561
ШЫҒАРМАЛАРЫ
өзі де сол ізетке тәнті кө ңіл мен қараған, ұлан-ғайыр еңбегінің
өтемі екенін де жете түсінген. Күллі Кеңес Одағы халықтарының
өмі
р
ін
де елеулі өзгеріс туғызып, рухани жаңару әкелген та-
рихи съезд ғалымға зор әсер етіп, шерменде елінің, мыңдаған
замандастарының басынан кешкен алуан жағдаяттарды жете түсі-
ніп, өмірлік ғибрат алуы на дәнекер болған сынды...
Медицина ғылымының докторы, профессор Ханиса Қаныш-
қызы СӘТБАЕВАНЫҢ ауыз екі әңгімесінен:
«1956 жылдың бас кезінде көкеммен өзімді тәрбиелеген екінші
шешеме еріп, ғы лыми жұмысым болғандықтан Мәскеуге бір ге бар-
дым. «Москва» мейманханасынан біз ге кең люкс берілді, көкем
соның бір бөл месіне қосымша төсек қойғызып, маған еншілеп
берді.
...Бір күні көкем, съездің аяқталуға жақындаған кезі еді, кешкі
мәжілістен ерекше шаршап келді, қара бұлттай түнерген жү-
зі адам шошырлық. Қан қысымын өлшесем, сұмдық жоғары.
Таисия Алексеевна еркіне қоймай, дәрігер шақыртты. Укол сал-
ғы зып, қан қысымы төмендеуін күтіп отыр ғанда, мейірбике ме,
дәрігер ме –
біреуі тыныш отырмай, «Делегаттардың бәріне бүгін
бірдеме болған сияқты, түгелдей сұ лауда...» деп қалды. Көкем
үндеген жоқ, дәрігер кеткен соң да тіс жарып сөй ле меді. Кешкі
асқа тәбеті болмай, шай ғана ішті. Әлдебір кітапшаларды алды
да, ұйық тайтын бөлмесіне оңашаланды...
Көкемнің жан-жүйесіне соншама ауыр тиген істің жөн-
жосығын біз келесі күні басқа адамдардың аузынан естідік, сөйт-
сек, сол кеште ол Н.С. Хрущевтің «И. Ста линнің жеке басына
табыну жайындағы» құпия баяндамасын тыңдапты...
Көкем коммунистік партия жолына ерек
ше адал, таза
пиғылмен берілген жан еді. Оның көсемдерін де ерекше жара-
тылған қайраткерлер деп ойлайтын-ды. Үш бірдей ағасынан бір
жылда айырылып, өзі де сан мәрте қиянат көргенімен, партия
басшыларына шаң жуытпайтын, мұның бәрі орта жолдағы
ұсақ шенеуніктердің жы мыс қы қарекеті, ал үлкендер оны біл-
Достарыңызбен бөлісу: