Серік Мырзалы философия оқу құралы


Зұлымдық және оның дүниедегі орны



Pdf көрінісі
бет95/521
Дата20.09.2023
өлшемі3,76 Mb.
#109121
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   521
Зұлымдық және оның дүниедегі орны
Августин бұл мәселені егжей-тегжейлі талдап, оның онтологиялық-
метафизикалық, моральдық және физикалық жақтарын қарастырады. 
Метафизикалық-онтологиялық
тұрғыдан келгенде, ғарышта 
ешқандай зұлымдық жоқ, тек қана болмыстың әртүрлі сатылары ғана 
бар (өлі табиғат, өсімдіктер, жануарлар, адам т.с.с.). Кейбір тіршілікте 
болып жатқан зұлымдық сияқты нәрселер, шынына келгенде, бүкіл 
ғарыштық біртұтастық тұрғысынан алғанда, көрінбей кетеді, біз тек 
бүкіл дүниенің үйлесімділігін, керемет екенін, 
ұлы гармонияны 
байқаймыз, өйткені дүниені мейірімді Құдайдың өзі жаратты. Әрине, 


111
шын өмірде бір нәрсе пайдалы, екіншісі зиян, бір нәрсе әсем, екіншісі 
түрсіз деп баға береміз, ал оның негізінде адамның өзінің ғана 
мүддесі 
мен мақсаты
жатыр. Ал ғарыштық біртұтастық тұрғысынан қарағанда, 
бұл дүниеде әр жәндіктің, әр заттың өзінің болмыстық орны, мән-
мағынасы бар. Олай болса, ол – дүниежүзілік гармонияның қажетті 
бөлігі.
Моральдық тұрғыдан
алып қарағанда, Августин зұлымдықтың 
түп-тамырын адамның 
бұзылған еркінен
табады. Әрине, адамның 
еркі, өзінің табиғаты бойынша, жақсылыққа ұмтылуы керек. Алайда 
шынайы өмірде неше түрлі қызықтыратын өтпелі заттар болғаннан 
кейін, кейбір жанның еркі Құдайдың көрсеткен жолынан ауытқып, 
жоғарғы игіліктерге ұмтылудың орнына, төменгі құндылықтарды 
таңдайды, Құдайдың орнына, оның жаратқан нәрселеріне ұмтылады. 
Сөйтіп, дүние құрылысының әртүрлілігі, баспалдақтық табиғаты адам 
еркінің ауытқуына, зұлымдықтың дүниеге келуіне себепкер болады. 
Адамның күнәға батуы Құдайдың шексіз игілігіне шектелген уақытша 
нәрселерге берілу, дүниенің үйлесімін бұзуда жатыр.
3. 
Физикалық тұрғыдан
алып қарағанда, өмірде кездесетін 
бақытсыздықтар, ауру, өлім, жан-дүниенің қобалжып, денені қысуы, 
езуі т.с.с. мұның бары де – «алғашқы текті күнәнің» салдары, яғни 
моральдық бұзылудың нәтижесі. Августиннің айтуынша, «жан-дүние-
нің күнәға батуы бұзылған денеден емес, керісінше, бұзылған, күнәға 
батқан жан-дүние денені ауырлатып, бүлдіреді. Бұл пікірге толығынан 
қосылуға болатын сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   521




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет