Серіктестігі



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата28.12.2016
өлшемі5,95 Mb.
#637
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

АлмАты
«Жібек Жолы»
2012
н.Ә. нАЗАРБАЕВ
ҒАЛАМДЫҚ 
ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ 
ТҮБЕГЕЙЛІ
ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ 
ЖӘнЕ ӨРКЕнИЕТТЕР 
СЕРІКТЕСТІГІ

УДК  327 (574)
ББК  66.4 (5 Қаз)
Н 17
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат 
министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің 
әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы 
бойынша шығарылды
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – 
Елбасының Қоры
 
Назарбаев Н.Ә.
Н 17  ҒаламДыҚ ҚоҒамДастыҚты түБегейлі жаңартУ 
 
стратегиясы жӘНе өрКеНиеттер серіКтестігі. – 
 
Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2012. – 188 бет.
ISBN 978-601-294-096-1
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 
кітабы  оның  «Постиндустриялық  қоғамды  қалыптастыру  стратегиясы  және 
өркениеттер  серіктестігі»  атты  алдыңғы  басылымында  бастау  алған  қоғамның 
постиндустриялық даму мәселелерін ғылыми зерттеуінің жалғасы болып табы-
лады. 
осы басылымда автордың бұған дейін әзірленген өркениеттер серіктестігінің 
негіздері постиндустриялық қоғам мен қазіргі заманғы ғаламдану мәселелерінің 
энергиялық-экологиялық қауіпсіздік, технологиялық дамудың біркелкі еместігі, 
экономикалық қатынастардың әділетсіздігі сияқты ғалами мәселелерін шешу үшін 
қолданылды. 
Ресейлік және қазақстандық ғалымдар әзірлеп жатқан «2050 жылға дейінгі 
кезеңдегі өркениеттер болашағы» ғылыми болжамның негізінде автор жоғарыда 
көрсетілген үш мәселені ғаламдық қоғамдастықтың және өркениеттер серіктестігінің 
қағидаларына сүйеніп, тиімді шешудің стратегиясын тұжырымдайды. бұл страте-
гияны автор бҰҰ бас Ассамблеясының кезекті сессиясында, ал кейіннен, өзі 2012 ж. 
Қазақстанның елордасы – Астанада өткізуге ұсыныс жасаған тұрақты даму жөніндегі 
бүкіләлемдік саммитте қарастыруды мүмкін санайды. 2007 ж. қыркүйектегі бҰҰ бас 
Ассамблеясында автор осыған ұқсас ұсыныспен сөз сөйлеген болатын. 
кітап материалдары қазіргі шешімдеріне ғаламдық өркениеттің болашағы 
тәуелді болатын ғалымдар, саясаткерлер, мемлекеттік билік өкілдері, қоғамдық 
және  діни  қайраткерлер,  жетекші  қаржылық-өнеркәсіптік  корпорациялардың 
топ-менеджерлері үшін қызықты болуы мүмкін, сонымен қатар студенттер үшін 
де пайдалы.
 
 
 
 
 
УДК  327 (574)
 
 
 
 
 
ББК  66.4 (5 Қаз)
ISBN 978-601-294-096-1
© Назарбаев Н.Ә., 2012
© ҚР  тұңғыш Президенті – 
     елбасының Қоры, 2012

ҒАЛАМДЫҚ 
СТРАТЕГИЯЛЫҚ 
ШЕШІМДЕР КЕЗЕҢІ 
КІРІСПЕ

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
6
Қазіргі мыңжылдық басталғалы ғаламшарды билеп алған 
әртүрлі  салалардағы  ғалами  дағдарыстар  толқындарының 
күллі адамзат тағдырына ортақтығы барған сайын терең ой­
ландырады. Әлемдік және жергілікті өркениеттердің өзара бай­
ланыстылығы мен өзара тәуелділігі, бірігіп тіршілік ету, гүлдену 
мен берекеге жету жолдарын іздеуде елдер мен халықтардың 
күштерін жұмылдыру қажеттілігі айқындала түсуде.
Бүкіл  адамзат  үшін  ең  өзекті,  көкейтесті  мәселелердің 
ішінен келесілер алға шығарылады:
біріншісі
 
  —  теңгерімді  энергетикалық  қауіпсіздік  пен 
қоршаған  ортаны  сақтау  мүмкіндігіне  күмән  туғызған 
энергиялық­экологиялық дағдарыс;
екіншісі
 
 — дамыған елдердегі ауыл шаруашылығының 
жетістігіне қарамастан пайда болған ғалами азық­түлік 
дағдарысы. Айта кететіні, жүздеген миллион адам, әсіресе 
Африкада, ашаршылыққа ұшыраған, мыңдағаны аштан 
өлуде;
үшіншісі
 
 — экономикалық қатынастардың қазіргі жүйесі 
табыстар деңгейінің күрт қарама­қарсылығына, «алтын 
миллиард»  аталатын  бай  елдерінің  азын­аулақ  саны 
мен экономикасын модернизациялауға және өз халқына 
лайықты өмір деңгейін қамтамасыз етуге қажетті қорлары 
жоқ кедей елдердің көпшілігі арасындағы алшақтықтың 
ұлғаюына алып келді. 
Дағдарыстық құбылыстардың шеңбері осы мәсе лелер­
мен шектеліп қалмайды. 2007 ж. басталған қаржылық дағ­ 
дарыстың сабағы барынша көп табыс шығарып алуды және 
бағалы  қорлар  нарығындағы  алыпсатарлықты  бағдар  ет­
кен  қалыптасқан  валюталық­қаржылық  жүйе  капиталдың 
виртуалдануы мен оның нақты экономикадан алыстауына, 
миллиондаған адамдарға ауыртпалық әкелетін көптеген «бос 
қиял дың» пайда болуына алып келетінін айғақтайды. 
Сонымен  бірге 
ғылымның,  білім  беру  мен  мәде­
ниеттің осы заманғы дамуы жаңа тарихи дәуірдің болмы­

Ғ
АЛАМДЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР КЕЗЕҢІ
 
7
сына, инновациялық даму міндеттеріне сай келмейді және 
әлеуметтік­мәдени  саланың  түбегейлі  жаңартылуын  талап 
етеді. 
Сөйтіп,  ғаламдық  қоғамдастық  қатынастарының  бүкіл 
жүйесі сәйкесінше жүйелі жауап қайтаруды талап ететін ірі 
күйзелістер мен жаңа күрестердің алдында тұрғаны анық. 
Бұны  елдер  мен  өркениеттер  арасындағы  сұхбат  пен 
серіктестікті  қамтамасыз  етіп  қана  қоймай,  жаңа  ғасыр 
дағдарыстарына төтеп беретін, барлығын қам титын жалғыз 
ғана ғаламдық институт ретіндегі БҰҰ­ның маңызды міндеті 
деп санаймын. 
Мен  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  2007  ж.  25  қыркүйек­
тегі  Сессиясында  сөз  сөйлегенде,  2012  ж.  Еуро­Азиялық 
континенттің ортасында, Қазақстан Республикасының ел ор­
дасы – Астанада өткізуге әбден мүмкін болатын Тұрақты даму 
жөніндегі  Бүкіләлемдік  саммитте  талқылау  үшін  ғаламдық 
энергиялық­экологиялық  стратегияны  жасап  шығаруды 
ұсындым.
Енді маған, сол уақыттан бергі ірі өзгерістер мен ғалам­
дық  дағдарыстардың  сабағын  ескере  отырып,  әрі  қарай  
жүру қажет сияқты. Тек энергиялық экологиялық емес, жал­
пы ғаламдық стратегия туралы да сөз қозғау керек. Ол жаңа 
ғасырдың талаптарына жүйелі жауап беріп, жалпы адамзат 
өлшемдерінің энергиялық­экологиялық мәселесімен қатар, 
әлеуметтік­де мографиялық, инновациялық технологиялық, 
эко номикалық, геосаясаттық, әлеуметтік­мәдени және т.с.с. 
мәселелерді қамтуы тиіс. 
Басқаша айтқанда, дүниежүзілік қоғамдастықтың өмірін 
барлық жағынан өзгерту мен түбегейлі жаңарту жүйелі әдісті 
қажет етеді. Бұны тек қайта құрудың кең ауқымында күштерді 
біріктіру және өркениеттер серіктестігі қағидаларын жүзеге 
асыру жолында ғана жасау мүмкін. 
Мен  XXI  ғ.  ортасына  дейінгі  өркениеттің  бола шағына 
ұзақ мерзімді болжау әзірлеудің қиын да жауапты міндетін 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
8
мойындарына  алған  ресейлік  және  қазақстандық  ғалым­ 
дардың бастамасын қолдаймын. 
Ғаламдық  болжаудың  негізі  ретінде  олар  интегралды 
макроболжамдау  әдістемесін  ұсынады.  Ол  Николай  Кон­
дратьев  пен  Иозеф  Шумпетердің  цикл дер,  дағдарыстар 
мен  инновациялар  туралы  ілімін,  Питирим  Сорокиннің, 
Арнольд  Тойнбидің,  Фернан  Брадельдің  өркениеттер  мен 
әлеуметтік  мәдени  серпін  туралы  теориясын,  Владимир 
Вернадский  мен  Никита  Моисеевтің  ноосфера  теориясын, 
экономика бойынша Нобель лауреаты Василий Леонтьевтің 
экономикалық макроболжаудың баланстық әдісін, сондай­ақ 
басқа зерттеулерді біріктіреді. 
Болашақтың  жаңа  парадигмасының,  әлемдік  ғалами 
және  жергілікті  өркениеттердің  ең  негізгі  ережелері  бүгінгі 
дәуірдің  болмысына  қарай  саналы  ұғынылып,  дамуға  тиіс 
деп санаймын. 
Ресей мен Қазақстан ғалымдарының зерттеулерін сүйеу 
етіп дайындалған ұзақ мерзімді болжау БҰҰ­ға ұсынылып, 
өркениеттер сұхбаты мен серіктестігі қағидаларының негізінде 
жүзеге  асырылатын  ұзақ  мерзімді  ғаламдық  стратегияның 
әзірленім негізін қалауы мүмкін. 
Бұл кітап ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жа ңартудың 
жүйелік стратегиясын жасап шығарудың алғашқы нобайла­
ры мен ұсыныстарын жасап, оларды Бүкіләлемдік саммитте 
талқылауды мақсат тұтқан.
Егер біздің бастамамыз оң қабылданатын болса, біз са­
лыстырмалы қысқа мерзімде ғылыми тұрғыдан негізделген, 
бүкіл  ғаламдық  қоғамдастыққа  арналған  сенімді  әрекет 
бағдарламасына  ие  боламыз.  Ал  екі­үш  онжылдық  ішінде 
әлемдік  қоғамдастықтың  тарихында  алғаш  рет,  Жер  хал­
қының көп бөлігінің арманы мен мүдделерін іске асыратын 
постиндустриалдық  өркениетті  игеруді  көздеген,  оның 
мақсатты түрде өзгеруін жүзеге асырамыз.

ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРУ 
МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР 
СЕРІКТЕСТІГІ 
СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 
ЖАЛПЫ ПІШІНДЕРІ
1-тараУ

Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРУ МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПІШІНДЕРІ
11
орнаған XXI ғ. — өркениеттер интеграциясының тереңдей 
түсуінің, адамзаттың алдынан шыққан жаңа ғаламдық про-
блемаларды  шешуде  олардың  сұхбаты  мен  серіктестігінің 
дәуірі.  XXI  ғ.  басындағы  қазіргі  заманғы  әлемді  –  тарихи 
мұра  мен  адамзаттың  осы  күнгі  болмысының  кеңістіктік 
алуан түрлілігін көрсететін жергілікті өркениеттер әлемі деп 
пайымдауға  әбден  болады.  Және  де  осы  алуан  түрлілікті 
серіктестік қағидаларының негізінде сақтау мен дамыту ғана 
сол өркениеттердің болашақта гүлденуіне кепілдік бола ала-
ды,  олардың  өзара  қақтығысы  мен  жинақталған  қарудың 
қолданылу қатеріне жол бермеуге көмегін тигізеді. 
XXI ғ. басындағы кезеңге ғаламдану шегіндегі көп поляр-
лы дүние құрылымы тән. күллі адамзат тың мүдделері мен 
тағдырларын тоғыстырған ғаламдық өркениет бет алыстары 
бірде-бір ел, бірде-бір адам іс-әрекетінің өрісі одан тысқары 
қалмайтын халықаралық және мемлекетаралық тығыз байла-
ныстарды өрістету жағдайларында аса айқын далып келеді.
Өркениеттер  құрылымы  қоғамның  серпіні  мен  оның 
алуан  түрлілігін,  соның  ішінде  жергілікті  өркениеттердің 
қазіргі заманғы дүниесін анықтайтын әртүрлі параметр лерді 
айтарлықтай дәрежеде ескеруге мүмкіндік беретін көпөлшемді 
ыңғайды қамтып көрсетеді. бұл фактор ғаламдық өркениет 
ретіндегі адамзат секілді мегажүйенің өмірге қабілеттілігінің 
себепшісі болып табылады.

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
12
1.1. СҰХБАТТАН ӨРКЕНИЕТТЕР 
СЕРІКТЕСТІГІНЕ ӨТУ
мыңдаған жылдар бойы шиеленістермен қатар сұхбат-
тардың, өзара пайдалы ойлармен, технологиялармен, тауар-
лармен  алмасудың  әр  алуан  түрлері  бар  болды.  Ғасырлар 
бойы өркениеттер арасындағы сұхбат пен алмасудың «ма-
гистралдары» – Ұлы Жібек Жолы мен Шай жолы (олардың 
траекториясы қазіргі Қазақстаннан өтетін), «Ұлы еділ жолы», 
«Варягтардан  гректерге  апарар  жол»  және  басқалары 
қалыптастырылды. бұл сауда жолдары мемлекеттер тарапы-
нан қорғалып, олардың бойында ондаған қалалар, сауда-
қолөнер орталықтары пайда болған. 
Және де Ресей мен Қазақстан бүгінгі таңда каспий мен 
Қаратеңізді ең қысқа жолмен қосатын жаңа «еуразия» арна-
сын салу нұсқасын белсенді талқылап жатқаны кездейсоқтық 
емес. 
Өркениеттер сұхбаты мен серіктестігі қоғамның әртүр лі 
өрістерін қамтиды. ол рухани өрістегі — ғылымда, мәдениетте, 
білім  беруде,  діни  көзқарастар  өрісіндегі  даму;  тауарлар 
мен қызметтерді өзара табысты айырбастау, жаңа техноло-
гияларды, ақпараттық жүйелерді, құрылыс материалдарын, 
энергия көздерін, өндірісті ұйымдастырудың экономикалық 
бағыттарын тарату. 
Өркениеттердің  жемісті  сұхбатына  байланысты  мем-
лекеттік-саяси  құрылымның  әртүрлі  өркениеттік  түрлері, 
демократиялық институттар, қоғам өмірінің құқықтық нор-
малары алынады. 
XX–XXI  ғғ.  аяқ  шенінде  біріккен  Ұлттар  Ұйымы  2001 
жылды  (жаңа  мыңжылдықтың  бірінші  жылын) 
өркениет-
тер арасындағы сұхбат жылы деп жариялағанда әлемдік 
қоғамдастық өркениеттер сұхбатының маңыздылығын түсіне 
бастады. 

Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРУ МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПІШІНДЕРІ
13
2001  ж.  қарашада  бҰҰ  бас  Ассамблеясы  мемлекет-
тер,  халықаралық  және  бейүкіметтік  ұйымдар  үшін  осы 
бағыттағы  келешек  әрекеттер  жоспарын  анықтаған  «Өр-
кениеттер  арасындағы  сұхбат  үшін  ғаламдық  күн  тәртібі» 
қарарын  қабылдады.  Қарарда  «барлық  өркениеттер 
адамзаттың біртұтастығы мен көпқырлылығын дәріптейтіні, 
басқа өркениеттермен сұхбаттасудың арқасында байи түсіп, 
әрі  қарай  дамитыны»,  «барлық  өркениеттердің  байлығын 
мойындау және құрметтеу керектігі және адамзат алдында 
тұрған барлық проблемаларды кешенді шешу мақсатында 
өркениеттерді  біріктіретін  нәрселерді  іздеп  табу  қажет 
екендігі» ерекше аталып көрсетіледі [1] . 
тең  құқықтылық,  өзара  құрмет  қағидаларының  не-
гізіндегі  өркениеттер  арасындағы  сұхбат  –  бұл  әлемдік 
қоғамдастықтағы  ынтымақтастыққа  қарай  алғашқы  ғана 
қадам. ынтымақтастықтың жоғарғы түрі — XXI ғ. көпполярлы 
дүние  құрылымының  негізі  болып  табылатын  ғаламдық 
проблемалар ды шешудегі 
өркениеттер серіктестігі. 
Өркениеттер  сұхбаты  мен  серіктестігінің  тығыз  байла-
ныстылығын атап кеткен жөн. Өркениеттер арасында сұх бат, 
өзара  түсіністік  болмаса,  олардың  серіктестігі,  ортақ  мә-
селелерді шешудегі күш жұмылдыруы мүмкін болмайды. 
XXI  ғ.  ғаламдық  талаптарына  жауап  ретінде  –  бола-
шақтың өркениеттер сұхбаты мен серіктестігін негіз етіп алған 
көпполярлы  дүние  құрылымында  екенін  саналы  түрде 
түсіну барған сайын артып келеді.

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
14
1.2. НЕГІЗГІ ӨРКЕНИЕТТІК 
ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ 
XXI ҒАСЫР ТАЛАПТАРЫ
Өркениеттер  мүдделерінің  айырмашылықтары,  олар-
дың арасындағы қарама-қайшылықтар болмай қоймайды. 
олар тарихи мұрадан да, қазіргі заманғы қоғамның өз геру 
қиындықтарынан,  экономикалық,  технологиялық  және 
әлеуметтік дамудың қарама-қарсылықтарынан да туындайды. 
осы дүркін-дүркін шиеленісе түсетін қа рама-қайшылықтар бір 
өркениеттердің басқаларына өз ұстанымын зорлап міндеттеу 
жолымен емес, интеграциялық үрдістердің басымдылығына, 
ғаламдық өркениетті сақтау мен дамытуға сүйене отырып, 
жергілікті өркениеттердің мүдделерін ескере отырып, өзара 
түсінушілік, ымыраға келу жолдарын іздеу негізінде шешілгені 
маңызды. 
Ғаламшарда талай қарама-қайшылық жинақталды, ел-
дер мен өркениеттер серіктестігі негізінде шешілуі мүмкін ірі 
ғаламдық проблемалар бар. бұл – халықаралық лаңкестікке, 
климаттың жылынуына қарсы күрес, әлемдік эпидемиялар, 
көптеген елдердің артта қалушылығын жеңу, энергетикалық 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
осы мәселелерді өркениеттер серіктестігі негізінде шешу 
үшін  көпшілікке  танылған  институттар  бар.  ол  —  біріккен 
Ұлттар Ұйымы, еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық 
жөніндегі  ұйым,  Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы,  көптеген 
басқа  халықаралық  ұйымдар  мен  қозғалыстар.  Қазақстан 
олардың жұмысына белсенді қатысып келеді, оларды дамыту 
бойынша талай бастаманы алға шығарды. 
Ресейлік және қазақстандық ғалымдардың зерттеулері 
XXI ғ. басындағы ғаламдық дағдарыстардың негізі екі басты 
беталыстардан  көрініс  табатын  технологиялық  міндеттер 
екенін көрсетті. 

Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРУ МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПІШІНДЕРІ
15
біріншіден, өндірістің индустриялық технологиялық тә-
сілі әлеуетінің сарқылуы, еңбек өнімділігі мен экономикалық 
серпіннің өсу қарқынының төмендеуі. 
екіншіден,  дамыған  және  дамушы  елдердің  арасын-
дағы  технологиялық  алшақтықтың  өсе  түсуі,  соның  салда-
рынан адамзаттың көпшілігін құрайтын артта қалған елдер 
технологиялық  және  экономикалық  мешеулікке,  жаңадан 
туған  қиын  стратегиялық  міндеттерден  шығындарға  ұшы-
райды. 
Өндірістің  индустриялық  тәсілі,  XVIII  ғ.  аяғындағы 
өнеркәсіптік  революциядан  бастап  XIX  ғ.  басына  дейін, 
машиналық  өндіріс  негізінде  авангардтық  елдерде  еңбек 
өнімділігінің  екпінді,  көбінде  он  еселік,  секірмелі  өсуін 
қамтамасыз етті, ол болса өндірістік шығындарды азайтуға, 
өнімнің  арзандауына  және  әлемдік  нарықты  жаулап  алуға 
мүмкіндік берді. 
Алайда XX ғ. аяғына қарай индустриялық дәуірдің әлеуеті 
айтарлықтай  дәрежеде  сарқылғаны,  техникалық  үдерістен 
одан күтілетін еңбек өнімділігі мен экономикалық серпіннің 
жоғары қарқынды өсім бермейтіні анық көріне бастады. 
бүкіл  әлемдік  экономикада  маңызды  қарама-қайшы-
лықтар  пайда  болды:  халық  санының  өсу  қарқыны  әлі  де 
жоғары болып тұрды және елдердің көпшілігі толғағы жет-
кен экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін 
қорларының тапшылығын қатты сезді. 
Әлемдік  валюталық-қаржылық  жүйенің  әділетсіздігі 
XXI ғ. алғашқы төрт жылын толық қамтитын қазіргі заманғы 
созылмалы және терең технологиялық дағдарыстың негізін 
салып  берді  және  де  тек  түпкілікті  жаңа,  өндірістің  пост-
индустриялық  технологиялық  тәсіліне  және  жаңа,  әді летті 
валюталық-қаржылық  қатынастарға  ауысу  негізінде  ғана 
шешілуі мүмкін.

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
16
Өндірістің индустриялық екі жүзжылдық даму тәсілінің 
нәтижесі  мемлекеттердің  әлемдік  қоғамдастығы  мен  өр-
кениеттердегі терең қарама-қарсылық болып табылады. 
бұл авангардты және артта қалған елдерде еңбек өнімді-
лігі деңгейіндегі күрт қабыспаушылыққа алып келді, әлемді 
«алтын  миллиардқа»  және  кедейшілік  пен  қайыршылық 
жағдайларында өмір сүріп жатқан бірнеше миллиард адамға 
бөліп тастады. 
бүкіләлемдік  банктің  деректері  бойынша,  мысалы,  
2006 ж., 1 031 млн адам тұратын «алтын миллиард» елдері 
мен жалпы халық саны 2 420 млн адамды құрайтын табысы 
төмен елдер халқының бір адам басына шаққандағы жалпы 
ішкі өнім деңгейінің алшақтығы 56 есе, ал еңбек өнімділігі 13 
есе артты. Сондықтан да ғаламдық инновациялық ілге рілеу 
стратегиясының  маңызды  бағыты  –  авангардтық  елдердің 
көмегінсіз, инновациялық ілгері дамуды жүзеге асыра алмай-
тын артта қалған елдердің тиімділігі жоғары жаңа техноло-
гияларды тездетілген озық игеруінің негізінде технологиялық 
және  экономикалық  даму  деңгейлерін  жақындату  үшін 
әртүрлі елдер мен өркениеттер арасында өзара әрекеттесуді 
қамтамасыз ету болып табылады. 
бұл  қарама-қарсылық  ұлтаралық  корпорациялардың 
өз  табыстарын  барынша  асыруға  ұмтыла  отырып,  жоғары 
технологиялық тауарларды технологиялық деңгейі орташа 
және төмен елдерге экспорттау кезінде инновациялық рен-
та алу үшін өздерінің монополиялық жағдайын пайдалана 
отырып,  технологиялық  жетістіктерді  монополияға  айнал-
дыратынымен тереңдетіле түседі. бұндайда бағалардың тым 
қатты көтерілуі немесе техниканың жаңа буындарының таралу 
сатысында өндіріс шығындарымен салыстырғанда олардың 
анағұрлым баяу төмендеуі кеңінен пайдаланылады. 
елдер  мен  өркениеттердің  технологиялық  даму  дең-
гейлерін  жақындастыруға  септігін  тигізетін  ғаламдық  ша-

Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРУ МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПІШІНДЕРІ
17
раларды әзірлеп шығару қажеттілігі туады.  бҰҰ тарапынан 
әзірленіп, оның институттарымен, ал ең алдымен бҰҰ Даму 
бағдарламасымен  жүргізілетін  ғаламдық  технологиялық 
стратегия осыған бағытталуы тиіс. 
бұл бағдарламада табыс деңгейі төмен, технологиялық 
тұрғыдан  артта  қалған  елдерге  ең  жаңа  технологиялық 
жетістіктерді тарату мен оларды игеруге жүйелі әрі ауқымды 
көмек көрсетуді қарастыру қажет. 
Авангардтық  елдер  мен  өркениеттер,  ең  алдымен, 
Солтүстік Америка, батыс еуропа, Жапония ең ірі қорларын 
жаңа VI технологиялық құрылысты игеруде инновациялық 
ілгерілеуді қамтамасыз ету үшін бағыттайды. 
олардың  бұл  үшін  қажетті  технологиялық,  кадрлық 
және  қаржылық  базасы  бар.  Ал  әлемнің  көптеген  басқа 
елдері лайықты жауап қайтаруға шамалары келмейтін қатты 
қиындықтар алдында тұр. 
Сонымен бірге, Қытай, Үндістан, Ресей, бразилия және 
өзге  де  басқалар  сияқты  тез  дамып  келе  жатқан  бірқатар 
елдердің  экономиканың  санаулы  секторларында  техноло-
гиялық ілгерілеуді жүзеге асыруға және өз өнімінің бәсекеге 
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар.  осымен бір 
мезгілде африкалық және азиялық континенттердегі көптеген 
елдердің технологиялық серпілісті жүзеге асыру үшін жеткілікті 
қорлары мен мүмкіндіктері жоқ. 
Нәтижесінде XXI ғ. басына қарай қалыптасқан тех ноло-
гиялық алшақтық әрі қарай тереңдеуде. Және де авангардтық 
елдер VI технологиялық құрылысты игерген кезде, ал артта 
қалған  елдер  анағұрлым  төмен  сатыда  тұрғанда,  ол  одан 
бетер ұлғая түсуі мүмкін. 
бай  және  кедей  елдердің  арасындағы  экономикалық 
алшақтықтың тереңдей түсуі, онсыз да жарылуға дайын тұрған 
оқ-дәрі  бөшкесі  іспеттес,  бүкіл  әлемдік  қоғамдастықтың 
жағдайын өршіте түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет