447
ақталмай жатыр. Екінші жағынан, дарыс беретін мамандар да аз. Көп
жағдайларда компьютерлер «қымбат ойыншық» ретінде пайдаланы-
лып, оның мүмкіндіктері толығынан іске аспай жатыр. Кейбір
жоғары оқу орындарында студенттердің білімін тексеру толығынан
компьютерлік тестілерге жүктелуде, жүздеген жылдар бойы сынаудан
өткен бұрынғы дарыс әдістемелері жалаң терістелу жолында.
Бұл арада біз бір нәрсені ойдан шығармауымыз керек. Ол – білім
беру мен тәрбие жүйесіндегі оқытушының тұлғасының рөлі, оны
ешқандай компьютер ауыстыра алмайды. Ол әрқашанда негізгі үлгі
болып қала беруі керек. Адамға білім беру дегеніміз – оның тұлғасының
қалыптасуына жан-жақты әсер ету деген сөз. Жалаң ақпарат қанша көп
болса да, адамның моральдық қасиеттерін қалыптастыра алмайды, ол
тек технократизмге ғана әкеліп тіреуі мүмкін. Ал ол болса – адамзатты
бүгінгі рухани дағдарысқа әкелген жол.
Батыстың білім беру жүйесіндегі көп жетістіктерімен қатар,
үлкен кемшілігі – біржақты бейімделген, тек өз мамандығын ғана
меңгерген «бірөлшемді» адамды (Г.Маркузе) дайындауы. Оның сал-
дары ретінде «дүниеқуушылық», «сезімдік ләззатқа ұмтылушылық»,
адамдардың бір-бірінен жаттануы, материалдық байлық қанша өссе де,
өмірдің рухани жағының азғындауы, соның нәтижесінде «әлеуметтік
ауытқушылықтардың» (нашақорлық, ішімдікке салыну, қылмыстық
т.с.с.) өсуін айтсақ та жеткілікті. Бұл айтылған ойлардан компьютерлік
білім беру жүйесінің керек еместігі туындамайды. Ол, әрине, қажет.
Бірақ оның мүмкіндіктері асыра бағаланбауы керек. Ол бұрынғы
дәстүрлі білім беру жүйесін толықтыру, оның тиімділігін арттыру және
өмірде кеңінен қолдану үшін қажет.
Достарыңызбен бөлісу: