Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет149/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

ШЫҚҚАНҒА ТЕҢ зор табыс (даралап жазған біз – М.С.) болды. 
Сапалы прокат өндіру жедел артты. Магнитогор комби натын 
Жез ді ферро марга нецімен дер ке зін де жабдықтау броньдық про-
кат беруді ҮШ ЕСЕ өсірді...» деп куәлік етеді «Ұлы Отан соғысының 
та ри хы» бұл оқиға хақында. Мына бір статистикалық деректер-
ге көңіл аударыңыз: Шығыс аудан дардың марганец шикізатын 
өндірудегі үлесі 13,7-ден соғыс жылдарында 84,6 пай ыз ға өскен. 
Мұның 70,9 пайызын ТЕК ҚАНА ЖЕЗДІ КЕНІШІ бер ген! Демек, 
Ұлытау қойнынан алын ған брау нит кенінің кө лемі Вен грия, Че-
хословакия, Румыния жеріндегі барлық марганец кеніштерінің 


385
ШЫҒАРМАЛАРЫ
сол жылдарда Гер ма нияға жөнелткен өнімімен тең түскен; нәти-
жесінде Кеңес Одағы 1942 жылы танк шы ғаруды екі жарым есе 
өсірген, демек, әр бір ОН ТАНКТІҢ ЖЕТЕУІНІҢ құрыш сау ы ты 
Жезді браунитінің қатысуымен құй ыл ған!..
Өнімділігі еселеп артқан пештер ферро 
мар 
ганецті, әрине, 
былтырғыдан әлдеқайда көп сұраған. Бұл болса Жездіге тағайын-
дал 
ған 1943 жылдың жоспарын төрт есе өсірген. Былайша 
айтқанда, төрт жүз мың тонна кенді асығыс қазылған кәдімгі 
қазаншұңқыр апандардан жиырма-отыз метр жоға рыға шығару 
керек. Қандай техникамен? Сонсоң оны вагондарға жеткізу 
қажет. Бұл да негізінен қол күшімен атқарылатын өнімсіз де 
азапты жұмыс! Кен алу он шақты төбеде қат-қабат жүреді. Оны 
тиеуге құрылған бункер-эстакада біреу-ақ, ең алғашқы ашылған 
Батыс кеніштің іргесіндегі шағын транс 
портер лентасы оған 
жетпейді. Оның үстіне ашық далаға, аяз өтіне жарам сыз лен-
талар сағат сайын үзіледі, оларды жамап-жасқау да сор бейнет. 
Мұның бәрі бір сәрі, уақыт ұзап, кен қазу ұлғайған сайын үсті 
ашылған төбелердің қуа ты сұйы лып барады. Демек, төмендегі 
мол кенге тездетіп жету керек. Ондағы құнар геологтар көр-
сеткендей жоғары болса жақсы. Ал сұйылып шықса? Байыту фаб-
рикасын салуға тура келеді. Бұл да зор машақат!..
Кеншілер едел-жедел тұрғызылған жер үй, шым барактар-
да тұрады. Баспана аталғанымен кісі тұрғандай жайлы мекен 
емес – тар, сыз қараңғы әрі қорадай суық. Сол себептен де кісі өлімі 
көп, әсіресе тұтқындар арасында... Ыстық ас орталық асханадан 
беріледі. Оның жұғым-қуаты, мөлшері де ша малы – ашқұрсақ 
жүрмеудің амалы. Соған қарамастан, Жезді кен шілері тәулігіне он 
екі сағат жұмыс істейді. Ал инженер-техниктерге, кеніш басшы-
ларына кесулі мерзім жоқ. Уақыт мөлшерін олар кен жөнелтілген 
вагондар есебімен жүргізеді; тәуліктік тапсырманы орындадың 
екен – жұмыс басындағы жерүйде бірер сағат демалуға еріктісің, 
ал вагондар сап түзеп қарап тұрды ма – ұйқы, демалыс, ас тура-
лы ойлауға да хақың жоқ! Жиырма төрт сағат, кейде қырық сегіз 
сағат тынымсыз жүріп жұмыс істейсің. Иә, Жезді қойнынан алы-
нып жатқан қаратастың Орал пештерінің жа лын атқан көмейіне 
жеткенге дейінгі ұзақ жолы осындай адам төзгісіз ауыр бейнет, 
шексіз тауқыметпен бас талатын. Тегінде, бұған қаратастың болат 
прокатқа дарытатын беріктік қасиетіндей құрыш жігер, төзімі 
темірдей жанкешті адамдар ғана шыдамақ...
25-0196


386
Медеу СӘРСЕКЕ
Қырық екінші жылы осылай болды. Жез 
ді хикаясына 
қатысқан әрбір инженер-техник, әрбір кенші осы тауқыметті 
иығымен көте ріп, қаншама қиын болса да шыдап бақты. Отан 
үшін не кешпейсің?! Қырық үшінші жылы да солай болмақ, сірә, 
қиындық ұлғаятын тәрізді. Кім шыдайды, қалай төзеді?! Жоспар 
сөзсіз орын далу үшін беріледі. Ал алда-жалда орындай алмаса?..
Қысқасы, жаңа жылдың ұлғайған жос 
пары мәлім болған 
соң-ақ кеніш басшылары өзгеше әңгіме бастайды: «Бұл кеніш 
әу баста алты жүз мың тонна сапалы ферромарганец береді деп 
жобаланған-ды. Оның шерігін былтыр алдық, қалғанын осы 
жылдың ал ғаш қы жар тысында жөнелтеміз. Демек, одан арғы – 
бос бейнет болмақ, тырбан ғанда алары мыз – көп еңбек тілейтін, 
өнімсіз де ша 
шыранды кендер...» Бұдан шығатын тұжырым: 
қырық үшінші жыл дың жоспары нақты кенге емес, барлау шы-
лардың әсіре қиялынан туған болжаулы қорға негізделген, сол 
себепті оны екі есе кеміту керек!.. Жезді материалдарын ТКЗ және 
ЦКЗ-ның бір емес, екі мәрте қарап, Алматы ғана емес, Свердловта 
да толық бекіт пеуі – кен басқар масы ның басты тірек, қарсы ай-
тар айғағына айналады. Иә, аса сақ сарапшылар екін ші жолы да 
деректері жеткіліксіз деген же леу мен Жезді қорын қабылдамай 
қойған-ды. Бұл аздай, Бог дан чиков алғашқы жыл ғы жетімсіз бар-
лауда қателесіп, асығыс мә лімдеме жасағанын мой ындап отыр: 
оның пікірінше, кен қабатының негізгі қоры – өзен арнасының 
астында, яғни шығыс қанатта екен. Ал бір жыл бұрын ол қарсы 
бағытты, батыс қолатты нұсқаған. Қазатын техника мен тиеу 
жабдықтары, қа тынас жолдары – сол жерде, үлкен бункер де 
Батыс кеніште орнаған. Соларды енді шығыс қанатқа жедел ауыс-
тыру қажет. Оп-оңай орындалмайтын, қыруар күш, уақыт та 
тілейтін азапты жұмыс. Ке ніш дирекция сы мұны да желеу ет-
кен: «Бұл не тәлкек? Бір жылдан соң тағы бір білгіш кен жүлгесі 
теріскейде екен, қателестім демесіне кім кепіл? Барлауы шала кен 
қалайша қабыл дан ған?..» 
Ақпанның басында Жезді кенішінің бас геологі С.А. Горланов 
басқарма мүшеле рі нің тапсырмасымен Мәскеуге аттанады. Оның 
портфелінде кен құнарының кенет сұйылғандығын дәлелдейтін 
деректер бар; әлде 
неше апаннан марганецке «кедей» брау 
нит 
кесектері теріп алынған; әрине, бұл – жоспар кеміту амалына 
сөзсіз иландыратын «жанды» айғақтар...
Жезді қазынасы сөйтіп тағы да дау-шарға душар болады. 
Мәлімденген кен бар ма, жоқ па? Бар болса, қанша? Жыл өтпей 


387
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жатып кеншілер кен қорының таусылғандығы жай ында неліктен 
шу көтеріп отыр?
Кімге болсын қолайлы әңгіме емес. Әсі р есе ділгер шикізатқа 
енді ғана қолы же тіп, өнімді еңбекке құлшына кіріскен Маг ни-
тогор металлургтері үшін. Олар, әрине, се німді шикізат базасын 
талап еткен. Ал Жезді барлаушылары үшін бұл – сот алдында бас 
қорғау ғана емес, абырой мен ар мәселесі!..
Әңгіме насырға шауып, ақыр аяғында Сәт баевты табады. Кім-
кім, мыс барлап жайымен жүрген әріптестерін осы іске жек кен, 
беделін салып, жоғары орындарды сендірген де – сол. Ендеше, 
жауап бер!.. Нау рыздың орта шенін де ол кен орнын зерттеуші 
Богданчиковты Алматыға шақыртады; құдай жөні Жездіге өзі ба-
рып, кен жүлгелерін көзімен көріп, дүдәмал қабаттарға қайыра 
тексертіп, шындап шұқшиғаны жақсы-ақ еді, амал не, қыруар 
шаруалар мүм кін дік бермеген...
Жұмыс кабинетінің төріндегі бөл меге емін-еркін жайғасқан 
Жезді геологы Алматыда өз бақылауымен сарыла отырып, екі 
айға жу ық уақыт жұмыс істеді. Сонау қатерлі 41-жылдың жазы-
нан жүрген тынымсыз барлаудың нәти жесін қорытындылап, бар-
ды екшеп, бұрғы ұшы жетпеген тереңді де болжамдап, есеп-қисап 
жүр 
гізді. Олжасы қарамды: былтырғы шамалы дерек 
термен 
долбарлаған кен қорын төрт есе өсірді. Екі жылдық шағын барлау 
үшін бұл тамаша нәтиже!.. 
Есептеу біткен күні екі геолог барлау материалдарын алдары-
на жайып қойып, өзара ой түйген-ді.
– Меніңше, Иосиф Николаевич мұндай ір гелі кен орны үшін 
кіммен болса да тайсалмай айтысуға болады. Рақмет, достым! 
Көп жұ мыс тындырдың, барлауды да сауатты жүр гіз генсің. 
Кен бағытының өзгеруі – заң ды құбылыс. Жезді табанында 
қисапсыз мол қазына жатыр. Геологиялық түсіндір ме ге тура 
солай деп жаз! – деген-ді жиынтық нәтижеге сүйсінген Қаныш 
Имантайұлы. – Иә, иә, шынайы сырын кен орны енді-енді аша 
бас таған. Көрдің бе, тереңге барлауды терістік-шығыс қанатқа, 
өзеннің табан астына көлбей бойлатып, батыл түрде өрістету 
керек. Тек қана тереңге, көрерсің, бұл қолат тан біз әлі ондаған 
миллион тонна қаратас табамыз! Бұл кенді сен әлі де талай жыл 
зерттейсің!..
Бүкілодақтық (Орталық аты қайыра өзгерген) қор комис-
сиясының Жезді қазынасын қарауға арналған төтенше мәжілісі 
Ал ма тыда, 1943 жылдың 15 мау сы мы күні өткен. Оны өткізуге 


388
Медеу СӘРСЕКЕ
ко мис сияның сол кездегі төр аға сы, геология-мине ралогия ғы-
лымдары ның докторы, профессор П.М. Татарников тың өзі кел-
ген-ді. Бұл жолғы талқыға Алма 
ты 
ның маңдайалды ға 
лым-
геологтарымен бірге жер-жерден арнайы ша қы рыл ған марганец 
кендерінің ірі мамандары – геолог-ғалым білімпаздар, барлығы 34 
адам қа тысқан.
Талқылауға екі түрлі есеп түседі. Оның бірін Қазақ геология 
басқармасы жасаған. Бұл туралы инженер Е.А. Немов баяндай-
ды. Әмбе ол – Жезді кен басқармасының мүд десін қорғаушы. 
Екінші есепті Қазақ түсті металл барлау тресіне қарайтын 
Жезқазған барлау конторасы әзірлеген. Баяндаушы – геолог 
И.Н. Богданчиков.
ВКЗ талқысына екі түрлі әдіспен жасал 
ған қор есебі 
ұсынылған. Бір ғажабы, екеуі де Богданчиков тобы жүргізген 
дерек терге негізделген. Яғни ойдан қосып, жоқ тан бар жасады 
деуге болмайтын жағдаят. Әрине, есептеу нәтижелері – екі түрлі 
және бір-бірінен жер мен көктей алшақ. Бірі бойын ша, Жездіде 
брауниттің талай жыл қазуға жететін мол қоры бар. Екіншісі 
бойын ша, сол қор күзге таман тақа бітеді... 
Екі күнге созылған талқыдан соң, ВКЗ мәжілісі Жезқазған гео-
логтары ұсын ған есепті бекітті. Рас, кейбір айғақтар дү дәмал са-
налып, есептелген қордың бірер мил лион тоннасы екінші, үшінші 
катего рия лы кенге ауысты. Соның өзінде кеншілердің қазуына 
ұсы нылған өндірістік қор – үш миллион тон на дан астам. Ең бас-
тысы, Богданчиков тобы ал дағы жылдарда да бұл жерде жүйелі 
түрде барлау жүргі зу ге рұқсат алды. Сарап шылар акті сін де бұл 
жай ында: «...барлау қарқыны молай ған сай ын кен көлемі ұлғая 
береді» – деп нақты көрсе тілген.
Осымен Жезді дауы біткен сияқты еді. Бірақ олай болмады. 
Әр айдың өндірістік тапсырмасын әупірімдеп әрең-әрең орындап 
жүрген ке ніш дирек циясы «құнары сұйылған Жез ді» жанын-
дағы қорғаныш лақаптан бас тартқан жоқ. Түп мақсаты – келесі 
тоқсанның, ең құрығанда келер жыл 
дың жоспарын кемірек 
алу... 
1943 жылы, күзге Қ.И. Сәтбаевты Қа ра металлургия наркомы 
Мәскеуге шақыр ды.
– Жезді кеніші келесі жылы да биылғы мөлшерде ферромарга-
нец бере ала ма? Ештеңеден қауіптенбей, маған мәселенің аны- 
ғын айтыңыз, – дейді Тевосян бірден тура сөзге көшіп. – Кен ор-


389
ШЫҒАРМАЛАРЫ
нын сіздің адамдар дың асығыс барлағанын білемін. Қателесті деп
кінә қоюға болмайды...
– Иван Федорович, сізге нақты жауап беру үшін бұдан бір 
жыл бұрын ойлануға мұрсат сұрар едім. Ал қазір, ойланбай-ақ, 
өзіңізден сұрағым келеді. Келесі жылы сізге Жездіден қанша 
шикізат керек? Екі әлде үш миллион тонна? Бәлкім, бес миллион? 
Қыс қасы, қанша керек болса, сонша аласыз!
– Қаныш Имантаевич, мұныңыз ғажап мәлімдеме, шексіз 
рақмет! Демек, Орал ғана емес, Кузнецк комбинатына да Жезді-
ден кен беруге болады десеңізші. Иә, иә, олар да қазір сапалы мар-
ганецке аса ділгер. 
– Иван Федорович, сеніңіз! Тіпті бәс тігуге әзірмін: Жездінің 
қоры сіз бен менің ғұмырыма толық жетеді! Одан арғысын барлау 
көрсетеді...
– Бәрекелді, сөз-ақ! Сөйтсе де кеншілердің кен қоры туралы 
әрқилы өсек тара тып, дүрлігіп жүргені неліктен?
– Ең алдымен өз әріптестерім жайлы бірер сөз, – деді Сәтбаев 
төмен қарап. – Кейбір жолдастардың Жезді құпиясының байы-
бына баруға ой-өресі қысқа, тым келте ойлайды, сөйте тұра 
білгішсініп бағады... Ежел гі қулық – кәсіби шорқақтығын, ақы л-
ой жұтаңдығын теориялармен бүр кемелеп, көп алдында байбалам 
салып, мем лекет мүддесін ойлаушы, іскер маман болып көріну...
– Олар да адам баласы, аяңыз, – деп мырс етті нарком. 
– Иә, иә, дұрыс айтасыз, жолдас нарком, олар да пенде. Және 
атақ-беделі бар, лауа 
зым иелері. Сонсоң да, ондай мамандар-
мен айтысу біз сықылды шалғайда жүрген гео лог тарға өте-мөте 
қымбатқа түседі. Жүйкемізді құр тып, қаншама уақыт, күш-қуат 
сарп ете 
міз!.. Ал Жезді кеншілерінің арыз 
данатын себебі жа-
й ында. Оларға ренжіп, тіпті өкпе айтудың өзі қиын. Қуаң далаға 
кездейсоқ тап болып, адам төз гі сіз қиын жағдайда жұмыс істейді. 
Жұмыс кер жетіспейді, техника жоқтың қа сы, тұр мыс жайын, 
демалыс туралы ойлауға мұрша жоқ. Өндіріс болса – өл-тіріл, 
шикізат бер деп дікілдейді. Сонсоң не істей сің? Суға батқан тал 
қармайды деген дей, әр түрлі өсек-аяңға елігіп, сәтсіздігіне же-
леу іздеу керек... Оның үстіне алғашқы жылмен салыстыр ғанда, 
Жездінің кенін алу қазір қиынға түсетін болды. Үстіндегі құнарлы 
кен – бай қабаттар таусылды, кенді құр дым тереңнен, тер төгіп 
алуға тура келеді...
– Сонымен не істе дейсіз?


390
Медеу СӘРСЕКЕ
– Оларға қол ұшын беріп, барынша көмек тесу қажет, Иван 
Фе дорович. Бірінші кезекте техни ка мен жабдықтап, ас-суын да 
оңдау керек! Меніңше, Жездіге беделді мамандар қосып, арнайы 
бригада жібе ріп, кеніш бас шы ларына ғана емес, бүкіл кен шілер 
ұжы мына өздері атқарып отырған істің мән-жайын түсіндіріп, 
тапсырманың нақтылы екеніне кәміл сендіру керек. Әрине, рес-
ми бұйрық жазып, қатаң жазалап та жоспар орындатуға болады. 
Бір ақ соны, жолдас нарком, ақылмен түсіндіріп, кеншілердің өз 
еркіне жүгініп жасаған да жөн-ау... 
– Мұныңыз ойланатын іс, Қаныш Иман таевич, тегінде, солай 
істерміз.
ІІІ
Кен басқармасының орынбасары С.П. Бир ман бастаған нарко-
мат бригадасы Жез діге қараша айының аяқ шенінде келген-ді. 
Қазақстаннан оған Сәтбаев пен Штифанов қатысады.
Ұлытау алқабының қыраулы қыс қыспа 
ғы 
на енген кезі. 
Мүлгіген ақ дала, тап таурын жолдан бір қадам шық саң-ақ қар 
омбы лайсың. Жаз күндерінде шұ быр ған маши налар легінен, жер 
қазған ха лық нөпірінен базар алаңына ұқсаған кен төбелері де 
алып ұйқыға енгендей салғырт күйге ауысқан. Шын дығында, бұл 
алдамшы көрініс-ті, қызу еңбек – жер астында, құрдым тереңге 
ойысқан.
Наркомат комиссиясы Жездіде бірнеше тәулік болады. Кеніш 
дирекциясының, геологиялық бөлімнің барлық талап-тілектерін 
зейін мен тыңдап, солар нұсқаған участоктарда қосымша тексе-
рулер жасайды. Богдан чиков тобының соңғы барлау нәтижелері 
де талқыға түсті. Ақыры, кеншілер мен геолог тар қоры тынды 
мәжіліске шақырылған-ды...
Жезді мұрағатында сол күнгі техникалық мә жі лістің кө-
лемді хаттамасы сақталған. Міне, соның тұжырымдамасы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет