Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет178/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

еңбегіңізбен дүние жүзіне қазақ халқының кім еке нін, КСРО 
халықтарының ұлы достығы қандай же 
тіс 
тіктер бергенін 
танытып келесіз. Сол үшін де қазақ халқының елуге келген 
даңқты перзенті Қаныш Имантайұлы Сәт баевқа бас иіп, қол 
соғамыз. Бұл сөзді бір топ орыс достарың – жан-тәнімен Сені 
сүйетін және өздерінің сүйіспеншілігін ешқандай асылға айыр-
бастамайтын (өйт кені саған бір жола берілген, өзіңді де солай 
деп ойлайтын) әріптестерің шын жүректен жолдап отыр».


465
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Ғалымның елу жылдық тойы 1949 жыл дың 14 мамыры күні 
Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында өткен. 
Залда қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ғалым 
дар, әдебиетші-
лер, геологтар, ғылыми қызметкерлер, Қарағандының, Жезқаз-
ған ның, Өскеменнің жұмыскер делегация ла ры... Қазақстан гео-
логтарының ақсақалы, ака демик Н.Г. Кассин той иесінің өмір 
жо лы, инженерлік және ғылыми қызметі туралы жасаған баян-
дамасынан соң мінберге Мәс кеу ден (академик В.Г. Фесенков пен 
коррес пондент-мүше И.П. Герасимов), Өз бек стан нан (академик 
А.С. Садықов), Әзір бай жаннан (геология докторы К.А. Әли-Заде), 
Белоруссиядан (академик Н.Ф. Ермоленко), Қырғызстаннан 
(профессор Г.Н. Виноградов) арнайы келген делегация басшы-
лары көтері ліп, Қаныш Имантайұлына, сол арқылы Қазақстан 
ғылымына деген ілтипат лебіз 
дерін естірткен. «Партия мен 
үкімет өзіңізге сеніп тапсырған Қазақ КСР Ғы лым акаде мия-
сының басшысы міндетін Сіз кеңес ға лымына тән мол жігер-
қуатпен тамаша атқарып келесіз, республиканың барлық 
еңбекшілері қадір тұтар сүйік 
ті азаматы болып отырсыз. 
Сіздің ғылы 
ми және мемлекеттік қызметіңіз Қазақ 
стан-
дағы озық ғы 
лым мен мәдениеттің гүлденуімен тікелей бай-
ланысты...» – делінген Қазақстан КП(б) Орталық Коми теті, Қазақ 
КСР Министрлер Кеңесі мен Жоғарғы Кеңе сінің төралқасы той 
иесіне жолдаған құттықтау хатында.
Салтанатты жиын соңында Қаныш Иман 
тайұлы тебірене 
тұрып, жүрек түк пірінен жарып шыққан алғыс сөзін естірткен: 
«Өмі 
 
рімнің әр түрлі кезеңдерінде атқарған азды-көпті ең-
бегімді сөйлеген жолдастар асыра атап өтті, мерекелі күні 
мадақ сөздердің басымырақ айтылатыны мәлім. Оларға бір 
ғана түзету жасағым келеді: нендей жұмыста болмайын, 
қандай міндет атқармайын, білімімді мен Отанның барлық 
халықтары бірігіп құрып жатқан баянды бақыт жолын дағы 
жаңа құры лысқа арнадым; соның бір кірпішін болса да берік 
әрі орнын тауып қа лау ға тырыс тым. Бұл әрбір Кеңес адамына 
тән ардақты міндет екеніне менің күмә нім жоқ. Сол себептен 
де өз еңбегімді солардан артық иә өзгеше даралай алмаймын. 
Ал бүгінгі құттықтауларда менің атыма айтыл ған бар лық 
мадақты негізгі иесіне – барлық жеңіс теріміздің ұйымдасты-
ру шысы және дем берушісі – Ленин-Сталин партиясына арнай-
30-0196


466
Медеу СӘРСЕКЕ
мын. Әрине, алдағы өмірімде, қызметімде халқым мен партия 
мүддесі жолына барлық күш-қуатымды, қабілет-жігерімді ая-
май сарқа жұмсап, еңбек ете бермекпін!»
Т.А. СӘТБАЕВАНЫҢ естелігінен:
«...Меніңше, әрбір саналы адамның жүрегінде мәңгі ұялап 
қалатын, өзіне жер жаннаты сияқтанып көрінетін өте ыстық 
әрі қымбат жер пұшпағы болады. Қаныш Имантайұлы үшін 
ол – Баянауыл, осы таудың батыс бөктеріндегі Айырық ауылы! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет