Серік Мырзалы философия оқу құралы


діруге, кемеліне келуге итермелейтін



Pdf көрінісі
бет335/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   422
Байланысты:
2 (1)

діруге, кемеліне келуге итермелейтін, дүние мен қоғамды бірлікке, 


524
үндестікке шақырып, осы жолда оны өзгертуге бағытталған 
көріністерін айтамыз. Рухтың қайнар көзі материалдық дүниенің терең 
қабаттарына кетеді. Ол – заттардың біртұтастығын және бір-бірімен 
байланыстарын қамтамасыз етіп, оларды жетілуге итермелейтін күш. 
Уақытында П.Т. де Шарден айтқандай, оны біз молекуланың өз ішкі 
тартуынан-ақ байқауымызға болады. Оны Платон «морфе» (заттың бол-
мыс формасы), Аристотель қайсыбір дененің «энтелехиясы» (оның бол-
мысын анықтайтын ішкі мақсат-мұраты), В.Г.Лейбниц «монада» (көзге 
көрінбейтін рухани күш) деп атап кеткен болатын.
Егер өлі және тірі табиғатта оның осы ішкі күштері денесінен 
бөлінбей өмір сүрсе, адам дүниеге келіп, дерексіз ойлау мүмкіндіктері 
пайда болысымен-ақ, олар оның санасында бейнеленіп, неше түрлі 
санаттар, принциптер, нормалар, идеялар т.с.с. құндылықтарды туды-
рады.
Аса ескеруге алатын нәрсе – адам дүниенің заңдылықтарын өз 
санасында тек бейнелеп қана қоймай, оны өзгертуге, жетілдіруге, 
кемеліне келген үлгілерді қалыптастыруға, бүгінгі өмірде жоқ, бірақ 
болуға тиістіні ойлап шығаруға тырысады. Оны философия тілінде 
«қол астындағы болмыстың шеңберінен шығу, трансценділеу» дейді. 
Міне, осының арқасында қоғам өмірінде тиістілік, болуға тиіс, яғни 
құндылықтар әлемі дүниеге келеді. Ол – Ізгілік пен Әсемдік, Ақиқат 
пен Шындық, Әділеттілік, Еркіндік пен Теңдік, Сүйіспеншілік, т.с.с. 
құндылықтар. Мұны рухтың ең биік қызметі деп айтсақ та болады. Ол 
тұлға өмірінің мән-мағынасын құрап, соны өмірге енгізуге бағытталған 
күш-жігерді тудырады. 
Алайда негізгі өмір қайшылығы мынада: ешбір рухани құндылық, 
мұрат, т.с.с. ешқашанда толығынан өмірде іске аспайды. Оны ойшыл-
дар сонау көне заманда байқап: «Бары де әбігерлік, әбігерліктің әбігер-
лігі», – деген болатын. Сондықтан ол рухтың шынайы дүниедегі адам-
дар пендешілігіне қарап зарығып, зұлымдыққа былғанып жатқан 
дүниеге қарсы шығып, оқтын-оқтын көтерілуіне әкеледі. Осы тұрғыдан 
алғанда, адамзат тарихында өткен барлық ұлы революциялар рухтың 
өмір алдына қойған талаптары мен шынайы өмірде қалыптасқан 
жағдайдың арасындағы қайшылықтың шегіне жетіп, өршіген кезде 
пайда болатынын біз жақсы білуіміз керек. Бірақ тарихта болған бірде-
бір революция өзінің алдына қойған мақсат-мұратына толығынан жете 
алған жоқ. Көп жағдайда ол қантөгіске, зардап шегуге, сәтсіздікке 
әкеліп, зұлымдықтың кейбір өршіп кеткен түрлерін жойғанмен, 
олардың орнына оның жаңа түрлерін дүниеге әкелді. 
Бұл арада біздің зұлымдық мәселесіне тоқтала кеткеніміз жөн болар. 
Өлі табиғат пен жануарлар өміріне, әрине, зұлымдық ұғымын қолдану 
мүмкін емес. Ол – қоғам өмірінде пайда болатын құбылыс. Ұлы 


525
Гегельдің ойынша, оның қайнар көзі – өмірде болып жатқан мен болуға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет