Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік



бет5/5
Дата17.03.2022
өлшемі19,35 Kb.
#28307
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-5682

Мінездеме

Аманиязова Дариға 1.02.-9.04.2011 жылы аралығында Ақтау қаласындағы №15 орта мектебінде география пәнінен іс-тәжірибеден өтті.

Дариға сынақ кезінде мектептегі 5а, 8а, 10ә сыныптарына күнтізбелік жоспарға сәйкес тұрақты сабақ берді. Өзіне жүктелген міндетке жауапкершіліпен қарап, күнделікті сабағына тиянақтылықпен дайындалып келді. Тәжірибе кезінде сабақта тек оқулық көлемімен шектеліп қалмай, қосымша көрнекіліктермен, қызықты ойындармен өткізе білді.

Сабақ жүргізуде, түсіндіруде оқушылардың география пәніне деген қызығушылығын оята білді. Сабақта әр тақырыпқа байланысты көрнекіліктер пайдаланып, тірек-сызбаны қолдануы, сыныптың сабаққа көбінің қатысуы, топпен жұмыс істеуі, уақытты бөліп үйренгенін көрсете білді.

Дариға ашық сабағын 8а сыныбына «Шығыс Еуропа жазығы» тақырыбында өткізді. Сабақта интерактивті тақтаны пайдаланып, Шығыс Еуропа жазығының географиялық орны, климаты, табиғат зоналары туралы сызбалармен, диаграммалармен түсіндірді. Сабақта лездемелік сұрақтар қойып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетерін дамытып, сабақты «адасқан обьектіні табу» арқылы бекітті. Сабақты оқушылар өте жақсы меңгерді.

Тәжірибе кезінде Дариға өзінің оқушылармен тез тіл табыса білетінін, өзінің география пәніне күнделікті дайындықпен келетіндігін көрсете білді. Дариғаның ашық сабағы, күнделікті сабаққа дайындығы, тәрбие сағаты «5» (өте жақсы) деп бағаланды.



Мектеп директоры ______________ Қарабаева А.К.
Мектеп әдіскері ______________ Абилова З.Ж.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ______________ Қосымбаева Л.
Пән жетекшісі ______________ Сейтова Г.О.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет