294
Медеу СӘРСЕКЕ
Сөйтіп, XIV ғасырдың көне белгісі сол күзде-ақ әлем асыл-
дарының ұлы ордасы – Эрми таждың 10-залына, екі терезе аралы-
ғындағы бірінші тағанға қойылыпты (1969 жылдың ақпан айында
мен оны сол жерде көргем-ді. Тек тасты тұтас әкете алмай, жазу
түскен бетін болат пышықпен қарыстай қалың етіп кесіп әкеткен).
ІІІ
Қаныш Имантайұлы «Ұлытау тасына» геологиялық сая-
хат кезінде кездейсоқ жолыққан. Тек оның тарихи ескерт кіш
екендігін бірден болжамдап, КСРО ҒА-сына хабарлауын кездейсоқ
қарекет деуге бола ма? Жоқ. Әрнеге әуестік, одан да гөрі ғылым
сырына құмарлық оны жиыр ма жасында есеп жың ғылына қойып
кетіп, «Қазақша алгебра» оқулығын жазуға баста
ды. Тап сол
ынтызарлық студент Сәтбаевты туған халқының ауыз әдебиеті
үлгілерін жинауға әуей етіп, бұл істе де тыңға түрен салғандай,
фольклор іздеушілердің бірі болғандығын аңғартты. Сол саладағы
алғашқы еңбегі – Семейде шығатын «Қазақ тілі» газетінің 1923
жылғы 13 желтоқсанда «Байшуақ» (Сәтбай ата сы ның есімінің
шуақ ты, сәулелі, сәтті мағына сынан туған сөз) деген лақап атпен
«Обаған» әнінің туу тари хын, сол әнді айтушы қартаң әйел мен
тыңдаушы көптің әсерін жариялаушы былай сипаттайды:
«...Көз алдыңа Сарыарқа, сайран жер, нулы ел, сары қымыз, саф ауа, сан
еркіндік тің ұшқындары елестейді. «Қызықты қайран дәурен, өттің-кеттің,
қайыры лар күнің бар ма?» деген сияқты жүрекке біртүрлі тәтті уайым, май-
да сағыныш түскендей, жіңішке нәзік дауыс бір мезгіл де тіпті солқылдай зар-
лайды.
Достарыңызбен бөлісу: