331
тоталитаризмнiң қай түрiн де (сталинизм, фашизм) тұлғаны мемлекеттiң
құрсауына алғаны үшiн қатты сынады.
Неопозитивизмнiң екiншi түрi –
лингвистикалық философияның
өкiлдерiн алып қарасақ, олар философияның айналысатын негiзгi iсiн
тiлдегi сөздердi, ғылыми сөйлемдердi
логикалық жолмен талдаудан
көредi. Л.Витгенштейннiң ойынша, философия тек қана «тiлге сын»
ретiнде ғана өмiр сүре алады. Өзiнiң «Логикалық-философиялық трак-
таттар» деген еңбегiнде ол: «Менiң тiлiмнiң шеңберi менiң дүниемнiң
шеңберiн құрайды», – дейдi. Бұл философия саласында ашылған үлкен
жаңалықтардың бiрi болды, өйткенi қайсыбiр ұлттық тiлдiң құрылымы
сол халықтың дүниесезiмi мен дүниені қабылдауына, керек болса,
дүниеге деген көзқарасына шешушi ықпалын тигiзедi.
Оны бiз қазiр
«халықтың ділі» деген ұғыммен беремiз. Л.Витгенштейннiң негiзгi
идеясы – тiлдегi сөздердi ұқыпты пайдалану,
басқа жағдайда ол бiздi
неше түрлi дерексіз ұғымдардың құрсауына қамап, адастырады.
ХХ ғ. 50 жылдарынан бастап позитивизмнiң соңғы сатысы дүниеге
келдi, оны
постпозитивизм (соңғы позитивизм) деп атайды. Негiзгi
өкiлдерi –
Карл Раймунд Поппер (1902-1994 жж.),
Томас Самюэль
Достарыңызбен бөлісу: