Серік Мырзалы философия оқу құралы


§ 4. Б.Спинозаның философиясы



Pdf көрінісі
бет115/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   422
Байланысты:
2 (1)

§ 4. Б.Спинозаның философиясы
Барух Спиноза (1632-1677 жж.) Амстердам қаласында еврей отба-
сында дүниеге келедi. Ең алдымен ол дiни училищеде оқиды, бiрақ оны 
әкесi саудаға тартып, ол оқу орнын бiтiре алмай қалады. Сондықтан 
ол өз бiлiмiн өзiндiк дербес дайындық арқылы толтырады. 1656 ж. 
Библияны сынағаны үшiн оны жергiлiктi еврей қауымы өз қатарынан 
шығарып, оған лағынет айтады. Сондықтан ол жеке басын асырау үшiн 
өмiр бойы көзiлдiрiк шыныларын өңдеп, өте ауыр жағдайда өмiр сүредi. 
45 жасқа келгенде өкпе ауруына шалдығып, өмiрден ерте кетедi.
Негiзгi еңбектерi: «Ақыл-ойды жетiлдiру туралы трактат», 
«Этика», «Саяси трактат» т.с.с.


169
Онтологиялық мәселелер. Құдай-Субстанция-Табиғат
Спиноза болмыстың ең соңғы себебi Құдайда деп есептейдi. 
«Құдай... барлық заттардың бiрiншi себебi және өз-өзiнiң себебi
өз-өзi арқылы танылады». Ол Құдайдың болмысын дәлелдеу үшiн 
онтологиялық дәлелдемелер келтiредi. Бiрақ ол Құдайға пантеистiк 
мағына бередi, яғни оны бiздi қоршаған табиғатқа теңейдi. Олай болса, 
Құдай табиғаттан тыс мәңгiлiк өмiр сүрiп жатқан рухани тұлға емес
оны тек қана зерде (intelligere) арқылы ғана түсiнуге болады.
Мұндай көзқарас сол кездегi Құдай жөнiндегi деистiк пiкiрлерге 
қарсы болды. Егер деистер Құдай дүниенiң ең алшақтағы соңғы себебi 
деп есептесе, Б.Спиноза ол дүниенiң ең тiкелей жақын себебi деген 
тұжырымға келедi.
Табиғатпен теңелген Құдай сонымен қатар субстанция ретiнде 
қаралады. Егер Р.Декарт дүниенiң негiзiнде бiр-бiрiне тәуелсiз екi 
субстанция жатыр, ал олардың үстiндегi Құдай екеуiн бiр-бiрiмен 
үйлестiредi деген болса, Б.Спиноза Құдай мен субстанцияны бiр-бiрiмен 
қосып, оларды табиғатпен теңейдi. Сондықтан оның метафизикалық-
онтологиялық негiзгi формуласы – ол Құдай, иә Субстанция, иә 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет