Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет435/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   521
§ 3. Құндылықтар әлемі
Рух, руханият ұғымдарын нақтылай келе, біз құндылықтар әлеміне 
келіп тірелеміз. Оны зерттейтін философия саласын 
аксиология
(aksіos – құнды, logos – ілім) дейді. Жалпы алғанда, 
құндылықтар
дегенде адам 
өмірінің бағытын
анықтайтын, оған 
керек, мәнді
, ол 
құрмет
тұтатын, керек болса, 
бас иетіннің
бәрін жатқызуға болады. 
Құндылықтар әлемінің өмір сүруінің терең себептері адамның өзінде, 
оның саналы пенделігінде, өмірдің мән-мағынасын іздеуінде жатса 
керек. Өйткені адам – ерікті пенде, ол өз тағдырын өзі күнделікті өмірге 
келетін мүмкіндіктерді таңдау арқылы жасайды.
Дүниенің екі жағын – материя мен рухты – бір-бірінен ажыра-
тып, бөлек қарауға болмайды, біз оны жоғарғы тарауларда көрсетуге 
тырысқан болатынбыз. Адамның өзі, бір жағынан, дене болса, екінші 
жағынан, рух емес пе? Дегенмен де құндылықтар әлемін, негізінен, 
екіге бөлуге болады. Олар – материалдық және рухани құндылықтар. 
Қайсыбір рухани құбылыс өмірге келу үшін заттанса, яғни материалдық 
қабыққа ие болса, онда шынайы өмірде материалдық және рухани 
құндылықтарды бір-бірінен қалайша айырып алуға болады? Оларды 
бөлудің негізінде адамдардың сан алуан қажеттіліктері жатса керек. 
Қажеттілік деп адамның өмір сүруіне, оның жан-жақты дамуына 
керектінің барлығын айтуға болады. 
Бүгінгі қоғамдағы адамдардың қайсыбірі рухани қажеттіліктерін 
оятып, ең жоғарғы сатыға көтерілді деп айту шындыққа жатпас еді. 


533
Өкінішке қарай, материалдық құндылықтарға құмартқан көпшілік 
бүгінгі таңда соның шырмауынан шыға алмай жатыр. 
Егер қайсыбір жануардың қажеттіліктері оның түйсіктері арқылы 
берілсе, адамның қажеттіліктері оның сана-сезімдерінен өтіп, белгілі 
бір мүдделерге айналады. Жануарлар бір нәрсеге мүдделі деп айту 
ақылға сыймайды, ол – тек адамға ғана тән нәрсе. Өз мүдделерін іске 
асыру үшін адам алдына неше түрлі мақсат-мұраттар қояды. Соңғыны 
іске асыру жолында адам өз ырқын шыңдап, неше түрлі қиындықтардан 
өтуге дайын болуы керек. Орындалған мақсат-мұрат келесі сатыда 
жаңа құндылықтарға бағыттайды т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   431   432   433   434   435   436   437   438   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет