Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет34/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   422
Таным мәселелері
Конфуцийдің айтуынша, өздерінің табиғатына қарағанда адамдар 
бір-біріне өте ұқсас, бірақ өмірден алған дағды мен тәлім-тәрбие адам-
дарды әртүрлі қылады. Тек қана ең биік даналық пен ең шегіне жеткен 
ақымақтық тұрақты.
Конфуций білімді әртүрлі дәрежеге бөледі. «Ең биік білім – ол туа 
біткен білім. Одан төмен білім – игерілген, келесі – қиындықтарды 
бастан кешіп алынған білім. Бірақ оңбаған адам басынан өткізген 
қиындықтардың өзінен сабақ алмайды», – деп өкінеді Конфуций.
Конфуций білімнің адам өміріне деген құндылығын жете көрсетті. 
«Барлық көргенің мен естігеніңді жүрегіңде сақта. қажымай-талмай 
оқудан тойынба, басқаларға біліміңді жеткізе біл», – деген нақыл 
сөздерді айтады. Конфуций ойынша, білім саласында ерекше моральдық 
тазалық керек. «Білгеніңді айт. Білмесең – білмейтініңді айт. Тек осын-
дай білімге деген көзқарас даналықты көрсетеді». Ойшылдың айтуына 
қарағанда, оқып-білудің өзі де – өте қиын жұмыс, ол адамның дербес 
өзіндік оймен тоқуын талап етеді.
Конфуцийдің ілімін ары қарай дамытқан Мен-Цзы болды.
«Егер тек қана оқып, ал оқығанды ой елегінен өткізуге ұмтылмасақ, 
онда ол еш нәтиже бермейді. Ал күнбе-күнгі ой толғауы білім мен 
надандықты айырмайды. Аққан су сияқты, оған Батыс пен Шығыс 
бәрібір», – деген Конфуцийдің ойына қарсы шығып, Мен-Цзы «Аққан 
су Батыс пен Шығысты, расында да, айырмайды. Бірақ ол жоғарыға аға 
алмайды, тек қана төменге ағады. Сол сияқты, адамдардың барлығы да 
жақсылыққа ұмтылады», – деп жауап береді.
Мен-Цзы адамдардың басқа адамдарға деген табиғи берілген аяныш, 
көңілін жұбату сезімі, ұяттық және ызалану сезімі, сыйлау және табыну 
сезімі, шындық және жалғандық сезімдері бар деген пікір айтады. «Осы 
сезімдердің негізінде адамды сүю, әділеттілік, әдеттілік, тану-білу 
қабілеті қалыптасады. Ал жамандық адамның табиғатынан, ия болмаса 
Аспанның еркінен емес, өмірдегі тапшылықтан, аштық-жаңалаштықтан 
пайда болады», – деген пікір айтады.
Мен-Цзы айтқан мына нақыл сөзге көңіл аударайық. «Мен өмірді 
бағалаймын, бірақ одан да қымбат – әділеттілік. Егер мен осы екеуін 


52
бірдей ұстай алмайтын жағдайда болсам, онда мен әділеттілікті таңдар 
едім».
Мен-Цзы Кун-фу-цзының адамды сүю принципін ары қарай 
дамытуға көп көңіл бөледі. Біздің бүгінгі күннің ахуалына сай келетін 
мына нақыл сөздерді ойымызға тоқиық. «Құрметті Ван! Біз неге тек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет