Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет18/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   422
Байланысты:
2 (1)

болжамдық мағынаға ғана ие болады.
Олай болса, қайсыбір философиялық ағым, қалай дегенде де, бұл 
ұғымдардың арақатынасын өзінше анықтамай, ары қарай бір қадам 
аттай алмайды.
Егер дүниенің субстанциясы материя деген пікірге келсек, онда 
философияда материалистік ағым пайда болады.
Керісінше, субстанция дегеніміз жеке адамның жан дүниесі, я бол-
маса дүниежүзілік абсолюттік идея, рух т.с.с. деп болжамдасақ, онда 
философияда идеалистік ағым пайда болады. 
Егер дүние субстанциясының екі ажырамас – материалдық және 
рухани жағы бар деген көзқараста болсақ, онда біз философияда реа-
лизм бағытын тудырамыз. Тек қана бұл ұғымды орта ғасырлардағы 
схоластикалық философияның жалпы ұғым жөніндегі реализмінен 
ажыратуымыз керек.
Философияда сирек кездесетін ағымдардың бірі – дүние субстан-
циясы екеу – материя және рух және олар бір-біріне тәуелсіз деген 
пікір. Мұны алғаш рет философия тарихында француз философы 


27
Р.Декарт айтқан болатын. Мұндай көзқарасты біз дуализм (dualіs – 
латын сөзі, екіжақтылық) бағытына жатқызамыз.
Ал жоғарыдағы дүниеге деген үш көзқарас монистік бағытта 
болмақ (monos – грек сөзі, біреу).
Дүниеге деген материалистік көзқарас әлемдегі болып жатқан барлық 
құбылыстарды дене, я болмаса сол материалдық заттардың қасиетттері 
ретінде қарайды. Сонау көне заманнан бастап осы уақытқа дейін 
материалистік философиядағы ағым (жаратылыстану ғылымдарының 
жетістіктеріне сүйене отырып) материя жөнінде әртүрлі пікірге келген-
мен, жоғарыдағы көрсетілген көзқарастан тайған жоқ.
Материалистік көзқарастың негізінде баяғы ерте заманда пайда 
болған адамдардың қоршаған ортаның адамға тәуелсіз, өзімен-өзі өмір 
сүріп жатқаны және сол дүниедегі заттар мен құбылыстар жөніндегі 
адамның түйсіктері мен басқа қабылдау мүшелерінің дұрыс дерек 
беретіндігі жөніндегі алғашқы балама ойлары жатыр. Сондықтан 
алғашқы философтар дүниенің негізін «бірінші заттан» (су, от, ауа т.с.с.) 
іздейді, ал адамның өзі де дене ретінде ғана қаралады. Ал адамның жан 
дүниесіне келетін болсақ, оның өзін тыныспен теңестіріп, «жеңіл зат» 
ретінде қарайды. Гераклиттің «бірінші заты» отта, Демокриттің жеңіл 
және қозғалыстағы атомдары да адамның жан дүниесін құрайтын зат-
тар ретінде түсіндіріледі.
Ал таным мәселесіне келсек, оның негізгі себебі заттың үстіндегі 
жеңіл атомдар сезімдік мүшелерге келіп кіреді де, адамның түсініктерін 
тудырады деген пікір тарады.
Дегенмен тарихи мұндай көзқарастардың тұрпайылығы жара-
тылыстану ғылымдары мен психологиялық түсініктердің жетілуі 
арқасында анықталды. Адамның рухани өмірі материалдық заттардың 
ерекше жеңіл бөлшектері емес, ол, жалпы алғанда, бүкіл материяға 
тән қасиет және белгілі бір жағдай туған кезде өзін көрсетеді деген 
пікір кеңінен Жаңа дәуірде тарай бастады. Соңынан түйсік дегеніміз – 
жалпы материяның ажырамас қасиеті және белгілі бір жағдайда ол 
саналы түйсікке айналуы мүмкін деген ой туды. Олай болса, күрделі 
психикалық үдерістер тек қана түйсіктердің әр түрінің бір-бірімен 
қосылуынан туады деген пікір дүниеге келді.
ХIХ ғасырда жаратылыстану ғылымдарының дамуы, капи-
талистік қоғамның әлеуметтік саяси қайшылықтарының өршуі 
маркстік материализмнің пайда болуына әкеліп соқты. К.Маркс пен 
Ф.Энгельс дүниеге деген материалистік көзқарасты қоғам өміріне дейін 
көтеріп, біртұтас материалистік ілімнің негізін қалады. Сана, рухани 
өмірді түсіну үшін олар философияға бейнелеу теориясын енгізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет