Сәттілік!!! 1-билет доктрина


)Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы большевиктердің экономикалық саясатын



Pdf көрінісі
бет4/49
Дата22.08.2023
өлшемі0,74 Mb.
#105472
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
БИЛЕТ ЖАУАПТАРЫ 11А

2)Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы большевиктердің экономикалық саясатын 
сипаттаңыз. 
Жалпы осы кезеңдегі большевиктердің саясаты өте аралас болды. Іс жүзінде 3 кезеңді бөлуге болады: 
1)Азамат соғысына дейін - алғашқы қайта құрулар; 
2) Азамат соғысы кезінде - соғыс коммунизмінің саясаты; 
3) Азаматтық соғыстан кейін – жаңа экономикалық саясат (ЖӘС). 
I кезең: 
Негізгі мәселе - ұлттандыру, яғни мемлекет меншігіне түрлі мүлік пен ресурстарды көшіру. Бұл 
идеяның қозғаушысы – ЦК КОКП бас хатшысы Михаил Сергеевич Горбачев болып табылды. 
|| кезең 
Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді. 
Қазақстан­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде өнеркәсіпті кеңес ор­ганда­рының қолы­на 
шоғыр­ланды­ру, оны Қызыл Ар­ми­яны қару-жа­рақ және жаб­дықтар­мен қам­та­масыз ету­ге 
жұмыл­ды­ру ша­рала­ры жүргізілді. 
||| кезең
Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, 
социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, 
жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың 
енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 
— 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп 
ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 
ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. 
3)Дала тайпаларындағы «әскери демократия» көсемдік түрінде дамудың ең жоғары деңгейіне 
жетті». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз. 
Мен бұл пікірмен келісемін. 
Себебі сақтар заманында, белгілі бір мемлекеттіліктің жоқтығына қарамастан, әскери демократия 
саясаты болған. Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. 
Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер 
халық жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси 
үйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады.Патшалар жауынгелер тобынан шықты.Сақтар 
б.з.б. 519-518 жылдары парсылармен соғысып, I Дарийдің әскеріне қарсы ерлікпен шайқасады. Сақтар 


парсылармен бірге Грекия, Египет жеріндегі соғысқа қатысады. Сақтың әйел патшасы Тамирис парсы 
патшасы Кирдің әскерін женген.
Cарматтарда әйелдердің қоғамдағы орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды. Cармат 
әйелдері ерлермен бірге жасақ құрамына кірген. Оған әйелдердің қабірлерінен қару-жарақтың көп 
табылуы дәлел болады.Алғашқы қауым кезінде қауымның барлық мәселелерін ру ақсақалдары, тайпа 
көсемдері қауым мүшелерімен ақылдаса отырып шешкен. Ал әскери демократия кезінде қауымның 
мәселелерін тек әскербасшылары мен қолбасшылар шешкен. Олар қарапайым қауым мүшелерімен 
санаспаған. 
////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет