Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет185/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   244
Байланысты:
3 Қаныш роман-эссе

ЖАР ЖАҒАСЫНДА
І
Кеңседегі жұмыс ғалым үшін бұрынғы мәнді, мағыналы сипа-
тынан айнып, әлдеқандай қымбат затын жоғалтқандай түсініксіз 
жайтқа ауысты. Есіл-дерті далаға, алыс бір қиянға, геологиялық 
саяхатқа ке тіп қалуға ауады да тұрады. Бірақ жаз емес, қар жа-
уар күзде қайда барасың? Иә, жеме-жемге келгенде ешқайда кете 
алмады. Шындығын айтқанда, тағдыры жар жағасында тұрған 
ғылыми әріптестерін сөз соқты белсенділердің тала уына тастап, 
белгісіз қиянға безіп кетуге дәті бармады...
Орталық Комитетке тағы да шақырылды. Академияның ғы-
лыми әуенін сауықтыру туралы әңгіме екінші хатшы С.И. Круг-
ловтың алдында қайыра жалғасты. Сергей Иванович біріншідей 
дауыс көтеріп, қайтсең де айт қанды істейсің деп қара күшке сал-
ған жоқ. Байырғы зиялыша сыпайы сөйлесті. Қаныш Иман тайұлы 
бір мақалаға бола соншама шу көтеруді түсінбейтінін ағынан жа-
рыла мәлімдеп еді, хатшы қабағын түйіп:
– Сіз адал коммунист ретінде академияның партия комите-
тінің хатшысы Ефимов жолдас 
тың ғылыми ұжымды жат 
пиғылды элементтерден тезірек тазарту шарасына қолғабыс бе-
руге тиіссіз, – деді Круглов. – Ал сіз оның кадрлармен белсенді 
жұмысына бөгет жасайтын көрінесіз. Түсініксіз ұстаным? Әсіресе 
сіз бен біз үшін... 
Екінші хатшының да академияны «жат элементтерден» тазар-
ту туралы өзін иліктіруге шақырғанын ұқты да:
– Менің жауабым өзгермейді, Сергей Иванович, – деді Сәт-
баев. – Ғылыми қызметкерлерді келеңсіз қудалау – партияның 
сара жолымен қиыспайтын шара. Талқыға түс кендердің бәрі де – 
саңлақ академиктер, ғы 
лым докторлары. Ефимов жолдастың 
екі жүзден астам ғылыми қызметкерді академия жүйесінен 
аластауға құлшынып отырғаны маған мәлім. Солардың бәрі 
ұлтшыл, саяси сенімсіз адамдар болып шыққанына өз басым 
мүлдем сенбеймін. Бұл тегінде енді ғана бой түзей бас 
таған 
ғылым ордасына жасалған қастандық деп білемін, Круглов жол-
дас!.. Қысқасы, мен президент болып отырғанда, Ефимов жол дас 
кесепаты мол тазартуды жасай алмайды, жасатпаймын!..


489
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Қаныш Имантаевич, сізді біз ерекше сыйлаймыз, қисапсыз 
зор еңбегіңізді қадір тұтамыз. Мына істе сіз буынсыз жерге пы-
шақ сілтеп отырсыз, өтінемін, райыңыздан қайтыңыз. Біздің де 
төзімнің шегі бар!.. 
Іле-шала Сәтбаевтың жеке басын сынау күшейіп, ғылым және 
насихат бөлімдерінің бағыттауымен жү й елі түрде өрістеді. 
«Ер Едіге» туралы бұрнағы жылғы сын қайта өрбіп, оны жа-
риялаушының түпкі мақсатын айқындау жө нін де әңгіме өрбісін. 
Ғалым бірақ мойымады, қарсы дау көтеріп: «...Насихат және 
үгіт бөлімі әзірлеген, Қазақстан КП(б) Орталық Комитеті нің 
хатшылары түгел қол қойған Қазақ халқының қазақстандық 
майдангерлерге үндеуінде «Едіге батыр – ха лық қаһарманы» деп 
дараланған. Демек, кереғар эпосты бұқара халыққа әсірелеп на-
сихаттаушы бір мен ғана емеспін...» (И. Сталинге жолдаған ары-
зынан), – деген желеу айтты.
Сол жаланың бетін әрі қараттым дегенше, сол күнде белсенді 
жазғыш, көрместі көргіш атағы дүріл 
деп тұрған Тілеуқажы 
Шойынбаев бұған дейін үйінде сақтап жүрген әлей «жаңалығын» 
сопаң еткізіп, жарыққа шығарсын: «Сар ы арқа» газетінің 1917 
жылғы 9 қарашадағы санында жарияланған шолу мақалада 
«Алашорда» қозғалысына іштартқан жас қайрат үгітшілердің 
қатарында Қ. Сәт баев та аталыпты; демек, ұлт шылдық пиғыл-
ға мақтаулы президентіміз жас кезінен шырмалған; бүгінгі 
ұлтшылдарды қанатының астына алуы – сол ниетінен әлі 
қайтпағандығына айқын дәлел-міс...
Осы жайында түсінік сұраған лауазым иеле рінің бірі, сірә, 
жанашырлық оймен айтқан ба, кім білсін, «Жас күнімдегі 
қателігім деп мойындағаныңыз жөн...» деп те ақылгөйсіген. 
Академик Сәтбаев оны да тәрк етеді. «Кеше, үстіміздегі жылдың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет