзімі 1 – 2 жылға созылады.
2.Кесінділеп телу - бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластырады.
3.Көзшелеп телу – бір өсімдіктің бүршігін аздап сүрек бөлімімен кесіп алады. Екінші өсімдік қабығын сүрегіне дейін «Т» әрпі тәрізді кесіп, қабықты ашып, бүршікті сол жерге орналастырып жөкемен байлап қояды.