5. Көркем сөз: Қандай құсты білесің? М.Зайтов.
Торғай отыр томпиып, Ұзақ отыр үңіліп,
Құйрықтары шолтиып. Қарға қарар түңіліп.
Сауысқаның сақ отыр, Байғыз зарлап
Серуен №6
1. Бақылау: Аязды күндерді бақылау.
Мақсаты: Терезедегі ою-өрнектерді көрсету арқылы аяздың қаттылығын айту. Қардың жүрген кезде сықырлауы да аязды күні қатты естілетінін аңғарту.
2 Жеке жұмыс: Жұмбақ жаттату.
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)
3 Еңбек: Балаларды қарды күрекпен жинауға, жоғарыға жаймен үйіп, төмпешік жасау. Сырғанақ жасауға үйрету.
4. Қимылды ойын: «Шанамен жарыс» , «Арқан тартыс»
5. Көркем сөз. Аппақ көше, бар дала,
Аппақ ой мен қыраттар.
Ақ шатырлы қар қала,
Ақ жамылып тұр бақтар.
Балалардың дербес ойындары
Серуен №7
1. Бақылау: Адамдардың қысқы еңбегін бақылау.
Мақсаты: Адамдардың қысқы еңбегінің өзгешеліктерін көруге баулу. Аула тазалаушы қарды тазалайды, адамдар үйлеріне от жағады, отын әкеледі, кеседі. Малдарына, құстарына азық береді. т.б.
2. Жеке жұмыс: 2-3 балаға мақал жаттату.
Еңбек етсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
3. Қимылды ойын: «Шанамен жарысу»
«Дәл түсір»
4. Еңбек: қардан қамал жасау, қажет емес қарларды үйіп, ойын алаңын тазалау.
5. Көркем сөз: Қ. Жұмағалиев. «Ақ қырау».
Ертеңгісін байқадым,
Жердің беті ақ қырау.
Дәл маржан деп айтамын,
Төгілуге шақ тұр-ау.
Серуен №8
1. Бақылау: Қардың жауғанын бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |