38
Сұрақтарға жауап ашық, шынайы, сыни тұрғыдан беріледі, көппен
талқыланады, содан кейін қағазға түседі. Бұл дискуссия өзінің шарықтау
шегіне 3-сұраққа келгенде жетеді. Өйткені, осы жерде тек алдағы жылдары
істелуі қажет жұмыстарды санамалау ғана емес, оның қашан орындалатыны,
оған кім жауап беретіні, қандай нəтиже күтілетіні – бəрі де нақты іс-шара
ретінде қағазға түсіріледі. Міне, осы күтілетін нəтижелердің түйіні мен
мектептің тұжырымдамалық бағыттары əрбір құрылымдық бөлімшенің
алдағы жылдарға қоятын мақсат -міндеттерін айқындайды. Осылайша,
барлық құрылымдық бөлімдердің алдағы жылы атқарылатын жұмыстарының
мақсаты, күтілетін нəтижелері, одан туындайтын даму жоспарына енгізетін
ұсыныстар жинақталып, педкеңестің жұмыс тобына ұсынылады. Мектеп
басшылары, бөлімше жетекшілері, оқушылар мен ата-аналардан тұратын
Жұмыс тобы ұсынған тұжырымдарды мұқият сараптайды. Соның негізінде
жалпы білім беру ұйымының мақсаты мен тұжырымдамасына сай алдағы
жылдары күтілетін нəтижелерінің жобасын, одан туындайтын іс-əрекеттер
жобасын жасайды. Қорытынды педагогикалық кеңесте бұл жоба
талқыланып, жана ұсыныстармен бекітіледі. Осылайша, біздің тəжірибемізде
қалыптасқан жағдайды талдау да, мақсат қою да ұйымның түгел қатысуымен
жүзеге асырылады. Ұйымның өзгерістерін жоспарлау мен оларды орындауға
əр адам өзінің тікелей қатысы барын ұғынуының, одан əрі жұмысты
жетілдірге, дамытуға өз көзқарастарын ұсынуының маңызы зор.
Кез келген мектептің қызметі белгілі бір білім беру уақыты аралығында
жетуге болатын, қоғамдық қажеттіктерге сəйкес белгілі бір мақсаттарға
бағытталады. Мақсатқа қол жеткізу, ол үшін бар ресурстарды тиімді
пайдалану басқару əрекетімен анықталады. Алдын – ала белгіленген
мақсатты алдағы айқын бағдар ретінде пайдалану ұйымның өзін-өзі
ұйымдастыруын, оның барлық құрылымдық бөлімдеріндегі іс – əрекеттердің
өзара
үйлесімділігін
қамтамасыз
етеді.
Басқарудағы
мақсатқа
бағдарлылықтың мəнісі əрбір құрылымының дербес мақсаты мен міндеттері
болуында, ал бұл мақсат - міндеттердің реттелген жиынтығы ұйымның
мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: