көздерінен бас тартумен бірдей. Ондай жағдайда болашақта тәуелсіз
дамудың өзі де мүмкін болмай қалар еді.
Алғашқы кезде жеке меншікке негізделген экономикада «Адам
Смиттің «көрінбейтін қолы» барын де стихиялық түрде өз қалпына
келтіреді», – деген романтикалық қиялдың болғаны да рас. «Ең алды-
мен экономиканы дұрыстап алайық, қалғанының бары содан кейін өз
ретіне келеді», – деген сорақы пікірлер де болды. Бүгінгі таңда олардың
бәрі қайта ой елегінен өткізіліп, жіберілген қателіктер түзетілуде.
382
Келесі бір естен шығармайтын жайт – реформалардың бүкіләлемдік
рухани дағдарыстың астарында өтуінде. Сондықтан басқа елдердің
құндылықтарын таңдамалы түрде қабылдап қана өз-өзімізді сақтай
аламыз, яғни тәуелсіздігімізді уыстан шығармаймыз. Түбегейлі
өзгерістер барысында қазақ халқының мыңдаған жылдардағы тари-
хында тудырған рухани құндылықтарын сақтап қалуымыз керек. Олар:
табиғатты аялау, жетім мен әлсіздерге қол ұшын беру, әділеттілік,
ар-намысты жоғары ұстау, дүниеде алудан гөрі болуға тырысу,
үлкендерді сыйлау, әке-шеше алдындағы борышты өтеу, тәубеге
келу т.с.с. Сонда ғана біз тәуелсіз гүлденген ел боламыз.
§ 4. Құбылыс және мән
Дүниедегі сан алуан өмір сүріп жатқан ерекше, дербес заттар біздің
көз алдымызға өзінің сыртқы жақтарымен көрінеді, әртүрлі қырларымен
құбылады. Оны біз құбылыс дейміз. Сонымен қатар қайсыбір зат, я
болмаса үдерістің ішкі тұрақты, соның арқасында оның өмір сүруін
қамтамасыз ететін жақтары да болады, ол заттың мәнін құрайды.
Заттың көзге көрінетін, «құбылатын» жақтарының астарында оның
келесі көзге көрінбейтін қабатының бар екенін адамдар өзінің өмірдегі
тәжірибесі мен іс-әрекетінің арқасында өте ерте байқаған. Бірақ оны
жете түсіне алмай, заттың денелік-материалдық жақтарынан бөлек
алып қараған. Мысалы, Платон заттың «эйдосы», яғни мәні, ұғымы –
материалдық емес, ол мәңгі, идеалды деп есептесе, Аристотель заттың
мәні ретінде оның ішкі энтелехиясын айтады. Өмір сүруге мүмкіндігі
бар енжар материяны шындыққа айналдыратын – оның формасы мен
ішкі энтелехиясы (алдын ала берілген мақсатқа лайықты заттың дамуы).
Ортағасырлық философияда зат мәнінің қайнар көзін ойшылдар
Құдайдың құдіретті күшінен іздейді.
Жаңа дәуірде бұл санаттарға аса көп назар аударған И.Кант болды.
Оның ойынша, заттың бізге әсер ететін («заттың біздігі») жақтарымен
(феномен) қатар, оның ішкі «өзіндік» жақтары (ноумен) бар. Заттың
құбылысы – феномен, заттың мәні – танылмайтын ноумен. Адамның
бар мүмкіндігі – сезім мен ақыл-ойға априорлық (тәжірибеге дейін)
түрде берілген санаттар арқылы бізге өз әсерін тигізетін құбылыстарды
ретке келтіру ғана. Ал оның ар жағында жатқан мәнді, «заттың өзіндік»
сырын ашу мүмкін емес.
Мұндай құбылыс пен мәнді бір-біріне қарсы қоюды Гегель қателік
деп санап, «қайсыбір құбылыс – мәнді, ал мәннің өзі ертелі-кеш
құбылыстар арқылы өзін көрсетеді» деген пікірге келеді.
Бүгінгі таңдағы философияда да осы санаттар туралы әртүрлі
түсініктер бар. Неопозитивизм шынайы өмір сүретін сезімдік дерек-
383
терді (құбылыстарды) ғана мойындайды. Ал экзистенциализмді алсақ,
ол адам өмірінің мәні тек «шекаралық ахуалда» – өлім мен өмірдің екі
ортасында ғана ашылуы мүмкіндігі туралы пікірге келеді.
Әрине, құбылыс пен мән – болмыстың өзіне тән, оған терең
тамырланған, олардың қайнар көзі – дүниенің өзінде. Қайсыбір зат
өзінің қайталанбас жағымен көрінуге «тырысқанмен», сонымен бірге
оны басқа заттармен біріктіретін жалпы қасиеттерін де көрсетпей
қоймайды. Сондықтан құбылыстарды зерттеп, салыстырып, ой елегінде
олардың жалпы ұқсас жақтарын ғана қалдырып, қайталанбайтын
ерекше жақтарынан бас тартудың арқасында жеке әртүрлі заттардың
ұқсастығын анықтауға болады. Алайда мұндай жағдайда заттардың
тек ұқсас жақтарын анықтап, сонымен қатар оның тек өзіне тән
ұқсамайтын көрінісін көрсете алмас едік. Олай болса, мәнге тек зат-
тарды біріктіретін ұқсас жақтарымен қатар, онымен бірге құйыла
біткен оның ерекше мазмұны да кіреді, әр зат арқылы белгілі мән өзін
байытады, болмыстағы жаңа көріністерін табады. Өйткені құбылыс тек
қана мәннің ерекше көрінісі ғана емес, сонымен бірге басқа заттармен
байланысқа түсіп, оны өз бойына сіңіреді. Ал қайсыбір құбылыс мәнді
болғандықтан, ол сол жаңа байланыстар арқылы мәннің өзін өзгертіп,
ары қарай дамытады.
Сарапталған санаттардың танымдағы рөлі өте зор. Адам тікелей
зерттеліп жатқан заттың мәнін аша алмайды. Зерттеу сатысы
құбылыстарды талдап, олардың ортақ жақтарын анықтаудан баста-
лады. Осы жолда ғылымда сезімдік нақтылықтан дерексіз ұғымдарға
өрлеуді байқауға болады. Алайда бұл дерексіздік – мән ғана. Одан
ары қарай өрлеу қажет, яғни қайтадан ой елегі арқылы ашылған
мәнге құбылыстың ерекше байлығын қосып, заттың ойлық-нақтылы
көрінісін жасау қажет. Сонда ғана біз заттың ішкі сырымен қатар, оның
құбылыстарының байлығын бірегей қарауға мүмкіндік аламыз.
Аталған санаттарды пайдалана отырып, бүгінгі таңдағы кейбір
құбылыстарды талдап көрейік. Қоғам өміріндегі кең етек алған
маскүнемдік, нашақорлық, қылмыстық тағы да басқа әлеуметтік ауытқу-
шылықтарды алсақ, кейбір саясаткерлер оның себептерін сыртқы фак-
торлардан іздеп, оны азайту үшін «наркотрафиктерді» (тасымал жол)
үзу керек деген ой тастайды. Ал, шындығында, оның терең себептері
жұмыссыздық, кедейлік, әділетсіздік т.с.с. әлеуметтік факторларда
жатыр. Ол факторларды жоймай, бұл әлеуметтік ауытқушылықтармен
күресу оң нәтижеге әкелмейтіні айдай анық. Наркотрафиктерді
жойғанмен, сұраныс болғаннан кейін, оның басқа жасанды химиялық
түрлері астыртын нарықта дүниеге келуі ғажап емес…
Онда келесі сұрақ пайда болуы мүмкін: Дамыған, әлеуметтік мәсе-
лелері шешілген елдерде неге осындай әлеуметтік ауытқушылықтар
384
кең етек алған? Ал оның терең себебі – адамның өз болмысына
Достарыңызбен бөлісу: |