218
Шеллингтiң ойынша, адамзат тарихы үш сатыдан өтуi қажет. Бiрiн-
шi – трагикалық саты, мұнда тағдырдың ессiз күштерi көне замандағы
ұлы мемлекеттердi келмеске жiбередi. Екiншi сатыда халықтар мен
әртүрлi мемлекеттер табиғи заңдылықтарға сай бiрiге бастайды,
үшiншi – әлi тарихқа келмеген болашақта – тағдыр мен табиғаттың
күштерi бiр-бiрiмен ұласып, дүниеге Мессия (Құтқарушы) келедi.
Әрине, мұндай көзқарастан бiз Шеллингтiң бiрте-бiрте теософиялық
ағымға өтiп бара жатқанын байқаймыз.
Шеллинг ерiктiк мәселесiне, Фихте сияқты, көп көңiл бөледi. Бiрақ
ол бұл санатты қажеттiкпен тығыз ұштастырады.
Ерiктiк дегенiмiз – ол тарихи қажеттiктi танып-бiлу, ал оның кiлтi –
жеке адамдарда емес, тек қана адамзаттың қолында, өйткенi әр адам
өз өмiрiнiң шеңберiнде өзiнiң жеке мақсаттарын қойып, соған жетуге
тырысады. Бiрақ барлық адамдардың қосыла жеткен тарихтағы
нәтижелерi басқаша болып шығады.
Осы тұрғыдан өз заманының тудырған талаптарын талдай келе,
Шеллинг алдағы тұрған негiзгi мақсат – құқықтық мемлекеттi орнату
деген ойға келедi, өйткенi абсолюттiк ерiктiк мүмкiн емес, толығынан
ерiктiкке ұмтылған адамдарды шектеу қажет, ал оның өзi құқықтық
мемлекеттiң шеңберiнде заңдық жолмен жасалуы мүмкiн. Сонда ғана
нақтылы тарихи негiзделген ерiктiк мөлшерiне жетуге болады.
Шеллингтiң бұл ғажап идеясы бүгiнгi Қазақстан қоғамындағы
болып жатқан үдерістердi сараптауға жол ашады, өйткенi тоталитарлық
теңдiктен либерализм (ерiктiк) жолына өту бүгiнгi таңда өте үлкен
қиындықтарды туғызып отыр. Егер бiреулер осы уақытқа шейiн өзiнiң
ерiктi тұлға екенiн жете түсiне алмай отырса, екiншiлер ерiктiктi
«ойыма не келсе, соны iстеймiн» дегенге теңеп, моральдық және
құқықтық нормалардың шеңберiнен шығып, асқан арсыздықтың
жолында басқалардың несiбесiн тартып жеуде. Осы аталған және
де басқа кемшiлiктердi жоюдың негiзгi жолдары – ол саясаттың
адамгершiлiк жолдан таймауында, сонымен қатар қоғамның заңдық
негiздерiн жетiлдiруде болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: