Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет234/244
Дата28.11.2022
өлшемі3,61 Mb.
#53181
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   244
«Бір күні Алматыға барып қайтқаннан бір ай шамасы кейін
1963 жылдың жазы екені анық, президент кеңсесінен күтіп 
жүрген жеделхат алдым. Тез қамданып, Мәскеуге ұш 
тым. 
Қонақүйдегі өзіме мәлім бөлмеге телефон соғып едім, даусымды 
таныған Қаныш Имантайұлы:
– Ә,  Вася, келіп қалдың ба?  деп қу ана жауап қатты, әлденеге 
көңілді сияқты.  Сенің шаруаңды мен бастап та қойдым. Бүгін 
демал. Ал ертең, кешке таман бір дөйге қонаққа барамыз, ұқтың 
ба? Әзірлен соған!.. 
Ертеңінде жұмыс аяғында машина алып, қала сыртына 
тарттық. Жолшыбай біл дім: соғыс жылдарында бүкілодақтық 
геологиялық қызметтің басында болған, бірауыз сөзімен небір 
күрделі істерді, талай кен орны, кеніштердің тағдырын шешкен 
мем лекет қайраткері, геолог Ма лышев жол дастың меншік 
дачасына келе жатыр екенбіз. О кісі – сол қарсаңда Бүкілодақ-
тық қор комиссиясының төрағасы, кен барлаушылар сескене 
амандасатын беделді әкім. Қысқасы, мені әбден титықтатып, 
ұйқыдан айырған мәселенің кілтін қолында ұстап отырған 
«құдайлардың» бірі. Не сін айтайын, Жезқазғанның келешек 
тағдырын шешуге ұстазымның қи 
ыс жолды таңдағанына 
таңданып та келемін.
Екеуі көптен кездеспеген бе, кәдімгідей қол берісіп тұрды да, 
кенет құшақтаса амандасты...»
Бірнеше минут өзара амандық сұраумен өтті. Одан соң өмірден 
кеткен ескі таныс, кәнігі геологтарды еске алысты... Әлден 
уақытта үй иесі қонақтарына қарап:
– Қаныш Имантаевич, сені маған алып келген нендей кіріп-
тарлық? Қандай шаруаға қарыздармын мен? – деді.
– Илья Ильич, өзіңізге жақсы мә лім: соғыс күндерінде өндіріс 
мысты қисапсыз көп сұрады. Сол үшін жанымызды суырардай бо-
лып дігірлеген әкімнің бірі – сіз. Керек де діңіз – бізден қарсылық 


612
Медеу СӘРСЕКЕ
болды ма? Мен өзім де Балқаш зауытын бай рудамен қамтамасыз 
ету үшін Жезқазғанның ең шұрайлы кен қабаттарын нұсқадым. 
Өйткені уақыт талабы солай болды... Құдайға шүкір, қазір бей біт 
кез. Рас, мысқа ділгерлік азай ған жоқ. Қайта жыл сайын көбейіп 
отыр. Ондаған жаңа кеніштер ашылды. Бұрынғыдай жанталас-
қан қимылды тежеп, кен қазу технологиясын бұзбай, әрбір 
жүлгені «бай», иә «кедей» деп талғамай, жүйелеп алсақ керек-ті. 
Осыны жұрт тың бәрі түсінеді. Кеншілер де теріс демейді. Бірақ 
орындар кезде еш кімнің елегісі келмейтіні неліктен? Ке ніш бас-
шыларына бір күн болса да жоспар беру керек. Әмбе соны жан 
қинамай орындағысы келеді. Солай етіп, жасырудың керегі не, 
шаш етектен абырой-атаққа ие болып, Еңбек Ері атанып, орден 
тағып жүр гендер де аз емес. Жезқазғанның бүгінгі халі осындай
қымбатты Илья Ильич... Бұл туралы мен жиналыс сайын айтып 
келемін. Бірақ менің сөзім – бұлжытпай орындайтын заң емес. 
«Дұрыс айтасыз» деп мақұлдаған бо лады да, өз білгендерін әрі 
қарай жасайды. Мы на Штифанов жолдас өт кен жылдың қақ жар-
тысын Мәскеуде өт кізді. Бі тіргені шамалы бірақ. «Гипроцветмет» 
қағаздарын тексеруге алыпты да, жылы жауып қойыпты...
– Жә, соншама неге абыржыдың? Мен білетін Жезқазған бұл 
ғасырға сыр бере қоймаса керек еді...
– Шынымды айтайын, Илья Ильич, – деді Қаныш Имантайұлы 
мұңая сөйлеп. – Күні ертең әлдеқандай бір білгіштің: «Сәтбаевтың 
істеп кеткенін көрдің бе? Жер-көкке сый 
ғызбай мақтаған 
дүниежүзілік кені бір ғасыр ға жетпей таусылып қалды!» деп 
жаз ғыруын естігім келмейді... Барланған кен, болжанған мыс 
қазына түгелдей алынуға тиіс! Яғни қазылуға тиімді кеннің ең 
төменгі құнары... Біз оны Гипроцветметке әзірлеген мәлімдемеде 
нақты көрсет тік. Жезқазған кені үшін ең төменгі меже де сол, 
бізге осыдан кем де, артық та керек емес, қымбатты Ильич!..
– Мұның да оңайға түспес-ау, Имантае вич.
– Сөйтсе де, Илья Ильич, өзіңіз көмек бермесеңіз, біз енді кімге 
барамыз?
– Жә, өзің келген соң бас тартуға бола ма? Еркіме қоясың ба, 
Имантаевич. Қаншама ұлы іске қатыстық, қаншама игілікті 
дүние 
ге келтірдік!.. Ал сіз, Жезқазған барлаушысы, – деп 
Штифановқа қарады, – есебіңізді кеңсеге әкел. Көрейік не шығар 
екен? Жаңағы атағаның ақырғы меже ме?
– Иә, Жезқазғанның келешек тағдыры осы біз атаған соңғы 
құнарға байланысты...


613
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Н.А. ФОГЕЛЬМАН, «Академик» очер кінен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет