Service learning бейіндік бағыты



Дата24.04.2023
өлшемі14,52 Kb.
#86030
Байланысты:
Документ (15)


Service learning бейіндік бағыты
Неліктен «Service learning» пәні біздің университеттің оқу жоспарына енгізілді?
Оқу барысында біздің университеттің миссиясы мен құндылықтарын есте сақтау қажет.Біздің университеттің құндылықтары: Ашықтық, Қатысу. Креативтілік.Осы құндылықтарды есте сақтаңыздар, себебі осы пән барысында алдағы іс-әрекеттеріңіз осы құндылықтарға сүйену қажет.Студенттерде әлеуметтік маңызы бар жобалық жұмыс істеу мүмкіндігі арқылы қоғамға қызмет көрсету тәжірибесін құру. Сіздің жобаңыздың жетістігі позицияңыздың ашықтығы, қатысуы және креативтілігінен қалыптасады.Семестр бойы сіз дәрістер арқасында алған біліміңізді басқалардың игілігі үшін әлеуметтік пайдалы жоба жұмыстарын жүргізесіз. Нәтижесінде, сіз қоғамдық қызмет тәжірибесін алып, іс жүзінде алған білімдеріңіз бен дағдыларыңызды көрсетесіздер.
Service learning» пәні бағдарламасының құрылымдық компоненттері.
1 кезеңінде – 5 аптаға (5 қазанға дейін) арналған дәріс барысында – біз келесі сұрақтар арқылы жұмыс істейтін боламыз: қоғамға қызмет негізі ретінде волонтерлық қызмет, көшбасшылық, сыни ойлау (критическое мышление), команда құру, әлеуметтік кәсіпкерлік (соц.предпринимательство), әлеуметтік іс-шаралардағы ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) және мемлекеттік органдар, халықтың әлеуметтік осал топтары ерекшеліктері, жобаларды басқару.
6-аптада – таңдаған бағыттарыңыз бойынша командаға бірігіп, жобалық ұсынысты әзірлеу қажет. Осылайша, команданың әрбір қатысушысы командалық жұмыс ережесін білу керек – жобалық группада сіздерді жобаны жүзеге асыру бойынша командалық, бірегейлік жұмыс біріктіреді.
7-ші аптада – сіздер жобаларыңызды қорғайсыздар. Қорғау бағасы 1-кезеңді бақылау бағасын анықтайды.
Екінші кезең – Сіздің жобаңыздың белсенділігі, ол 7 аптаға созылады. Яғни, барлық келесі практикалық дәрістер сіздер ұсынған жобаны дамытуға және іске асыруға бағытталады: әр студент оған мұқтаж жандарға пайдасын тигізу мүмкіндігіне ие болады. Таңдаған жоба әлеуметтік қызмет саласына байланысты болады. Яғни, сіз жобаны өзіңіз жасап, оны тәжірибеде қолданасыз. Жобалардың тақырыптары әр түрлі болуы мүмкін – педагогикадан қоршаған ортаны қорғауға дейін.
Осы пәннің тарихынан мысалдар келтірейік. Мысалға, Алматыдағы AlmaU студенттері жобалық жұмыс аясында мүгедектер үшін Олимпиада ұйымдастырды, ал басқа топ семестр бойы аутист балалармен жұмыс жасады.Ал Галле-Виттенберг университетінде қарттар үшін фильм кештері, спорттық отбасылық лагерінің ұйымдастыруын атап өтсе болады. Осылайша, сіздер жобаларыңыздың идеясын өздеріңіз анықтау керексіздер, және оған калай күш-қуаттарыңызды жұмсайтыныңызды белгілеу керексіздер.Барлық кезеңде әрбір жобалық топта сізбен бірге жүретін оқытушы болады, бірақ бұл сіздің жұмысыңыз болуы керек, себебі негізгі бағалау критерийлерінің бірі сіздің жұмысыңыздың тәуелсіздік дәрежесі болады,Осылайша, екінші кезең арқылы, егер сіз теориямен қарулы болсаңыз, нақты жағдайларды зерттеп, Маңғыстау облысындағы бір немесе бірнеше әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталған жобаны әзірлеп, іске асырасыз.
Үшінші кезең – рефлексия (өзін-өзі талдау), тәжірибеге өзіндік баға беру, одан сабақтар алу, өз тәжірибелеріңізді басқа адамдармен талқылау, жұмысты түсіну. Бұл қадамның мақсаты – бір жағынан қоғамға пайдалы қызметтің қоғамның қажеттіліктеріне байланысын түсіну, және екінші жағынан, оның сізге қандай білім және дағдыларды жақсы түсінуге және үйренуге көмектесті, болашақ маман ретінде сіз үшін жобалық жұмысты иелену дағдыларын білу қандай маңызды рөл атқаратынын анықтау.
Рефлексия түрлі нысандарда өтеді: «күнделікке» жазба, аптасына бір рет талқылау жүргізу үшін шағын топтар жиналысы, іскерлік ойындар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, және құрылымдық есептер, сарапшылар, тәрбиешілермен талқылаулар, пікірлер, бұқаралық ақпарат құралдарымен пресс-конференциялар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет