Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет50/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   422
Байланысты:
2 (1)

Сократ ілімі
Сократ (469-399 б.ғ.д.) Афина қаласының қарапайым адамдарының 
отбасында дүниеге келеді. Өз заманының халық сыйлайтын, сонымен 
қатар байлары мен билері үрейлене қарайтын ірі тұлғасы болса керек.
Сократ жөнінде тарихта әртүрлі пікірлер қалған. Аристофанның 
«Бұлттар» деген комедиясында Сократ «өтірікпен шындықты жеңетін» 
софистердің біреуі деп қөрсетілсе, Ксенофон оны заңды сүйгіш, әдет-
ғұрыпты сыйлаған адам ретінде, ал оның оқушысы, шәкірті Платон ең 
ақылды, кемеліне келген дана ретінде суреттейді.
Сократ – жазба еңбектер қалдырмаған адам. Байлық қумаған. Сон-
дықтан өз заманының софистерін олардың ақиқатты тым салыстыр-
малы еткені үшін жек көрген.
Сократ софистердің «Адам – өлшем» деген тұжырымдарымен 
келіседі, бірақ ол нақтылы, өз заманының пайда іздеген адамы емес,
ол – тек адам ретінде алынғандағы адам.
Сонымен, негізінен, оны толғандыратын мәселелер – адам табиғаты, 
оның терең мәні. Оның айтуынша, адамның терең мәні – оның жан 
дүниесінде. Ал адамның жаны – ол оның ойлауға деген қабілеті, оның 
парасаты, адамгершілікке негізделген жүріс-тұрысы мен іс-әрекеті.
Адамды дене ретінде емес, сана ретінде түсіну керек. Ол – өз-өзін 
санасы арқылы сынай алатын, ар-ұжданы бар тұлға. Олай болса, 
адамның жан дүниесін тәрбиелеу қажет, оны өсіп-өндіруіміз керек. Өз 
қаласының адамдарына арнап ол: «Сендер өз денелеріңді я болмаса 
байлықты, басқа керек заттарды бірінші кезекте ойламаңдар, ең алды-
мен өз жан дүниелеріңді тәрбиелеп өсіріп, тазалаңдар, өйткені ізгілік 
байлықтан емес, байлық пен басқаның бәрі ізгіліктен шығады», –
дейді.
Сократтың ойынша, ізгілік (даналық, әділеттілік, тұрақтылық, 
қанағаттылық т.с.с.) әрқашанда білім, ал залымдық – надандық.
Ешкім де саналы түрде жамандық жасамайды, ал жамандық жасай-
тындар оны білмегендіктен жасайды.
Ізгілік дегеніміз – жақсылықты білу және соның негізінде іс-әрекет 
ету; батылдық – ол қауіп төнген жағдайда не істеу керектігін білу; 
әділетті адам өзінің мемлекетпен қарым-қатынасын біледі т.с.с. Оның 
себебі, ізгіліктің табиғаты жөнінде адамдар ойланбайды, өйткені 
олардың көпшілігі әдет-ғұрып арқылы беріледі. Ал егерде біз оларды 
ақыл-оймен танып-білсек, онда біз өзіміздің жан дүниемізді байытып, 
жамандыққа бара алмаймыз.
Әрине, ізгіліктен ауытқу, күнәға бату – ол тек қана білмегендіктен 
шықпайды, ол адамның еркімен де тығыз байланысты. Бірақ ерте 
замандағы адамдарға ерік әлі таныс емес, оны тек Ортағасырдың діни 
ойшылдары ғана ашқан болатын.


77
Сократтың ойынша, адамның ең тамаша қасиетінің бірі – өз-өзін 
ұстауы. Қандай көңіл күйде болсаң да: шаттық, қайғы-қамығуда да, 
неше түрлі құштарлықта да адам өзін-өзі билеп, ұстауы қажет.
Сократ грек ойшылдарының бақыт жөніндегі түсініктерін тереңдете 
түсті. «Менің ойымша, тек ізгі адам бақытты; шындығы жоқ, арам 
пиғылды – әрқашанда бақытсыз».
Сократ адамның жан дүниесінің терең мәнін ашып қана қоймай, 
сонымен бірге оны жетілдірудің жолын көрсетті. Оның жолы – ирония 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет