Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет216/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«Түрлі министрліктердің барлау экспедицияларының әлде-
қандай бір бұлақтың басына таласа қонып, бір ізбен жылдап 
шұбыратын жосықсыз рәсімі қашан тыйылады? Олардың бірі – 
көмір іздейді, екіншісі – мұнай, үшіншісі – темір кенін, төртінші-
сі – түсті металл... Осының бәрін бір қолға беріп, мүдделі жерге 
бір экспедиция жіберіп, жер қойнауындағы бар керекті топ-
тап іздейтін күн қашан туады?» – деп ашына сөйлеген-ді бү-
кілодақтық геологиялық кеңестердің бірінде академик Қ.И. Сәт-
баев.
Шынында да жолсыз рәсім: неше минис тр лік болса – сон-
ша геологиялық қызмет (Бұрынғы геологиялық министрлік 
Н.С. Хру 
щев енгізген «жаңалықтар» кезінде таратылған бо-
латын). Айталық, Қара металлургия министр 
лігі өзіне дербес 
бағынатын барлаушылар бас қармасын тұрақты ұстауды қажет 
деп бі леді. Химия өнеркәсібі министрлігі де солай ойлайды: сан-
салалы, технологиясы алуан түрлі өн дірістерге көптеген шикізат 
түрі қажет, жер қойнынан оны маманданған барлаушылар іздесін. 
Көмір өнеркәсібі де тек қана көмір іздеуге дағдыланған кәнігі гео-
логтармен істес болуды тиімді санайды. Мұнай өнер кәсібінің тала-
бы бұдан да қиын – сұйық отын барлық жерден табыла бермейді, 
геолог біткен оны таба да білмейді, олай болса?.. Бұл талаптың 


569
ШЫҒАРМАЛАРЫ
әуес дүниеге айналғаны соншалық – күндердің күнінде құрылыс 
материалдары министрлігі де дербес геологиялық трест құруға 
талаптанған... 
Сайып келгенде, бұл геологиялық қызметтердің жер-жерде 
шектеусіз көбейіп, шығын да бірнеше есе өскен. Ал соларды 
төлеуші – үкімет. Тығырықтан алып шығар жол қайда? Өзгеріске 
құмар әуесқойлар геология комитетін біржола жоюды, барлау 
ісін әрбір министрліктің өзі не беруді жөн деп біледі. Қ.И. Сәтбаев 
КСРО Министрлер Кеңесіне хат жазып: «...түрлі ведомстволарға 
тарап кеткен геология күш те рін біріктіріп, жер асты қазынасын 
іздеуді тиімді де пәрменді жолмен, кешенді түрде топтап бар-
лауды» ұсынады. Тынымсыз Қа ныш Имантайұлына бұл да аз. 
Күндердің күнінде ол СОКП Орталық Комитетінің жаңа хатшысы 
Л.И. Брежневтің қа был дауына сұранады. «Шынын айтқанда, – 
деп есіне алған-ды осы сұхбатты 1978 жылы бізбен жүз дескенде, 
сол күнде КСРО Орта машина жасау министрінің орынбасары бо-
лып еңбек ете тін П.Я. Антропов, – Қаныш Имантай ұлының кімді 
болсын бірден үйіріп алатын жар қын келбеті, әрине, мықты 
логикалық дәлелдермен партия мен үкі мет басшысын сендіре 
сөйлегені одақтық геология қызметін біржола таратудан аман 
сақтап қал ды». Бұл ойын марқұм Петр Яковлевич ға лым туралы 
«Академик Қ.И. Сәтбаев» естеліктер жинағында да: «Бұл істе ол 
бә ріміз ден де гөрі табандылық көрсетті!» – депті.
П.Я. АНТРОПОВТЫҢ естелігінен:
«Мынадай бір мәслихат есімде: КСРО ҒА президенті, акаде-
мик А.Н. Несмея новпен хабарластым да, геология ілімі нің жайын 
талқылау үшін бір топ ғалым-геологтарды қабылдауын өтіндім... 
А.И. Вер надский атындағы геохимия және аналитикалық химия 
институты академияның химия бөлімшесіне қарайды; ал қазба 
байлықтарды геофизикалық тәсіл дермен іздеу  физика-матема-
тика бөлім шесінің қарауында; палеонтология биология ғы лым-
дары бөлімшесіне бағынатын; соның кеселінен геология ілімі та-
бан тірейтін ең негізгі саласын өрістету тұрмақ, бағыт-бағдар 
беру мүмкіндігінен де ай ырылып қал ған-ды... Бұл сұхбатқа ака-
демиктерден Қ.И. Сәтбаев, Н.С. Шатский, Н.М. Страхов және 
Д.И. Щербаков қатысты. Әңгіме үстінде Қаныш Имантайұлы 
бұл келең сіз діктің өте қолайсыз және қисынсыз екенін айтудан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет