Екі бүйрек, екі несепағар бүйректен тікелей клоакаға ашылады. Қуығы жоқ.
Көбею мүшесі
Дара жынысты. Іштей ұрықтанады. Мекиеннің аналық безі, жұмыртқа жолы сол жағында 1-еу ғана болады. Қораздың аталық безі, тұқымжолы 2-еу.
Балапандарының түрлері
Жұмыртқадан шыққан балапандарды 2 топқа бөледі – ширақ және қызылшақа балапан. Ширақ балапан – үлпілдек қауырсынды, ширақ, жұмыртқадан шыға сала тіршілік әрекетін жасайды. Мысалы, тауықтәріздестер, қазтәріздестер, түйеқұстар балапандары. Қызылшақа балапан – әлсіз, көзі ашылмаған, қауырсыны жетілмеген, құлақ тесігі бітеу болады.
Мысалы: кептер, торғайтәріздестер, тоқылдақ, тотытәріздестер, қарға, ұзақ, сарышымшық, жыртқыш құстар балапаны.
Әкқабық – сарыуыз бен ақуызды(нәруызды) кеуіп кетуден және салқындаудан қорғайды. Әкқабықта газ алмасуға жағдай жасайтын ұсақ шұрықтар болады және сыртын микроб пен сұйықтың енуінен қорғайтын жұқа қабықша жауып жатады.
Жұмыртқаның доғал жағында 2 жұқа қабықшаның ажырауынан түзілген, ұрық тыныс алатын ауалы қуыс бар.
Сарыуыз
Өзіне тән қабықшасы бар сарыуызды 2 жағынан арқаншалар(халаза) жұмыртқаның дәл ортасында орналастырады. Сарыуызда ұрықтың дамуы бастау алатын ұрық табақшасы(тегершігі) орналасқан
Ақуыз (нәруыз)
Сарыуыз бен жұқа қабықша аралығын толтырып тұратын қоймалжың, мөлдір сұйықтық. Ол- ұрықтың дамуына қажетті су қоры.