Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтері



бет24/83
Дата07.01.2022
өлшемі5,18 Mb.
#18637
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83
7.6 Есептегіштерді орналастыру
7.6.1 Газ шығынын есептеу құралдарын (түйіндерін):


  • газдандырылатын ғимаратта;




  • газдандырылатын ғимараттың табиғи желдетілуі бар тұрғылықте емес жайында;




  • өндірістік ғимарат пен қазандықпен жалғастырылған аралас газдандырылатын ғимаратта;




  • ГРО, ШРО, ГРОБ;




  • ғимараттан тыс орналастырады.

7.6.2 Газ есептеу құралдары ретінде орналастыру осы ішкі бөлімде регламенттелетін тұрмыстық газ есептегіштер (бұдан әрі есептегіштер) пайдалануға рұқсат етіледі.


7.6.3 Есептегіштерді пайдалану, монтаждау және жөндеу шарттарының қолайлылығына байланысты орналастырады. Есептегіштерді орнату биіктігі жер немесе ғимарат едені деңгейінен 1,6 м болуы тиіс.

51


ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
7.6.4 Есептегіш жабынының жемірілуін болдырмау мақсатында оны орнату кезінде есептегіш пен ғимарат құрылымы немесе тіреу арасында (2-5 см) саңылау қалдыру керек.
7.6.5 Есептегішті ғимарат ішіне орнатқанда жылу және ылғал бөлінетін аймақтардан тыс (пеш, қолжуғыш), табиғи желдетілетін орындарды дайындау қажет. Есептегіштерді ғимараттың тұйықталған жерлерінде (желдету арнасынан бөлінген жерлер, қуыстар және т.б.) орнатуға болмайды.
Есептегіш орнатылған жер мен газ құрылғысының ара қашықтығын есептегіш төлқұжатында берілген өндіруші кәсіпорын нұсқаулары мен талаптарына сай белгілейді. Төлқұжатта жоғарыда аталған талаптар болмаса, есептегіштерді (радиус бойынша):


  • жылытқыш газ пайдаланатын құрылғы (ыдыстық және ағындық су жылытқыш, қазандық, жылу генераторы) мен тұрмыстық газ пешінің қашықтығы 0,8 м;




  • жылыту және жылыту-қайнату пештері, қайнату қазаны және мейрамхана пешінен 1,0 м қашықтықта орнату керек.

7.6.6 Есептегішті сырттан (ғимараттан тыс) орнату кезінде оны сыртқы әсерден қорғайтын аспалар, шкафтар және басқа да құрылымдар қарастырылуы керек. Есептегішті ашық орнатуға рұқсат етіледі.


Есептегішті орнату қарастырылады:


  • газ тұтыну аймағында жеке тұрған тіреуге;




  • газдандырылатын ғимарат аймағына есік және терезе ойықтарынан 0,5 м кем емес қашықтықта.

Есептегішті қабырға ойыстары астына орнатуға болмайды.


7.6.7 Есептегішті орнатуға арналған шкаф құрылымы табиғи желдетілуді қамтамасыз етуі керек. Фкаф есіктерінде ілмектер болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет