Топтық ерекшелік- бұл популяцияның негізгі сипаттамасы. Оларға: особьтардың кеңістікте таралуы, популяци
саны, популяция тығыздығы, туылым, өлім-жітім, өсу қарқыны, популяцияның жыныстық және жас ерекшелі
құрылымы, популяцияның этологиялық құрылымы жатады. Популяцияға белгілі ұйымдасушылық тән
Территорияда особьтардың таралуы, олардың жыныс және жас ерекшеліктері бойынша қатынасы
морфологиялық-физиологиялық,
мінез-құлықтық
және
генетикалық
ерекшеліктері-популяцияны
құрылымын көрсетеді. Популяцияның құрылымы бір жағынан түрлердің жалпы биологиялық қасиеттер
негізінде, екінші жағынан ортаның абиотикалық факторларының және басқа түрлердің популяцияларыме
қарым-қатынас жасау нәтижесінде қалыптасады. Сондықтан популяция құрылымы бейімделушілік сипатта.
Популяцияның кеңістіктік таралуы
Популяцияның тіршілік ететін кеңістігі оның тіршілігіне қажетті жағдайды береді. Популяцияны құрайты
особьтардың қолайлы және қолайсыз орта жағдайына реакцияларында және бәсекелестік қатынаста көрінеті
кеңістіктік орналасуының әртүрлі типі болады. Особьтар мен олардың топтарының кеңістікте кездейсоқ, бірде
немесе біркелкі және топтық таралу түрлері болады.
Біркелкі таралу- бұл табиғатта өте сирек кездеседі. Бұл әртүрлі особьтар арасындағы
бәсекелестікпен
байланысты.
Таралудың
мұндай
түрі
Ла-Манша
жағалауындағы
құмды жағажайда тіршілік ететін пластинка желбезекті былқылдақденелілер мен жыртқыш
балықтарға тән.
Кездейсоқ таралу- бірігіп тіршілік етуі байқалмайтын түрлерде және бірдей ортада ғана
кездеседі. Ұндағы үн қоңыздарының таралуы — бұл кездейсоқтық таралудың мысалы.
Топтық таралу- кеңістіктік таралудың ең кең таралған түрі. Бұл ерекшелік ормандағы ағаштардың
таралуынан жақсы байқалады.
Популяцияның статикалық көрсеткіштері
Статикалық көрсеткіштер уақыттың осы кезеңіндегі популяцияның күйін, жағдайын сипаттайды.
Популяцияның статикалық көрсеткіштеріне олардың саны, тығыздығы мен құрылымның
көрсеткіштері жатады.
Популяция саны
Бұл берілген территориядағы немесе берілген көлемдегі особьтардың жалпы саны,
яғни өсімдіктің немесе жануардың басының саны, мысалы кейбір кеңістіктік бірліктегі өзен
жағалауындағы, теңіз акваториясындағы, судағы, аймақтағы және т.б. ареалдардағы ағаштар
немесе жануарлар саны.
Кейбір жануарлардың санын әртүрлі әдістермен анықтайды. Мысалы, самолетпен немесе
вертолетпен. Гидробионттардың санын тормен аулауды (балықтар), микроскоптық организмдер
(фитопланктон, зоопланктон) үшін арнаулы өлшегіш ыдыстарды қолданады.
Адам популяциясының санын мемлекеттің бүкіл халқын санақ жүргізу жолымен анықтайды.
Халықтың санын және құрылымын білудің экономикалық және экологиялық мәні зор.
Популяция тығыздығы
Популяция тығыздығы оны мекендейтін особьтардың аудан немесе көлем бірлігіндегі санымен анықталады. Мысалы 1 га жерде 150 қайың немесе 1
м судағы 0,5 г циклоп - осы түрдің популяция тығыздығын сипаттайды.
Популяция тығыздығы аудан немесе көлем бірлігіне келетін особьтер саны, мысалы, тұрғындар тығыздығы- бір шаршы километрге шаққандағы
адам саны немесе гидробионттар үшін бір литр немесе кубометр көлем бірлігіндегі особьтар саны.
Популяцияның тығыздығының мысалдары: 1 гектар ормандағы 500 ағаш, 1 кубометр судағы 5 млн дана хлорелла, 1 га су қоймасының бетіне
келетін 200 кг балық.
Популяцияның тығыздығы аудандағы немесе көлемдегі особьтердің біркелкі емес таралуын есептемей анықтайды, яғни аудан бірлігіндегі
халықтың, ағаштың, жануардың немесе көлем бірлігіндегі микроскоптық балдырлардың орташа тығыздығын табамыз.
Популяцияның тығыздығын реттейтін факторлар- тығыздыққа тәуелді және тәуелсіз болып бөлінеді. Тәуелділері тығыздықтың өзгеруіне
байланысты өзгереді, ал тәуелсіздері оның өзгеруніе байланыссыз тұрақты болып қалады. Алғашқысы - бұл биотикалық, ал екіншілері -
абиотикалық факторлар болып саналады. Тығыздығына тәуелсіз факторлардың әсері планктонды балдырлардың санының маусымдық
өзгерістерінде жақсы байқалады. Мысалы, Солтүстік Кавказ су қоймаларында диатомды балдырлар санының көбеюінің екі үдеме шыңы
байқалады. Көктемде және күзде, ал қалған уақытта факторлардың тығыздығына байланыстылық әсер етеді, жазда қарқынды дамитын жасыл және
көк жасыл балдырлармен тірі қалу, тіршілік үшін бәсекелестік күрес.
Популяциядағы өлім тығыздыққа тәуелді болуы мүмкін. Бұл құбылыс өсімдіктердің тұқымдарымен болады, тығыздыққа тәуелділіктен туатын өлім-
жітім өскіндер кезеңінде жүзеге асады.
Жоғарыда келтірілген реттеулермен қатар тағы да особьтердің сапасының өзгеруін тудыратын популяциялар сандарының мөлшеріне әсер ететін
өзіндік реттелуде кездеседі.
Популяцияның динамикалық көрсеткіштері
Динамикалық көрсеткіштер белгілі бір уақыт аралығында популяцияда жүретін процестерді сипаттайды. Популяцияның негізгі динамикалық
көрсеткіштеріне туылым, өлім-жітім және популяцияның өсу жылдамдығы жатады.
Туылым
Көбею нәтижесіндігі уақыт бірлігінде пайда болған жаңа особьтар саны. Тірі организмдерде көбеюдің зор мүмкіншілігі бар. Мысалы, бактерия
әрбір 20 минут сайын бөлінеді. Мұндай қарқындылықпен көбейсе, бір клетка 36 сағатта бүкіл планетаны жабатын ұрпақ береді. Сол сияқты бақбақ
10 жылдың ішінде егер бүкіл тұқымдары өссе, өз ұрпақтарымен бүкіл жер шарын қаптайды. Бірақ табиғатта іс жүзінде организмнің мұндай
өнімділігі жүзеге аспайды. Туылым немесе туылым жылдамдығы-популяция санының ұлғаюы белгілі уақыт аралығында туылған және
иммиграцияланған особьтерге байланысты, ал сандардың азаюы- өлім мен особьтердің эмиграциясына байланысты.
Өлім – жітім
Белгілі бір уақыт аралығында популяциядағы өлген особьтер саны. Бірақ популяциядағы
организмдердің санының көбеюі немесе азаюы туылым мен өлім-жітімге ғана емес, сонымен
қатар олардың иммиграциясы мен эммиграция жылдамдығына, яғни белгілі бір уақыт
аралығындағы популяцияға келген және кеткен особьтер санына да байланысты болады. Өлім-
жітім туылымға қарама-қарсы шама. Популяцияның өлім -жітімі белгілі бір кезеңде өлген
особьтар санын көрсетеді. Өлім-жітімнің үш түрі бар. Бірінші түрі- бірдей жас кезеңдеріндегі өлім
-жітім. Екінші түрі - дамуының ерте кезеңіндегі өлімнің жоғарылығымен ерекшеленеді. Үшінші
түрі- ересек особьтардағы өлімнің жоғарылауын сипаттайды.
Орындаған: Жұмай
Берікбол
ОХМ:21
Достарыңызбен бөлісу: |