БӨЖ №8. Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау Тапсырмалар:
Соңғы жылдары педагогикалық ғылымда мониторинг мәселесі белсенді түрде әзірленуде.В.М.Лизинскийдің кітабында (В.М.Лизинский. «Приемы и формы в учебной деятельности. – М. Центр «Педагогический Поиск»,2002.») оның оқушылардың бағаларын мониторинг жүргізуге байланысты ойларымен танысыңыз. Өзінің осы мәселе бойынша негізделген ұстанымдарыңызды ұсыныңыз.
Педагогикалық бақылау түрлерін атаңыз және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.
Мұғалім еңбегін бағалаудың басты критерийлерін анықтаңыз.
Ұсынылатын әдебиет: 4, 6, 10
БӨЖ №9. Тақырыбы: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау Тапсырмалар:
1. Тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау бойынша библиография құрастырыңыз.
2. Әртүрлі авторлар жұмысында ұсынылған «педагогикалық үдерісті» ұғымының мазмұнын салыстыру. Ұғым мазмұны дамуының хронологиялық кестесін құру. Өз көзқарасыныңызды дәлелдеңіз.
3. Педагогикалық үдерісті басқару және оның жай-күйін зерделеу үшін ақпараттарды іріктеу критерийлерін нақтылау
Ұсынылатын әдебиет: 2, 4, 5, 9
БӨЖ №10. Тақырыбы: Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау Тапсырмалар: келесі тақырыптардың біріне баяндама дайындаңыз
Ғылыми-әдістемелік кеңес, оның мақсаты, міндеттері, қызметтері мен мүмкіндіктері
Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің түрлері мен рөлі.
Мұғалімді қалыптастырудағы педагогикалық портфолио аттестацияға (бағалау) дайындықтың шарты ретінде.
Аттестация тәртібі және оның қазіргі талаптары.
Ұсынылатын әдебиет: 2, 4, 5, 9
БӨЖ № 11. Тақырыбы: Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару Тапсырмалар: келесі тақырыптарға баяндама әзірлеу:
Технологиялық қадамдар негізінде мектеп басқару
Мектепішілік басқару жүйесі ұйымдастырудың құрылымы және іс-әрекеті ретінде.
Басқарудың басты қағидалары. Горизонтальды және вертикальды еңбек бөлінісі.