332
Медеу СӘРСЕКЕ
нар комы жаңа бұйрыққа қол қойды, оның әр тар мағы Ұлытау
атырабындағы ел көптен күт кен игі істің орындалу мерзімдерін
нақты атап берген-ді: темір жолдың қашан іске қосылатынын,
комбинаттың, үлкен жылу орталығының, қала құрылысының,
алғаш қы ке зектегі шаруашылық салалары ның, су бөгетінің қай
жылы, тіпті айы-күніне дейін...
Жезқазған барлаушылары сол жазда-ақ ерекше қажыр-қайрат
көрсетіп, Мәскеуден тікелей берілген мол қаржыны тиімді әрі
тиісті қажетке жұмсау дың үлгісін танытқан. Әсіресе бұрғылау
ста ноктарының өнімділігін арттыру сала сын да. Снарядқа быты-
раны көптеп салып, тездетіп бұрғылау әдісін ең алдымен Егізек
Байсал баевтың бригадасы меңгерген, соңы нан оны бұрғылаушы
әріптестері игеріп, ақыры озық әдіс көпшілікке түгел тараған.
Бұрғылау станоктарының қарамы да бұл қар саңда едәуір өскен.
Олардан алынған керн Жезқазғанның өзінде зерттеледі. Тас-
құдық басындағы барлаушылар қалашығы қарамды мекенжайға
айналған. Онда химия зертханасы ғана емес, ғылыми-зерттеу
сек
торы да жұмыс істейді. Пробиркалық, мине
рало
гиялық,
петрографиялық, шлихтік ана лиз дер жасайтын кабинеттер бар,
құрылыс материалдарын сынайтын, фото және микро фо толық
бөлімдер өз алдына... Минерало гиялық мұражай болса түрлі түсті
тас жы ныс тары ғана емес, күні ертең Жаңа қаланың өлкетану иә
тарихи жайларына керек болар лық алуан мұрағаттарға ие...
1939 жылдың соңында Ұлытау геологтары Жезқазған кенінің
көлеміне жиынтық есеп жасаған. Қор комиссиясы олардың
ұсынған есебін өз геріссіз бекітті. Бекітіп қана қой ған жоқ:
«...Бір
Достарыңызбен бөлісу: