9-сынып. Биология Сабақтың тақырыбы: Ферменттердің әсер ету механизмі.
Бақылау тапсырмалары. Білу және түсіну: «Ферменттердің белсенді орталығы» дегеніміз не?
«Ферменттердің ерекшелігі» дегенді қалай түсінесіңдер?
Қолдану: Биологиялық және биологиялық емес катализаторларды салыстырыңдар?
Ферменттердің белсенді орталығы неден тұруы мүмкін? Ал ферменттің өзі неден тұрады?
Талдау: Қосылу және ыдырау ферменттік немесе катализдік реакциялары үдерістерін сызба түрінде көрсетіңдер?
Ферменттердің жоғары талғамдылығына мысал келтіріп, дәлелдеңдер?
Синтез: Алуан түрлі ферменттердің жұмысы туралы эссе жазыңдар. Нақты мысалдар келтіріңдер?
Ферменттердің қалыптасуының эволюциялық мәні неде? Тірі ағзалар үшін оның қандай артықшылығы бар?
Бағалау: 1 Жасушада тіршілік үшін маңызды бірнеше реакцияны катализдейтін жасанды «әмбебап фермент» жасаудың теориялық мүмкіндігін бағалаңдар. Ол мүмкін бе? Неге ондай заттар эволюция барысында пайда болмады.