Сенбі  2015 жыл баѓасы келiсiмдi газет 1934 жылѓы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата06.04.2017
өлшемі6,42 Mb.
#11087
  1   2   3

№ 3 (9739)

17 қаңтар 





 сенбі

2015  жыл



БАЃАСЫ  КЕЛIСIМДI  

Газет  1934 жылѓы  

1 ќазаннан  шыѓады

Аќсу аудандыќ ќоѓамдыќ - саяси газет

ДОСТЫЌ, БІРЛІК, ЫНТЫМАЌ!

***

Елбасының 

2014 

жылғы 


11  қарашадағы  «Нұрлы  жол-

болашаққа 

бастар 

жол» 


атты  Жолдауының  алтыншы 

бағытында  баса  көрсеткені, 

апатты  мектептермен  үш  ауы-

сымды  оқыту  проблемаларын 

шешу  деді.  Сондықтан  Үкіметке 

70  миллиард  теңге  бағыттауды 

тапсырды. Балалар бақшасының 

жетіспеушілігі  басқа  мәселе 

екендігін  атап  көрсетіп,  мектеп-

ке дейінгі мекемелерде орындар 

тапшылығын түбегейлі қысқарту  

мақсатында    3  жыл  бойы 

қосымша  20  миллиард  теңге  

бағыттауды  тапсырды.  Инду-

стрияландыру  бағдарламалары 

шеңберінде 

базаларында 

ғылымның экономика салалары-

мен  және  мамандар  дайындау-

мен    байланысты  қамтамасыз 

етілетін 10 жоғарғы оқу орында-

ры анықталды.  Осы мақсаттарға 

2017  жылға  дейін  10  милли-

ард  теңге    бағыттай  отырып, 

осы  жоғарғы  оқу  орындарының 

метериалдық - техникалық база-

сын қалыптастыруды тапсырды.

Елбасы 


жастар 

біздің 


болашағымыздың  тірегі  деп 

үнемі  айтып  келеді.  Мемле-

кет  жаңа  буынның  алдында  

барлық  есіктер  мен  жолдарды 

ашты.  «Нұрлы  жол»  міне  біздің 

«БОЛАшАқ жОЛЫ - жАСТАРМеН»

креативті  жастарымыздың  күш-

жігер  жұмсап,  құлаш  сермейтін 

тұсы деп сенім артты.

Сондықтар  жастар  сіздер  мен 

біздер  тарихи  құндылықтар  мен 

рухани  қасиеттерге  ұмтылып, 

өзіміз өмір сүріп отырған заманға 

лайықтана  білсек,  көңілдегі 

көксеген  мұраттарға  қол  жеткізу 

тіпті  қиын  болмайды.    Жастар-

ды  жақсылықтарға  бастайтын 

жақсы  қасиеттің  бірі-ауызбірлік 

пен ынтымақ. Бірлік болған жер-

де  әрдайым тату  тірлік болмақ. 

Н.Назарбаев  таяудағы  жыл-

дар  жаһандық  сынақтардың 

уақыты болатындығын, бұл сын-

нан  тек  мықты  мемлекеттер, 

жұдырықтай жұмылған халықтар 

ғана өтетіндігін айтты.

Жастар 


елдің 

болашағы, 

болашаққа  сенім  арту-жеңісті 

де  жемісті  келешектің  көрінісі. 

Жастар 

мемлекетіміздің 



қуатты  тірегі  бола  алса,  онда 

экономикалық  дағдарыс  пен 

әлеуметтік шиеленіс мүлдем бас 

көтере алмас еді.

Елімізді  баянды    болашаққа 

«Нұрлы  Жолмен»  алып  баруға 

жастар қауымы сіздер мен біздер 

бар  күш  жігерлерімізді  салудан 

аянбай  қажырлы  еңбек  етуіміз  

қажет.


Аудандық 

статисти-

ка  басқармасы  мемлекеттік 

статистикалық 

есептерді 

уақытында 

ұсыну 

туралы 


естеріңізге  салады.  Есептердің 

мерзімі мен электрондық нысаны 

ҚР  ҰЭМ  Статистика  комитетінің 

сайтынан  (http:www.stat.gov.kz) 

немесе Желтоқсан көшесі 2 ме-

кен жайда орналасқан статисти-

ка  басқармасынан  білулеріңізге 

болады. тел.21697

2015  жылдың  1  қаңтары-

нан 


бастап 

Қазақстан 

Республикасының 

Әкімшілік 

құқық бұзушылық туралы Кодексі 

2014  жылғы  5  шілдедегі  №235-

  2015  жылдың  10  қаңтар  күні  Қызылағаш  ауы-

лы,  Жансүгіров  атындағы  орта  мектебінде  "Жас 

Отан"  ЖҚ-ң  мүшелері,  белсенді    ауыл  жастары,  

Қызылағаш  ауылдық  округінің  спорт  ісі  жөніндегі 

әдіскер  -  нұсқаушысының    ұйымдастыруымен 

«Есімдері  жадымызда  мәңгілік...»  атты  баскет-

болдан  турнир  өтті.  Оған  Жансүгіров,  Қарашілік, 

Қапал,  Көшкентал  ауылдық  округтері  және  

Ақтоған,  Қызылағаш  ауылдарынан    келген  спорт  

командалары  қатысты.  Турнирдің  негізгі  мақсаты 

Қызылағаш ауылында болған апатта құрбандарды 

еске  алу,  салауатты  өмір  салтын  насихаттау. 

Турнирдің  ашылу  салтанатында  аудан  әкімінің 

орынбасары,  аудандық  партия  филиалы  Саяси 

кеңес  Бюро  мүшесі  С.Қорғанбаев,  аудандық  пар-

тия  филиалы  төрағасының  бірінші  орынбасары, 

аудандық  мәслихат  депутаты,  Алматы  облыстық 

Саяси  кеңес  Бюро  мүшесі  К.Дәулетбекова,  ауыл 

әкімі,  «Қызылағаш»  БПҰ-ң  төрағасы  С.Әмитова,  

І.Жансүгіров орта мектебінің директоры, аудандық 



ЕсімдЕрі  жадымызда мәңгілік...   

Саналы адам көз салады өткенге,

Мың жасаған бұл өмірде жоқ пенде.

Айырылдық ауылдастан, жақыннан,

Өкінішті бес жыл бұрын көктемде.

Тыныштықпен ата берсін таң күліп,

Үлкен-кіші өмір сүрсін сән құрып 

Қапияда опат болған жандардың,

Есімдері жадымызда  мәңгілік!

жолдауға - қолдау

заңды жәнЕ жЕкЕ 

тұлғалардың  назарына

Аудандық 

партия 

филиалының 



ғимаратында  

«Нұр  Отан"  партиясы  Ақсу 

аудандық  партия  филиалының 

кезектен тыс Саяси кеңес Бюро-

сы өтті. Саяси кеңес Бюро оты-

рысына аудандық мәслихаттағы 

депутаттық  фракция  мүшелері 

қатысты.  Саяси  кеңес    Бюро 

отырысын 

 

аудан 



әкімі, 

ынша  аудандық  мәслихат  де-

путаты,  аудандық    мәслихат 

хатшысы 


 

С.Серпербаев, 

аудан  әкімінің  орынбасары, 

аудандық  Саяси  кеңес  Бюро 

мүшесі    С.Қорғанбаевтар  өз 

ұсыныстарын  білдірді.  Саяси 

кеңес  отырысында  депутаттық 

фракция  жетекшісі,  фракция 

жетекшісінің  орынбасары  және 

жауапты хатшысы  бекітілді.



л. қасымбЕкова.

аудандық    партия  филиалының 

төрағасы  Ә.Далбағаев  жүргізді.  

Бюро  отырысында    аудандық 

мәслихаттағы    «Нұр  Отан»  пар-

тиясы  қоғамдық  бірлестігінің 

депутаттық  фракциясы  тура-

лы  үлгі  Ережесі    бекіту  туралы 

мәселе  қаралды.    «Нұр  Отан» 

партиясы  қоғамдық  бірлестігінің 

депутаттық  фракциясы  туралы 

үлгі Ережесімен аудандық партия 

филиалы  төрағасының  бірінші 

орынбасары 

К.Дәулетбекова 

таныстырды.  Осы  мәселе  бой-



«нұр отан» партиясы қоғамдық 

бірлЕстігінің дЕпутаттық фракциясы 

туралы үлгі ЕрЕжЕсі бЕкітілді

«нұр отан»партиясы ақсу аудандық филиалының

қоғамдық қабылдау бӨлмЕсіндЕ                    

                                                                                             

( жансүгіров ауылы желтоқсан 5 “б”)

алматы облыстық маслихатының депутаты т.қасымбекованың 2015 жылы 

азаматтарды қабылдау  кестесі 

мәслихат депутаты Ә.Байтұмақов 

және  Алматы  облысы  жастар 

саясаты 


орталығы 

КММ-нің 


аймақтармен  және  жастардың 

үкіметтік 

емес 

ұйымдармен 



жұмыс  істеу  бөлімінің  басшы-

сы  О.Рақымжанов    қатысты.  

Жарыс  қорытындысы  бойын-

ша  І  орын  Қызылағаш  ауылы, 

ІІ  орын  Жансүгіров  ауылдық  округі,  ІІІ  орын-

ды  Қарашілік  ауылдық  округі  ұтып  алды. 

Командаларға Алматы облыстық жастар саяса-

ты  КММ-нің  директоры,  облыстық  «Жас  Отан» 

ЖҚ-ның  атқарушы  хатшысы  А.Нұрмұхамедов 

және  округ  әкімі  С.Амитованың  алғыс  хаты 

және  Ақсу  ауданы  жастарының  филиалы, 

«Жас  Отан»  ЖҚ-Ы,  Қызылағаш  жастарының 

атынан    бағалы  сыйлықтар  табысталды.  Жа-

рыс  соңынан    құрбандарды  еске  алу  асы 

берілді.  Жарыстың  өтуіне  демеушілік  көмек 

көрсеткен ауылымыздың белсенді азаматтары-

на жастардың атынан алғысымызды білдіреміз. 

м. ЕстібаЕв,

 «партияның 50 тұлғасы» жобасына 

қатысушы.

ж. абубакиров,

округ спорт ісі жөніндегі нұсқаушысы.

Қазақстан 

Республикасы 

Еңбек және халықты әлеуметтік 

қорғау  Министрлігінің  2014 

жылғы  15  желтоқсандағы    № 

326  бұйрығы  бойынша,  2015 

жылдың  1 тоқсанына арналған 

кедейшілік 

шегі 


Қазақстан 

Республикасының 

Статисти-

ка  жөніндегі  агенттігі  өткен 

тоқсанға  есептеген  ең  төменгі 

күнкөріс  деңгейінің  40  пайызы 

мөлшерінде анықталды.

кЕдЕйшілік шЕгі

Алматы облысы бойынша 2014 

жылдың 4 тоқсанында ең төменгі 

күнкөріс  деңгейінің  шамасы   

20252 теңгені құрайды. 

Осыған  сәйкес,  Алматы  об-

лысы  бойынша  2015  жылдың  1 

тоқсанына  кедейшілік шегі 8101 

теңге  (20252х40%)    мөлшерінде 

және 


балалы 

отбасыларға  

берілетін 

мемлекеттік 

жәрдемақы  тағайындау  үшін 

азық-  түлік  себетінің  құны  12151 

теңге (20252х60%) мөлшерінде 

анықталды.

2015  жылдың  1  тоқсанына 

мемлекеттік 

атаулы 

әлеуметтік  көмекті  және  ба-



лалы  отбасыларға  берілетін 

мемлекеттік 

жәрдемақы 

тағайындау 

кезінде 

осы 


көрсеткіштерді негізге ала оты-

рып  есептелетіндігін хабарлай-

ды.

ф.шпЕкбаЕва,

 әлеуметтік бағдарламалар 

секторының меңгерушісі.

Қазақ  халқының  қаһарман  ұлы  Бауыржан  Момышұлы  өз  зама-

нында былай деген екен: “Тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, 

ғылыми  әдебиетін,  өнеркәсібін,  мәдениетін,  қоғамдық  құрылысын, 

салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, мұрасының қай дәрежеде 

екенін  көрсететін  сөзсіз  дәлелі,  мөлшері”.  Яғни,  қоғамның  дамып 

өзгеруі,  мәдениетінің  өркендеуі  тіл  деңгейімен  таразыланады. 

Сондықтан да біз тілге баса назар аударуымыз қажет.

Елбасы  Н.Назарбаев    «Қазақстанның  болашағы  қазақ  тілінде» 

деген  тұжырымдаманы  үнемі  айтып  келеді.  Қазақ  тілі  –  тек  қазақ 

халқының  тілі  емес,  мемлекеттік  тіл  –  ортақ  тіліміз,  Қазақстанда 

тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты-

мын деп есептейтін азаматтардың тілі. Сондықтан Президентіміздің 

Қазақстан  халықтары  Ассамблеясындағы  айтқан  сөзі  бәрімізге 

қатысты.  Тіліміздің  мәртебесін  көтеру,  оны  дамыту,  сөйлей  алмай-

тын азаматтарымызды оқыту – бұл да бәрімізге ортақ мәселелер.

Тіл – ұлттың ұлт екенін көрсететін ең негізгі белгі. Әрі онымен сол 

ұлттың психологиясы өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі тығыз бай-

ланысты. Әрбір тіл – тұнып тұрған мәдениет, мөлдіреген рухани бас-

тау. Ішсең мейірімің қанады, сөйлесең рухың көтеріледі, абыройың 

асады.  Ендеше,  мемлекеттік  мәртебеге  ие  қазақ  тілі  тек  қазақ 

халқының ғана емес, тәуелсіз елдің ақ тілеулі тірегі болып отырған 

қазақстандықтардың  тілі.  Біз  осыны  ұмытпасақ  екен.  Мемлекеттік 

тілді  білу  арқылы  өзгені  емес,  өзіңді  құрметтегенің  екенін  естен 

шығармағанымыз абзал.

Мемлекеттік  тіл  –  мемлекеттік  рәміздердің  бірі  болып  табыла-

ды. Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасының әрбір азаматы-

нан  іс  қағаздарды  мемлекеттік  тілде  жазуын  талап  етеді.  Өйткені 

мемлекеттік тілде мемлекеттік дәрежеде маңызы бар құжаттар жа-

зылады.


Президент Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: “Қазақ қазақпен қазақ 

тілінде  сөйлессін”  деп  атап  көрсетіп  еді.  Шынымен  де,  қазақ  пен 

қазақ, әке мен бала, әріптестер жұмыста қазақ тілінде сөйлескеніміз 

жөн.


 

б. әлсЕйтова,

 аудандық әділет басқармасының         

 

жетекші маманы. 

қАзАқшА СөйЛеСейІК АғАйЫН

V  ҚРЗ  қолдданысқа  енгізілді. 

Осыған  орай  Кодексінің  497-ба-

бына 


сәйкес 

Мемлекеттік 

статистиканың  тиісті  органда-

рына  алғашқы  статистикалық 

деректерді белгіленген мерзімде 

ұсынбау – жеке тұлғаларға – бес, 

лауазымды  адамдарға,  шағын 

кәсіпкерлік субъектілеріне –жеті, 

орта  кәсіпкерлік  субъектілеріне-

он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 

қырық  айлық  есептік  көрсеткіш 

мөлшерінде  айыппұл  салуға 

әкеп соғады.

аудандық статистика 

басқармасы.

аудандық сайлау комиссиясы ақсу ауданы 2015 жылдың 28 

қаңтарында ӨкілЕттігі тоқтаған ақсу ауылдық округ әкімінің 

орнына ӨтЕтін сайлауға тӨмЕндЕгі кандидаттар:

1. Аденов Ануар Маратұлы 1988 жылы туған, 

білімі  жоғары,  аудандық  кәсіпкерлік  бөлімінің 

бас маманы.

2.  Көпелбаев  Дастан  Кенжебекұлы  1987  жылы 

туған,  білімі  жоғары,  Ақсу  ауылдық  округі  әкімі 

аппаратының бас маман – есепшісі.


2 бет

аќсу Өњірі

17 қаңтар 2015 жыл

Ақсу АудАны әкімі ә.дАлбАғАевтың АудАн хАлқы АлдындАғы 

есебінің 2015 жылғы кездесу кестесі

Ақсу АудАнының Ауылдық округ әкімдерінің  2014 жылы 

АтқАрылғАн жұмыстАры турАлы округ тұрғындАрымен 

кездесулердің жүйелік кестесі

АудАн тұрғындАрының АудАн 

әкімінің  2014 жылы АтқАрылғАн 

жұмысы турАлы ұсыныстАрын, сын-

ескертпелерін, пікірлерін жинАқтАуғА 

АрнАлғАн АрнАйы жәшіктердің 

орнАлАсу мекен-жАйы

Бүкілодақтық  Соғыс  және  Еңбек  ардагерлер  ұйымы  ең 

алғаш  1986  жылы  қыркүйек  айының  25-і  күні  құрылуына 

орай  осы  жылғы  қазанның  29-ы  күні  облыстық  партия 

комитетінің  шешімін  басшылыққа  ала  отырып,  Ақсу  ауда-

ны  партия  комитетінің  1986  жылғы  20-қарашадағы  №23 

қаулысы бойынша аудандық Соғыс және Еңбек ардагерлері 

ұйымы құрылған болатын.

1987 жылдан бастап 1989 жылдың наурыз айына дейін 

аудандық  Соғыс  және  Еңбек  ардагерлері  ұйымын  ау-

дан  жұртшылығына  танымал  соғыс  ардагері  Бейсебек 

Мұқанұлы Қорғанбаев ақсақал басқарса, 1989 жылы сәуір 

айынан 2003 жылғы қарашаның 10-ы аралығында аудандық 

ардагерлер ұйымының төрағасы болып 14 жыл қатарынан 

Сабырбаев Ақыш ақсақал басқарып келді.

Ал  10-шы  қараша  айы  2003  жылдан  осы  уақытқа  дейін 

аудандық  Ардагерлер  ұйымының  кеңесін  Қасымбеков 

Нұрбек Сәрсенбайұлы басқарып келеді.

Қазіргі кезде ұйымда 4402 мүше бар. Оның ішінде соғыс 

ардагерлері  –  9.  Соғыс  ардагерлеріне  теңестірілгендер 

саны  –  67.  Ауған  соғысын  мен  Семей  полигонында 

болғандар – 43, Тыл еңбегі ардагерлері – 372, қалғандары 

зейнеткерлер.

Аудан бойынша алғаш құрылған 18 ардагерлердің баста-

уыш ұйымдарына кейінгі 5-10 жылда қосымша 15 жаңадан 

жергілікті  бастауыш  ұйымдары  қосылып  бүгінде  ауданда 

33  ардагерлердің  қоғамдық  бастауыш  ұйымдары  жұмыс 

атқарып келеді.

2006  жылы  барлық  17  ауылдық  округтердегі 

ардагерлердің  бастауыш  ұйымдары  аясында  үш  топтан 

тұратын  әжелердің  бастауыш  кеңестері  құрылып,  ру-

хани  құндылықтарды,  ұлттық  салт  –  дәстүр  мұраларын 

жастардың  бойына  қазіргі  заман  талаптарына  сай  сіңіру, 

тәлім  –  тәрбие  беру  мақсатында  жұмыс  істеуде.  Қазіргі 

кезде  төрайымы  Бақыт  Құрманғалиева.  Әрбір  ауылдық 

әкімдігі жағынан шағын тарихи – этнографикалық өлкетану 

мұражайлары ұйымдастырылуда.

Ең алдымен, қоғамның болашақ тізгінін ұстайтын жастар 

десек, өскелең ұрпақты ұлттық дәстүрге тәрбиелеу, оларды 

бірлікке,  адалдыққа  баулып,  қоғамдық  заң  талаптарының 

бұлжымай  орындалуына  «бас-көз»  болып  қадағалап  оты-

ру  аудан  құрамында  43  мүшесі  бар  аудандық  ардагерлер 

кеңесі мен 7 адамнан тұратын алқа тобы, жұмыс істейді.

Сонымен  қатар  2009  жылдың  қазан  айында  облыстық 

«Жетісу» газеті арқылы «Жастарға тәлімді тәрбие берейік» 

- деген тақырыппен аудан аталарының «Атадан – ұлағат» 

атты  аудандық  басқосу  жиналысында  облыстың  барлық 

ауылдық  әке  –  аталарына  арналған  Ашық  хаты  жарияла-

нып, осыған байланысты барлық ауылдық округтерде жиын-

дар өткізіліп, ауылдық ардагерлердің бастауыш ұйымдары 

жанынан  қосымша  Аталар  тәрбие  топтары  белгіленді  де. 

Бұл топ қазіргі кезде ақпараттық насихат және қылмыстың 

алдын алу мақсатында жоспарланып, ардагерлердің баста-

уыш партия ұйым аясында өз жұмыстарын жүргізіп келеді.

Өткен  2008  жылы  аудан  ардагерлерінің  «Қылмысты 

болдырмай,  алдын  алайық»  деген  тақырыпта  аудан 

халқына  ашық  хат  «Ақсу  өңірі»  газеті  арқылы  таратылған 

еді. Осыған байланысты аудандық Ардагерлер кеңесі Ішкі 

істер  бөлімінің  қызметкерлерімен  бірлесе  отырып,  жыл 

сайын әрбір ауылдық округтерде үлкендер мен жастардың 

көптеп  қатысуымен  жиналыстар  өткізіліп,  қоғамдық  заң 

талаптарының орындалуы бақылауға алынуда.

          «Әрқашан Ата – Әже аталатын,

          Аман бол ата – әжелер ұрпақтарың.

            Өздеріңнен  үлгі  –  өнеге,  Бата  алатын»  -  деген-

дей  алдымен  отбасының,  қала  берді  бүкіл  ауданның 

ынтымағының  іргетасы  болып  жүрген  қарттарымыз  әрбір 

ауылда, арамызда жетерлік. Жастық өмірін елінің көркеюі 

мен  гүлденуіне  арнап  еренді  еңбегімен  бейнет  шексе, 

бүгінде  қарттық  жасқа  жетіп  «зейнеттік  жасқа  келген  ер  – 

ел-жұртының қамын жер» - дегендей, қартайдым деп қарап 

отырмай, ел-жұрт – ұрпақтарының қамын ойлап қамқор бо-

луда белсенділік танытып жүрген ата – әжелер ортамызда 

баршылық.

«Кешегі  бабамызбен  ғана  емес,  бүгінгі  бағамызбен, 

ертеңгі  шамамызбен  де  мақтана  алатын  ұлт  болуды  ой-

лауымыз керек» - деген Елбасының даналық сөзіне қарай 

облыстық Ардагерлер кеңесінің бастауымен құрылған «Ата 

– баба дәстүрі –ұрпаққа аманат» атты Бағдарлама бойынша 

мектептерде  кластан  тыс  өткізілетін  тәрбие  сағаттарында 

майдангерлер  мен  белгілі  тыл  еңбегі  ардагерлерімен 

тәрбиелік мәні бар кездесулер өткізіліп, өмір көріністерінен 

көрмелер ашылып, суреттен буклет – альбомдар жасалып, 

әңгімелер мен шағын естеліктер жинақталып аудандық ар-

дагерлер үйіне тапсырылуда. 

Ауыл бастауыш ардагерлер ұйымдарының ағымды жылға 

арналып  жасалған  жоспарларына  қосымша  Елбасының 

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын, ҰОС-ы 70 

жылдығына «Қайран ерлер – Қаһарман ардагерлер», «Ас-

самблея – Халықтар Достығы жылы», «Қазақ хандығына – 

550 жыл», «Ата Заңға – 20 жыл», «Қазақстан – мәңгілік ел» 

- бағдарламаларды енгізіп жүзеге асырылуын басшылыққа 

алу көзделіп отыр.

Елді  мекендердегі  ардагерлердің  бастауыш  ұйым  ая-

сында  құрылған  Әжелер  мен  Аталар  тәрбие  кеңестеріне 

ауылдардағы  белсенді  деген  әжелер  мен  ақсақалдардың 

көптеп тартылуының арқасында және де олардың әр отба-

сымен етене араласып, әлеуметтік тұрмыс және рухани хал 

– жағдайын жақсы білудің нәтижесінде бүгінде жан – жақты 

қаумалаған  нашақорлық,  ішімдікке  әуестік,  жеңіл  жүріс 

пен  бос  күлкі  қуушылық  сияқты  жағымсыз  қылықтардың 

жастар  мен  кейбір  алжуас  ауыл  тұрғындарының  ара-

сында  азайғандығына  қол  жеткізіліп,  ауыл  ардагерлер 

ұйымдарының  ықпал  мен  беделінің  біртіндеп  артып 

келетіндігін көрсетіп отыр.

19  желтоқсан  2014  жыл,  Ұлы  Отан  соғысы  Жеңістің  70 

жылдығын  лайықты  қарсы  алу  мақсатында  облыс  бойын-

ша  ұйымдастырылған  «Қайран  ерлер  –  қаһарман  арда-

герлер»  атты  ардагерлердің  облыстық  көркемөнерпаздар 

байқауында  100-ге  тарта  ата  –  әжелерден  тұратын 

аудандық хор І – орынды иеленсе, басқа да көркемдік өнер 

бойынша ІІ – орын алып нағыз ата – әжелер екендіктерін 

Жетісу өңіріне өздерін таныта білді.

нұрбек қАсымбеков,

аудандық ардагерлер  кеңесінің төрағасы.

ұос-ы жеңісінің 70 жылдығынА орАй

АудАндық АрдАгерлер 

ұйымы жАйындА естелік

«Адам баласынан мейірім қашса, жер 

бетінен  жақсылық  қашады»-деген  дана  

халқымыз.  Қазіргі  жастар  тәрбиесінде 

жүректі 

ізгілендіру, 

нұрландыру  

арқылы  адам  жанына  әсер  ету  үрдісі 

кеңінен  қолданылып  келеді.  Бұл  әрине  

қуантарлық  жағдай.  Қайырымдылық-

адамның асыл қасиеттерінің бірі, ізгіліктің 

нақты көрінісі. 

«Жерде  бір  бала  қуанса,  көкте 

мың  періште  шаттанады»  демекші, 

Қызылағаш  ауылындағы  Жансүгіров 

атындағы  орта  мектебінде  Жаңа  жыл 

мерекесі 

қарсаңында 

ата-ананың 

қамқорлығынсыз қалған, жартылай жетім, 



  

мерекелік тАрту

көп  балалы,  аз  қамтылған  отбасы  бала-

ларына Жаңа жылдық сыйлықтар  тарту  

етілді.  Жақсылық  жасау-имандылықтың, 

тәрбиеліліктің, 

 

парасаттылықтың 



айқын  көрінісі.  «Жылуы  жоқ    үйден  без, 

қайырымы  жоқ  биден  без»  -  дегендей 

қайырымдылықты,  адамгершілікті  биік 

ұстап,  кісілікті  ту  етіп,  қолдан  келген 

жәрдемін  ұсынып,  достық  пейілдерін 

танытып, 

балаларымызға 

көңіл-күй 

сыйлап  отырған  ақ  пейілді,  жүрегі  кең  

«Демеу»  қайырымдылық  қорының    ди-

ректоры  А.А.Наурызғалиева  ханым  мен 

Талдықорған қаласындағы «Рахат» ЖШС 

директоры  В.М.Замковая  ханымға  шын 

жүректен  ризашылығымызды  білдіргім 

келеді. «Үлкен байлық пен адамға үлкен 

қайырым  бітпейді,  керісінше,  үлкен 

қайырымдылық  -  жинаған  байлығыңды 

абыройлы  етеді»,-  демекші,  қаншама 

баланың  жүзіне  шаттық  ұялатып 

жүрген  осындай  жомарт  азаматтардың 

қайырымды  істеріне  сауабын  молынан 

беріп,  еңбекте  абыройлы  болулары-

на  ата-аналар,  мектеп  ұжымы  атынан 

тілектестігімді білдіріп, рахмет айтамын.

                                             

                                



ә. бАйтұмАқов,

аудандық маслихат  

депутаты, жансүгіров атындағы 

орта мектебінің директоры.                                               

3 бет

аќсу Өњірі

17 қаңтар  2015 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет