Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет128/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

«...Көктемнің алғашқы күндерінің бірін де Қаныш Имантай-
ұлы мені Жезқазған ның теріскейінен 45 шақырымдай қашық-
тағы Шайтантас деген таулы жерге ер 
тіп келіп, тасы 
ағараңдаған жотаны нұсқады да:
– Федя, жаз бойы осында істейсің. Көп кісі бере алмаймын, 
бірақ шурф, жыра қазатын біраз жұмыскер қосамын. Бұл жер-
ден алтын іздейсің, – деп жолшыбай алған ақ тасты ұсақтап 
сындырып, үлкейт кіш шы нымен соның өне бойында шашыра-
ған ал 
тын түйіршіктерін көрсетті. – Коллек 
тор дос 
та 
рың 
Вася Солодовников пен Павел Прокопьевке де осындай міндет 
жүктеймін. Жазға жететін қаржымыз бар, ал күзгі тір 
лігі-


318
Медеу СӘРСЕКЕ
міз – үшеуіңнің жұмыстарыңа бай 
ланысты. Солай, Федюша, 
Жезқазғанның мысын сендер табатын алтынмен ақта масақ, 
жағдайымыз қиын!..
– Қаныш Имантаевич, зиянкестік емес пе? – деп едім:
– Мұның бәрі, жігітім, уақытша кедер гі. Түбінде біз жеңеміз. 
Ал сен тапсырылған жұмысты тыңғылықты орындауды біл! – 
деп түртінектеген сауалымды ұнатпай, қабағын түйді.
Жауапты тапсырма алған соң елгезек Пастуховта ес қала 
ма?! Қасыма он шақ ты кісі алып, керек-жарағымды түген деп, 
Қаныш Имантайұлы көрсеткен тау ға келіп жұмыс бастадым. 
Барлауымыз сәт ті болды, ә дегеннен-ақ алтын желілері мо лы рақ 
кезіккен жылғаны қуып, терең жы ра, әлденеше жерден шурфтар 
қазып, жұмыс ты өндіріп тастадық.
Маусымның орта кезінде Қаныш Иман тайұлы қайыра келді. 
Жыраларды ұзақ қараудан соң, сірә, көңілденді білем, бір мез гілде: 
«Федя, күн ыстық екен, жүр, өзенге түсіп қайтайық» десін. «Жоқ, 
әуелі палаткаға кіріп шығайық!» дегенімде, Қаныш Имантайұлы 
бетіме таңдана қарап: «Әй, әй, Федюша, менен бірдеме ті леп 
тұрсың ғой, көзіңнің құйрығы тым жымқырылып кеткен екен, 
жүр», – деп соңы ма ерді. Палаткаға кірген соң есіктегі бре-
зент жаппаны қымтап жаптым да, төң керулі қара қазанды 
нұсқадым. «Ау, мұның не?» Шыдамсыздан ған Қаныш Иман тай-
ұлы қазанға жақындап еді, мен: «Ойбай, бұл жаққа баспаңыз! 
Жарылғыш зат тар ды сонда сақтап жүр мін!» – деп кесе-көлде-
нең тұра қа лып, қа зан ды өзім аудардым. «Сенің мынау ың барып 
тұрған қылмыс!» «Қылмыс дей сіз, жарыл ғыш аммоналды сон да 
қайда ұс тауым керек, қойма салғы зу ға кісі берген жоқсыз. Ал де-
тонаторды басқа жерде, құ лып таулы темір жәшікте сақтай-
мын», – деп әрі қылмысымнан ақта лып әрі құ пи ям ды көрсетуге 
асығып, да быр лай сөй леп, ақыры аммонал қорап та рының ас тын-
да, көмулі тұрған шы ны құты ны суырып алайын. Қанекеңнің 
көзі шара дай болды. «Өй, мынауың!..» – деп құтыға шап берді де, 
есікке жақындап, жарыққа қарасын... Құ тының қақ жарты сы 
дерлік шайылған алтын түйіршіктері еді!..
«Жарадың, Федюша! Құдай-ау, мы на у ың мол қазына ғой, – деп 
Қаныш Иман тай ұлы мені кенет құшақтай алды. – Жара дың, 
сен! Қанша олжаға қарық қыл ға ның ды білесің бе?! Мынаны ал-
тын тре сінде гі лер көрсе, биыл ғана емес, бізді келесі жылы да асы-
райтын қаржыны бірден лақтырып тастайды. Көр де тұр, нақ 


319
ШЫҒАРМАЛАРЫ
осылай бола ды! Ал мен жұмыскердің қақ жартысын қыс қартуға 
ойланып жүр едім...»
Қаныш Имантайұлының әсіре шат тан ған кезіне талай куә 
болдым. Сол жолғы балаша қуанғаны бүгінгідей есім де. Өзенге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет