Сене күресіп келе жатқан жауынгер басылым



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата06.03.2017
өлшемі2,08 Mb.
#7837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

дәуіржан ТөлЕБАЕВ

жас жауынгердің жүрегіне сенім мен қуат 

берген сүйікті жары Райханның хаттары 

болыпты. Ол жұбайынан келген сағыныш 

хаттарын сол жақ қапталындағы қалтасында 

сақтап жүріп ті. Алғашқы көмек көрсеткен 

дәрігері: «Сені құтқарып қалған не екенін 

білесің бе? Бұл – хаттар. Сүйікті жарыңның 

махаббатқа толы хаттары. Қайғырма, сен 

әлі жүз жасайсың» деген екен. Дәрігер бір 

нәрсені жүрегі сезіп айтқан болар...

Сол кездегі өмірден сыр шертетін 

сарғайған хаттарда былай деп жазылған екен: 

«Айтбай! Мен қазір өзің шексіз жақсы көретін 

кішкентай балапандарымызды бағып-қағып 

Астанада мектеп оқушылары арасында биыл екінші рет өткізілген 

«Әлемді өзгертетін идеялар» байқауына 46 оқушы қатысып, өздері 

ұсынған 36 жоба бойынша бақ сынаған болатын. Жуырда ҚР Тұңғыш 

Президенті музейінде осы байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

Үш кезеңнен тұратын байқаудың алғашқы туры қалалық мектептер-

де ұйым-дастырылған. Үшінші кезеңге іліккен жобалар мектептердің 

намысын қорғады. Бұл кезеңде мектептер өзара жарысқа түсті. Биылғы 

байқауда «Күн сәулесі арқылы жарықтандыру құрылғысы» және «Ел 

экономикасының баламалы түрге – «Жасыл экономика» форматына 

ауқымды бетбұрысы» тақырыбындағы жобаларымен Асхат Әбубәкіров 

пен Әсел Орынбекова көш бастады. 



Астанада ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек 

Есдәулетпен кездесу кеші өтті. «Киіз кітаптың киесі» деп аталған кешті  

айтыскер ақын дәулеткерей Кәпұлы жүргізіп отырды. 

Әдебиетші ғалым Тұрсын Жұртбай Ұлықбектей іні досының 

ақындығы мен азаматтығы хақында үлкен ойлар толғады. Ақынмен 

өнерде бірлескен күйші-сазгер Секен Тұрысбек ақынның өлеңімен 

үйлесім тапқан дүние-жалған жайындағы жаңа әнін әсем қоңырлатып 

орындап берді. 

Филология ғылымының докторы Шерубай Құрманбайұлы өз 

буынының әдебиетке құлаш ұрған жас талаптарына Ұлықбек ақынның 

өлеңдері «Әбілхаят» суындай әсер еткенін әдемі естелікпен әрлей 

баяндады. Жазушы Жолтай Әлмашұлы, көсемсөзші Нұртөре Жүсіп, 

ғалым Нәубәт Қалиев жырлары ұлт жүрегінен орын алған Ұлықбек 

Есдәулеттің ақындығы мен азаматтығы қос өрімдей астасқан бітім-

болмысы хақында пайымды ойларын білдірді. Кеш барысында ақын 

өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды.



Жеңімпаздарға – құрмет

 «Әбілхаят» мөлдіріндей өлеңдері

марапат


Кеш 

сында туындаған проблеманы ешбір қатерсіз шешуге 

шақырды. Мұны «Байсерке-Агро» агроөнеркәсіп 

холдингінің жетекшісі Темірхан Досмұхамбетов те 

қолдады. 

Жер реформасы бойынша комиссия ның отыры-

сында «Болашақ» жастар қозғалысының жетекшісі 

Дәурен Баба мұратов өз ойын ортаға салды. Ол 

«Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ секілді тек 

ауылшаруашылығы мақсатында ғана несие беретін 

мемлекеттің қатысуындағы банк қажет екенін тілге 

тиек етті. Д.Бабамұратов ауыл маңындағы жерлер 

жалға берілмеуі керек деді. 

Бүгінде қоғамымызда жер игеру мәселесі жиі 

айтылып келеді. Бұл жөнінде де әртүрлі көзқарастың 

бар екені аян. Осы орайда қоғам қайраткері, сая-

саттанушы Дос Көшім ауылшаруашылық жерлерін 

қазақ азаматтары өздері-ақ игеріп кете алатынына 

сенімді екенін жеткізді. Ал саясаттанушы Айдос 

Сарым Жер кодексін жетіл діру керек деген ойын 

білдірді. «Меніңше, бізге өзіміздің модельді табу ке-

рек. Бәрінен бұрын, егер де шетелдіктердің қатысуы 

алаңдатса, онда бұл мәселені шешу керек. Сонымен 

қатар  өзімізге де қатысты бағыттарды шешу маңызды. 

Бизнеспен айналысуға ниетті адамдарға байланысты 

мәселенің шешімін жасау қажет. Бүгін билік өкілдері 

барынша сабырлық танытты деп ойлаймын. Егер 

талқылаулар алдағы уақытта да осы арнада жалғасса, 

нәтижеге қол жеткізіледі» деді ол.

 Ал «Ақ жол» партиясының төрағасы, Парламент 

Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Қазақстанда 

жерді жекешелендіруге асықпау қажет деп санай-

ды. Себебі шаруалардың көбі оған әлі дайын емес. 

«Жекеменшік – нарықтық экономиканың негізі. 

Ауыл шаруашылығында оның салмағын бағалау тіпті 

мүмкін емес. Себебі жалға алынған жерге банк несие 

бермейді, соның кесірінен дамуға қолбайлау болып 

отыр» деді А.Перуашев.

Алқалы жиында Ақпарат және коммуникация-

лар министрі Дәурен Абаев комис сия шешімдерінің 

халыққа дұрыс жеткізі летіндігін атап өтті. «Жер 

– халқымыздың қа зынасы. Оны бәріміз білеміз. 

Басты ұстанымды негізге алып жұмыс істейміз деген 

ойдамын. Қазір барлығы ашық түрде өтуде. Жур-

налистер осы жерде айтылған пікірлерді халыққа 

жеткізетіндігіне сенемін. Бірақ біз сөздің мән-

маңызын ұмытпауға тиіспіз. Сондықтан барлық 

мәселені талқылай отырып, қалың бұқараға мән-

жайды түсінікті түрде жеткіземіз. Біз өз тарапымыздан 

осында қабылданған шешімдердің халыққа дұрыс 

жеткізілуіне бар күшімізді саламыз деп уәде береміз» 

деді министр.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші,  

жер реформасы бойынша республи ка лық комиссия 

отырысын Премьер-министрдің бірінші орынба-

сары, комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев 

қорытындылады. Комиссия жанынан түрлі салалар 

бойынша 4 жұмыс тобы құрылатындығы айтылды.    

– Менің ойымша, біз бүгін жақсы кеңес өткіздік. 

Шамамен 7 сағат үзіліссіз жиын өткізілді. 75 адамның 

70-і қатысты. 5 адам дәлелді себептермен келе алмай 

қалды. Бір адам отырысқа қатысудан бас тартты, 

ол «Арлан» үкіметтік емес ұйымның төрағасы Макс 

Боқаев. Бірақ ол мүлдем келмеймін деген жоқ. Оның 

өз талабы бар, бірақ ол жеке сипатта. Алайда, оған 

біздің есігіміз әрдайым ашық, – деді Б.Сағынтаев. 

Комиссия төрағасы бүкіл Қазақстан халқының 

пікірлерін жинақтап, бір шешім шығаратындарын, 

бұл орайда ең бірінші түсіндіру мәселесі қолға алына-

тынын атап көрсетті.



АлМАТыдАғы Зиялы

ҚАуыММЕН ЖүЗдЕСу

Жер мәселесіне байланысты алқалы жиын 

Алматыдағы «Достық» үйінде де өтті. Оған «Нұр Отан» 

партиясы  Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар 

Құл-Мұхаммед қатысты. Аталған басқосуға зиялы 

қауым өкілдері жиналып, өз ойларын ортаға салды. 

М.Құл-Мұхаммед кейбір азаматтардың «Эко-

номика дағдарысқа ұшырады. Бюджетке түсетін 

қаржы азайды. Соның орнын толтыру үшін жер сату 

басталды» деген алып-қашпа әңгімелерге түсініктеме 

беріп, бұл мүлде шындыққа жанаспайтын пікір екенін 

ашық айтты. «Реформаның басты мақсаты – жерді 

халқымыздың тұрақты табыскөзіне айналдыру деп 

түсінуіміз керек» деді Мұхтар Абрарұлы.

Сондай-ақ М.Құл-Мұхаммед енді бір топтың: 

«Қазақ жерінің жартысы сатылып кетті. Енді Үкімет 

қалған жартысын сатуға кірісті» деп байбалам сала 

бастағанына назар аударды. «Бұл да шындықтың ауы-

лынан алыс жатқан өте ұшқары байлам. Қазақстандағы 

барлық жер қоры 272 миллион гектар. Оның ішіндегі 

ауылшаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 100,8 

гектарды құрайды. Ал Тәуелсіздігіміздің 25 жылында 

соның 1,3 миллион гектары, яғни 1,3 пайызға жуығы 

ғана жекеменшікке беріліпті. Айтыңызшы, жартысы 

мен 1,3 пайыздың арасы жер мен көктей емес пе? 

Үшінші мәселе жерді жалға беруге қатысты. Бүгінгі 

күнге дейін республикамыздағы жалға берілген жер 

телімінің көлемі 99,5 миллион гектарды құрайды екен. 

Осының тек 0,06 пайызын ғана шетелдіктер жалға 

алған. Міне, бұлтартпайтын шындыққа негізделген 

фактілер осындай» деді партия Төрағасының бірінші 

орынбасары.

Бүгінде жұртшылық арасында  «жерді сатып алған 

немесе жалға алған қазақстандық алпауыттар оны 

қымбат бағаға шетелдіктерге сатып жіберуі мүмкін» 

деген алаңдаушылық жоқ емес.  М.Құл-Мұхаммед 

жерді сатып алған немесе жалға алған қазақ стандықтар 

оны өз бетінше басқа біреуге сата алмайтынын, бұған 

заңнамада көптеген тосқауылдар қойылғанын баса 

айтты. 


Партия Төрағасының бірінші орынбасары:  

«Кейбір шетел азаматтары қазақстандық қыз-

келіншектермен жалған некеге тұру арқылы жер 

сатып алу мүмкіндігіне ие болуда» деп алаңдаушылық 

білдіруде. Міне, бұл – дұрыс пікір. Осындай 

келеңсіздікті болдырмау үшін заңда тиісті шек-

теулер қарастырылған. Атап айтар болсақ, жер 

Қазақстан азаматына ғана беріледі, ал егер олар ажы-

раса қалған жағдайда жер тек Қазақстан азаматының 

жекеменшігінде қалады» деді. Ол жерді шетелдіктерге 

жалға беруден жасқанудың еш қажеті жоқтығын тілге 

тиек етті. Ал олардың жалға алған жерлерді аздырмай, 

тоздырмай ұстауына қатаң бақылау орнататын заң 

талаптарын енгізу керек деген пікірлермен толық 

келісетінін айтты. 

Ұлттық ғылым академиясының президенті, акаде-

мик Мұрат Жұрынов алып-қашпа қисынсыз уәждерге 

ере бермей, жермен жұмыс істеу керектігі туралы да 

айтып өтті. 

Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Ораза-

лин, академиктер Төрегелді Шарманов, Еділ Ерғожин, 

Әлия Бейсенова, Нағима Айтхожина, Досмұхамед 

Кішібеков, халық артистері Асанәлі Әшімов, Бибігүл 

Төлегенова,  Сәбит Оразбаев, заң ғылымының докто-

ры Сұлтан Сартаев, жазушылар Дулат Исабеков пен 

Сәбит Досанов, қоғам қайраткерлері Иса Байтулин 

мен Талғат Мамашев, жазушы Бексұлтан Нұржеке өз 

ойларын білдірді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед қазақ зиялыларымен 

болған Алматыдағы дөңгелек үстелді қазақтың кең 

пейіліне қарай көл-көсір мол жер бұйыртты, енді 

қазақтар осыншама байлықты еселеп ел игілігіне ай-

налдыра алатын жердің қадірін білетін ерлерге беруі 

керек деп қорытындылады. 

Сонымен, барша қауымды толғандырған жер 

тағдырына байланысты маңызды екі жиын өтті. 

Халқымызда «Келісіп пішкен тон – келте болмас» де-

ген ұлағатты сөз бар. Барлық түйткілдерді ой сарабына 

салып, шешкеніміз дұрыс. Жиналған көпшіліктің 

пікірі осыған сайды. 



Ақбота иСлӘМБЕК

Жер тағдыры: ортаға салар ойлар бар 

Келесі аптада Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Жас 

қанат – 2016» республикалық байқауы басталады. 

«Жас қанат» биыл 25-ші рет ұйымдасты ры лады. Байқаудың мерей-

тойына орай ресми сайты ашылды. www.contest.kz мекенжайына кірген 

адам биылғы қатысу шылардың тізімімен, байқау тарихымен, қатысу 

шарттарымен танысып, жалпы ол жөнінде толыққанды ақпарат алады. 

Биылғы қатысушыларға келсек, іріктеуден өткен 30 жасқа дейінгі 14 

әнші ақтық кезеңге жолдама алды. 

Елімізге белгілі әншілер Медеу Арынбаев, Нұрлан Абдуллин, 

Гауһар Қаспақова, Гүлнұр Оразымбетова, Мәдина Сәдуақасова, 

Нұржан Қалжан, т.б. қазылық етпек. Жеңімпаздар «Алтын қанат», 

«Күміс қанат», «Қола қанат» сынды жүлделерден бөлек Астана 

қаласы әкімінің, қалалық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама 

басқармасының, сондай-ақ «Хабар» агенттігінің арнайы жүлдесімен 

марапатталмақ.



«Жас қанат – 2016»

өнер


4

№20 (1330) 

19 – 25 мамыр 

2016 жыл


АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

5

№20 (1330) 



19 – 25 мамыр 

2016 жыл


Берікбай САҒынДықҰлы, 

әл-Фараби атындағы қазҰУ-

дың профессоры, филология 

ғылымының докторы

СӨз тӨРКінін АШУДың 

жаңа әдістері мен тәсілдері

толғауы тоқсан туған тіл 

тілімізде аса ежелгі дәуірлерден бас-

тап келе жатқан сөздермен қатар  

тарихқа белгілі дәуірлерде жасалған

сондай-ақ кейінгі заман дарда 

пайда болған жаңа сөздермен сөз 

тіркестерінің бар екені белгілі. Осы-

лардың арасында ежелгі дәуірлерден 

бері қарай сақталып, бүгінгі күнге жет-

кен сөздердің байырғы тұлғасы мен 

бұрынғы лексикалық ма ғыналары, 

олардың тууына себепші бол ған уәждің 

танымдық маңызы өте зор. 

тіл біліміндегі тарихи-салыстырмалы 

әдістің арқасында біраз сөздердің эти-

мологиясы ашылғанын айта кету қажет. 

Алайда ғылымның дамуына байланыс-

ты бұл әдістің қазіргі уақыт талабына 

сәйкесе бермейтіні байқала бастады. 

Мен осы мақаламда аталған әдіс пен 

жаңа әдістің айырмашылығын көрсету 

мақсатымен бұрын түп-төркіні ашылған 

бірқатар сөздерді қайта талдағалы 

отырмын.

Мамыр – қазақ күнтізбесі 

бойынша жыл он екі айдың 

үшінші айы, яғни григориан 

күнтізбесінің май айына 

сәйкес. Жыл айларының 

ішінде мамыр ең сұлу, 

табиғаты тамаша гүлге 

бөленген көктемнің дер 

кезі, шаруа айы (Б.Әуетов). 

Бұл ай шаруалар үшін – 

қадірлі ай: жауын-шашын 

көп болып, шөптің бойы 

көтеріледі; жан-жануарлар 

түлеп, өсімдік гүлдейді. 

Әжелер барлық ауру-

сырқатқа ем болады деп 

зауза майын жинайды.

Бұл жылғы мамыр айы ерекше мол жауынды-шашынды өтуде. Осы рет-

те оқырмандарымызға тіліміздегі жаңбыр атауына және оған қатысты 

ұғымдардың мағынасын ашып көрсетуді жөн санадық. 

тілімізде жаңбыр сөзіне синоним ретінде қолданылатын және лұғаттық мақалада 

«жауын жауып, жел соғып, қар борап тұрған ауа райының бұзылған сәті; жауы-

ны да, шашыны да, бәрі болып тұрған кез» мағынасын білдіретін жауын-шашын 

қос сөзінің құрамындағы мағынасы күңгірттенген шашын сөзінің шығу төркінін, 

қазақ тіл білімінің көрнекті ғалымы, академик Әбдуәли қайдар «қазақ тіліндегі 

қос сөздер: зерттеу және сөздік» атты еңбегінде (Алматы: Сардар, 2013. 37-43 бб.), 

төмендегіше тарқатады: 

о ң т ү с т і к   қ а з а қ с т а н   о б л ы с ы



ОРдАБАСы АудАНы

Қараспан – ауыл. Қараспан ауы-

лы екі өзеннің: Бадам және Арыстың 

т о ғ ы с қ а н   ж е р і н д е   о р н а л а с қ а н . 

Аспанмен таласқан деген ұғымда 

айтылған және де Қараспан төбесі 

орналасқандықтан айтылған болу 

керек. Ауыл аумағында орналасқан 

төбелердей «Қарауыл төбе» белгі беретін 

төбелердің бірі болған. Ертеде үлкен 

қала болғандығын дәлелдейтін құмыра 

қалдықтарын профессор В.Подушкин 

зерттеген. Бұрыннан Қараспан атымен 

белгілі болған, бірақ XIX ғасырдың 

90-шы жылдары Ресейден келген орыс 

көпестерінің қоныстануымен Обру-

чевка аталған. Кеңес үкіметі кезінде 

«Жаңа тұрмыс» ұжымшары ұйымдасты, 

кейіннен «Қараспан» ұжымшарының 

орталығына айналды. Бүгінгі күні еліміз 

тәуелсіздікке ие болған соң, ертедегі 

атауы қайтарылып беріліп, Қараспан 

ауылы деп аталды. 



Б а т ы р а т а   –   а у ы л .   Т а р и х и 

тұлғалардың бірі: әрі әулие, әрі адал, ірі 

батыр Батыр ата есімді бабамыз болған 

екен. Бабамыз ұрпағына елін, жерін, 

діні мен ділін жан аямай қорғауды ама-

наттап, көркейіп өсіп-өнуді өсиеттеп 

кеткен. Кеңес уақытында Қараспан 

ауылдық Кеңесіне қарасты Қараспан 

учаскесінің атын өзгерту үшін Батыр 

ата есімін беруге ұсыныс берген ауыл 

тұрғындары осылай айтады.

Көлтоған – ауыл. «Көлтоған» ауылы 

атауы «судың құймасына бөгеу болған 

жер» деген ұғымды білдіреді. Көлтоған 

ауылы кеңшар құрылғанға дейін «Но-

вый мир» ұжымшары, ал ауылдық кеңес 

«Көлтоған» атанған. 1954 жылға дейін 

Арыс өзенінен Қазына арыққа 1923-25 

жж. австриялық тұтқындарға салдырған, 

су шығаратын бөгет болушы еді. Ондай 

бөгетті қазақтар тоған деп атаған ғой. Сол 

бөгет тоғанның жоғарғы жағы көл болып 

жайылып жататын. Содан ауыл Көлтоған 

деп аталған. Бұл мағлұмат Бектөре 

Оспанұлының «Ордабасы оттары» 

газетінде 1992 жылы 8 қыркүйектегі ба-

сылымында жарыққа шыққан «Қосарым 

бар» атты мақаласынан алынған. 

Ақжар – Арыс өзені бойындағы 

т ө б е н і ң   а т а у ы .   А қ ш ы л   б о л ы п 

көрінетіндіктен «Ақжар» аталған. 

ы б ы р а й   ж а р   –   А р ы с   ө з е н і н і ң 

солтүстік жағалауында орналасқан. Ке-

ұлы дала атаулары

қАзАқСтАн РеСпУБлИКАСы ҮКіМетінің ЖАнынДАҒы 

РеСпУБлИКАлық теРМИнОлОГИЯ КОМИССИЯСының 

2015 ЖылҒы 6 қАзАнДАҒы ОтыРыСынДА БеКітілГен теРМИнДеР

КӨліК ЖӘне қАтынАС ЖОлДАРы САлАлАРының теРМИнДеРі

Ол үшін жаңа әдістің өзіне азын-

аулақ түсінік бере кетелік. Математикада 

белгіліні пайдалана отырып, белгісізді 

қалпына келтіру әдісі бар. Бұл әдісті линг-

вистикада іске қосуға тіліміздегі үнемдеу 

заңы, жуан дауыстылардың жіңішке 

дауыстыларға, еріндіктердің езуліктерге 

айналу заңдылықтары, метатеза, сіңісу, 

жылысу, ығысу құбылыстары, дауысты 

дыбыстардың да, дауыссыз дыбыстардың 

да шыққан тегін, арғы тегін, түпкі тегін 

ажырата білу тәсілдері, тағы басқалар 

елеулі үлес қоса алады. Бір тілдің бүкіл 

даму динамикасын меңгеріп, барлық 

заңдылықтар мен құбылыстарды кешенді 

байланыста қарастырғанда ғана белгілі 

арқылы белгісізді табуға болады. 

Талдауды үнемдеу құбылысынан 

басталық. Бірде тарихи жазба ескерткіш-

тердің бірінен «арслан оғлы» деген тіркесті 

ұшырастырдым. Адамға байланысты 

қолданылатын осы сөздің аңға қарата 

айтылғаны менің көңілімді аударды. 

«Көне түркі сөздігіне» жүгінгенімде бұдан 

өзге «қуш оғлы» тіркесіне көзіміз түсті. 

Адамға да, жан-жануарларға да, құсқа да 

әмбебап пайдаланылған бұл қандай сөз? 

Әлде бір дыбысы түсіріліп, жойылып кетті 

ме екен? Бір дыбысы түсірілгендіктен, 

мағынасы күңгірттеніп кеткен сөздер 

қаншама! «Оғулдың» алдына т  дауыс-

сызын қосып едім, өзіме түсінікті тоғул 

деген жаңа форма пайда болды. Бұл – 

қазақ тіліндегі «туыл» деген етістіктің 

оғыз тіліндегі көрінісі. Осы жерде дауыс-

ты дыбыстардың шыққан тегі көмекке 

келеді. О – тіл тарихында болмаған, уақыт 

жағынан кейінірек пайда болған дыбыс. 

Шыққан тегі – у, о-ның орнына у-ды 

қойсақ, туғул тұлғасы қалпына келеді. Бұл 

тұлға ‒ қыпшақ тілдері мен оғыз тілдеріне 

ортақ көне архетип. «Туғул» қазақ тілінде 

былай дамыған: туғул >туул>туыл. Оғыз 

тілдерінде бірінші у еріндік о-ға айналса, 

қыпшақ тілдерінде екінші у езулік ы-ға 

айналып,  ғ дыбысы жойылып кеткен. 

Осы себепті туыл – етістігінің адамзатқа 

да, жан-жануарлар мен құстарға да бірдей 

жұмсалғаны түсінікті. Сол сияқты оғыз 

тілдеріндегі  оғуш қазақ тілінде – туыс

артут – тарту. «Артут» атауынан көптік 

мағынасын беретін т дыбысын (үнемдеу 

заңына сәйкес) алып тастасақ, қазақ 

тілінің нормасына түседі. Сөйтіп, ежелгі 

түркілік  тоғул  формасының алғашқы 

дыбысы жойылуынан пайда болған оғул 

формасы жоғарыдағыдай тарихты басынан 

өткерген. 

Енді тіліміздегі бірнеше заңды лық-

айналуы барысында туындаған формалар. 

Көптеген сөздердің соңында н-нің түсуі 

ұдайы болып тұратын құбылыс. Мысалға, 

қазіргі орта атауының көне ортан атауынан 

пайда болғандығын «ортан жілік», «ортан 

қол» тіркестерімен салыстырғанда оп-

оңай зерделеуге болады. 

Соңғы жылдары тіл-тілде фоне-

ма, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем 

дәрежелес түбіртек (архесиллаб) деп атала-

тын тілдік бөлшектің бар екендігі ғылыми 

жолмен анықталып отыр. Бір дауысты мен 

бір дауыссыз дыбыстың тіркесуінен ғана 

тұратын, солай бола тұрса да, лексикалық 

немесе грамматикалық мағына бере ала-

тын мұндай бөлшектер белгілі бір тілдердің 

тарихи даму барысында ыдырап, сан алуан 

өзгерістерге түсіп, мүлдем көмескіленіп 

кеткен. Сондықтан оларды сөз құрамынан 

айырып-ажыратудың өзі аса қиын. Осы 

кезге дейін зерттеушілердің назарына 

ілікпеуі де осы себептен. 

Түбіртек заңы бойынша туысқандық 

құрамындағы «ажаның» қатысы жоқ, 

олардың әрқайсысы өз алдына дербес 

атаулар. Бұл жерде салыстыруға келмейтін 

сөздерді кейбір дыбыстарының кездейсоқ 

ұқсастығына қарап салыстырып-салғас-

тыруға болмайтындығын ескертпекпіз. 

Алайда бұл сөздер «Ана тілі» газетінің осы 

жылғы №7 (18-24 ақпан) шыққан санында 

«Абысын-ажын» деп аталатын мақалада 

бір-бірімен салыстырылған. Бұл жағдай 

бүкіл этимологияны тұмандандырып 

жіберген. Сондай-ақ «қыз-қырқын» қос 

сөзінің құрамындағы қырқын архаизмінің 

талдануы да көңілге қонымды емес. 

Мен көне түркі жазба ескерткіштерін 

зерттеуге елу жылға жуық өмірімді арнаған 

маманмын. Осы себепті жазба мұраларда 

«қыз-қырқын» қос сөзінің құрамындағы 



қырқын  лексемасының «күң, қызметші» 

мағынасында жұмсалғанын жоққа 

шығармаймын. Алайда бұл мағына нақты 

тура мағына емес, бар болғаны ауыспалы 

мағына. Байырғы сөздің номинативті тура 

мағынасы – қырық (отыз тоғыз бен қырық 

бірдің арасындағы есептік сан), - ын – есім 

сөз екендігін білдіретін көне қосымша. Бұл 

жұрнақ сан есімдерге XII ғасырға дейін 

жалғанған. Мысалға «Һибат-ул хақайиқ» 

ескерткішінің 209-210 бәйіт жолдарында:

Сүчүг таттың ерса ачыққа анун, 

Бир+ин келса рахат келүр ранж он+ун.

(Тәтті жесең ащы жеуге дайындал.

Рақат біртіндеп келсе, реніш ондап 

келеді), – делінген. Мұндағы бир+ин, 



он+ун «қырқ+ын» үлгісімен жасалған. 

Қысқасы,  «қыз-қырқын» қос сөзі «қырық 



қыз» деген лексикалық мағына береді. Олай 

болса, «қырық» сан есімі неге «қыз» зат 

есімінің соңында тұр? Ежелгі дәуірлерде 

анықтауыштардың барлығы өзі анықтайтын 

сөзінің соңында тұрған. Мұның сарқыншағы 

(қазіргі дәуірде) көбінесе, адам есімдерінде 

кездеседі. Мысалы, Алтынсары (қазір «сары 

алтын»), Айсұлу (қазір «сұлу ай»), Күнсұлу 

(қазір «сұлу күн»), Таңжарық (қазір «жарық 

таң»), кеш жарық (қазір «жарық кеш»), күн 



ұзағына (қазір «ұзақ күн»), тағысын тағылар.

«Қырық қыз» фразеологизмінің шығу 

төркінін қалай түсіндіруге болады? Қазақ 

ертегілерін оқып отырсақ, хандардың қай-

қайсысының қызын әрдайым қырық қыз 

қоршап жүрген. Олардың барлығы «күң, 

қызметші» екендігі айтпаса да түсінікті. 

Бұл тіркес қоғамның өзгеруіне байланыс-

ты келе-келе күңгірттенген. 

Шетелдегі белгілі ғалымдардың бірі 

К.Гринбек қырқын сөзін «қыз» сөзіне гүн/



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет