Адамда 5 сезім мүшелері бар, оларға:
Көру мүшесі
- көз
Иіс сезу мүшесі
- мұрын
Есту мүшесі
- құлақ
Дәм сезу мүшесі - тіл
Сипап сезу мүшесі - тері
Көру мүшесі
*
Көру анализаторының қызметі. Жарық көз алмасына қарашық арқылы түседі. Қарашық жарық сәулесін тоғыстау қызметін атқарады (фокустайды). Көзбұршақ жарық сәулесін сындырады да, оларды шыны тәрізді дене арқылы аударылған күйінде көздің тор қабығына бағыттайды. Көзді қимылдататын бұлшық ет заттың кескіні көздің тор қабығына, сары даққа дәл түсетіндей етіп көз алмасын қозғайды.
Көздің құрылысы: а) көздің құрылысы және қосымша
аппараттары:
– қас;
– қабақ;
– ақ қабықша;
– нұрлы қабықша;
– көз қарашығы;
Сыртқы қабықшасы – қалың, тығыз, дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабықша. Бұл қабықша көз алмасының артқы бөлігін қаптап тұрады. Ақ қабықшаның алдыңғы жағы мөлдір әрі дөңесқасаң қабықшаға айналады. Ақ қабықша көз алмасына пішін береді, қасаң қабықша жарық сәулесін өткізеді.
Ортаңғы қабықшасы – қантамырларына бай тамырлы қабықша. Бұл қабықшада қантамырлары көп болғандықтан көзді қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Тамырлы қабықшаның алдыңғы жағы нұрлы (бояулары түрлі түсті) қабықшаға айналған. Нұрлы қабықшаның дәл ортасындағы тесік – көз қарашығыдеп аталады. Қарашық арқылы көздің ішіне жарық өтеді. Көз қарашығы бірде ұлғайып, бірде кішірейіп көзге жарықтың өтуін реттейді. Жарық мол түссе қарашық кішірейеді, аз түскенде ұлғаяды. Қарашықтың кішірейіп немесе ұлғаюы нұрлы қабықшада болатын бұлшықеттердің жиырылып босаңсуына байланысты.
Дәм сезу мүшесі
Дәм сезу ағзасының—organum gustus («химиялық» сезімінің)—маңызы тамақтың сапасын айыруда.Ең алдымен дәм бүршіктері тері сезімі ағзаларынан бөлініп шықты.Содан кейін олар ауыз және мұрын қуыстарында (қосмекенділер) шоғырланып, ақырында ауыз қуысында жиналады (жорғалаушылар мен сүт қоректілер).
Дәм сезу мүшесінің құрамында рецепторлы эпителиальды жасушалары бар, дәм сезу анализаторларының ең шеткі бөлігі—тіл.Бұл жасушалар тағамның, тағамға да жатпайтын заттардың дәмін сезіп тітіркенеді де, одан пайда болған нерв импульсін афферентті нерв ұштары арқылы (информацияны) ми қыртысына, қыртыс астындағы орталыққа береді.Дәм сезу мүшесінің қатысуымен ағзада вегетативті реакциялар (сілекейдің бөлінуі мен асқазан асты безінен сөл бөлінуі) өтеді.Дәм сезу түйіндері (буылтықтары) адам тінінің көп қабатты жалпақ эпителінің құрамындағы науа, жапырақ пен саңырауқұлақ тәрізді бүртіктерінің бүйір бөліктерінде орналасқан.Балаларда, кейде ересек адамдардың өзіндеде дәм сезу бүртіктері ерінде, көмейдің ішкі және сыртқы беткейлерінде, өңештің артқы қабырғасында, дыбыс желбезектерінде де болуы мүмкін.Адамда дәм сезу бүртіктерінің саны 2000- дай.
Достарыңызбен бөлісу: |