601
ШЫҒАРМАЛАРЫ
са қосылмас, бойыңды күт, қу жаныңды бапта демекпіз. Сенің
ата ғыңа алыс тан қуа нып, даңқыңмен көңілін өсіріп, құрмет тұ-
тып, өзіне ес көріп жүрген қалың ел бар артыңда. Бір жалғыздан
зор денсаулық, қуат сұраймыз! Қайда жүрсең де жо лың болсын,
қолдаушы серігің баяғыда өз әкеңе аян берген Қыдыр атаң болсын!
Аллаһу әкбар! – деп бетін сипады.
– Әмин, батаңыз қабыл болғай, Мүке! – деп Қаныш Имантайұлы
бетін сипап, көзі нен там ған жасты көрсеткісі келмегендей, қолын
бетінде ұзағырақ ұстап қалды.
– Жолың болсын, қадірліміз! Енді рұқсат!
– Ғұмырың ұзақ болғай!
Қайтар жол бөгеген жоқ. Даланың таңғы самалы жолаушылар-
ға дәрудей әсер етті. Бөпежан машинаның артқы орындығына
жайғасып, ауылдан аттана бере-ақ ұйқыға бас қойған. Ғалым
әйнекті кеңірек ашып, шынтағын есікке тірей, төңірегіне ынтыға
қарап үнсіз отыр. Қамығып отырған тәрізді. «Енді қайтіп көрем
бе, туған жер сені?» дегендей әрі-сәрі күйде. Сахара самалын құ-
марлана жұтып, таңғы алагеуім сәтте мұнарланып көрінген тау-
жоталарға, дала келбетіне де мұңая қарап, бәрі-бәрімен қимай
қоштасып бара жатқанын жүрегі сезіп, жан-дүниесін кеулеп,
тұқырта түскендей...
* * *
Теңдіктегі үлкендер айтқан-ды бізге: «Қаныштың туған жеріне
келген сол сапары соңғы болды, ақылы дара біткен жан ата-
анамның алдындағы парызымды өтеуге кел дім деп, үлкен-кішіні
риза етіп еді. Сөйтсек, бейдауа дертпен ауырып жүріп, қоштасуға
келген екен...»
Достарыңызбен бөлісу: