Үш күндік жэне төрт күндік безгекте эритроцитке дейінгі циклі


ІСІК АУРУЛАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ГОРМОНДЫҚ



бет16/21
Дата21.09.2023
өлшемі411,5 Kb.
#109368
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Ф КАЗ 563-607

34.5. ІСІК АУРУЛАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ГОРМОНДЫҚ
ПРЕПАРАТТАР ЖӘНЕ ГОРМОНДАРДЫҢ АНТАГОНИСТТЕРІ
Ісікті емдеу үшін гормондык препараттардан1 негізінен келесі топтың заттары пайдаланылады:

  • андрогендер - тестостерон пропионаты, тэстэнат және баскалар;

  • эстрогендер -синэстрол, фосфэстрол, этинилэстрадиол және
    баскалар;

кортикостероидтар - преднизолон, дексаметазон, триамцинолон.
Гормонга тәуслді ісіктерге ыкпал ететін гормоидык препараттар әсер
ету механизмі бойынша жоғарыда қарастырылған цитостатикалык препараттардан айтарлыктай ерекшеленеді. Атап айтқанда, жыныстык гормондардың әсер етуінен ісік жасушалары өлмейді деген мәліметтер бар. Олардың негізгі әсер ету принципінің мәні, шамасы, жасушаның бөлінуін тежеу және олардык жетілуіне ыкпал ету болып табылады. Сірэ, жасушалардың бұзылган гуморалдык реттелу кызметі белгілі бір дәрежеде қалпына келетін болуы керек
Андрогендерді сұт безінің обыр ауруында колданады. Оларды менструация циклі сакталган эйелдерге жэне менопаузасы 5 жылдам аспаган жагдайда колданады. Сүт безі обырында андрогендердің жағымды әсерінің мәні эстрогендердің өндірілуінің тежелуінде болады.
Андрогендердің үлкен мөлшерін колданганда вирилизация (дауыстың жуандауы, бетте және денеде шаштың көп өсуі), бастың айналуы, лоқсу
1 Гормондык препаратгар жөнінде дэлірек 20 тарауды кара.
594
жәке баска жанама әсерлер болуы мүмкін.
Эстрогендерді сүт безі обырында, менопаузасы 5 жылдан аскан әйелдерде қолданады. Сірә, мұндай наукастарда эстрогендер гипофиздің гонодотроптык гормондарының өндірілуін тежейтін болуы керек, ол ісік жасушаларының өсуін тікелей емес тежейді.
Эстрогендер куык асты безінің обырында кеңінен қолдану тапты. Осы жагдайда табиғи андрогенді гормондардың ендірілуін басу керек.
Қуық асты безінің обырында қолданылатын препараттардың бірі фосфэстрол (хонван) - диэтилстильбэстролдың дифосфорлы эфирінін натрий тұзы.
Ісік жасушаларының кышкыл фосфатазасының ыкпал етуінен фосфэстролдан белсенді эстроген - диэтилстильбэстрол босап шығады деген болжам айтылады.
Фосфэстрол дютилстильбэстролга қараганда көбіне тез эсер етуі және аз уыттылыгымен ерекшеленеді. Препаратты көк тамырға жэне ішке енгізеді. Ол локсу, құсу, теріде кышынуды, геморрагиялык кұбылыстарды, феминизацияны шакыруы мүмкін.
Қуыкасты безінің обырында фосфэстролды және баска эстрогендерді колданғанда, көптеген наукастардың жагдайының жақсаруына экеледі. Бірақ емді бастаганнан кейін 1-2 жылдан сон ісік жасушалары енгізілген препаратқа сезімталдығын жояды.
Жатыр обырында (эндометрий) гестагендер де (медроксипрогестерон ацетаты) колданылады, ол көптеген наукастарда ісіктің рефессиясына әкеледі.
Әдетте, жыныс гормондарымен емдеуді хирургиялык және сәулемен емдеу әдістерін катар колданады.
Гонодотропты гормондарды босататын гормонның синтетикалық агонисттерінің ісікке карсы белсенділігі бар. Оларга лейпролелин (лейпролид), гозерелин және баскалар жатады. Үнемі енгізгенде (немесе «депо»-препарат түрінде), олар гипофиздің алдыңгы белігінің гонодотроптык гормондарының (фолликула ынталандырушы және лютеиниздеуші гормондарының) секрециясын азайтады. Қуық асты безінің обырында тағайындалады.
Глюкокортикоидтарды және АКТГ препаратгарын айтатын болсақ, онда олар негізінен біріктірілген ем ретінде балалардың жедел лейкоздарында, сонымен қатар лимфогранулематозда, созылмалы лимфолейкозда, лимфосаркомада колданылады.
Гормондардың антагонисттерін алу маңызды бағыт болып табылады. Оларга эстрогенге қарсы заттар жатады. Олар сүт безі ісігінің эстрогенді рецепторларымен арнайы байланысады және олардың өсуіне эндогенді
595
эстрогендердің ынталандыргыш әсерін токтатады. Ісікте эстрогенді рецепторлар көп болган сайын, нәтижесі қолайлы болады.
Тамоксифен цитраты (нолвадекс)антиэстрогенді препарат болып табылады. Ол кұрылысы стероидты емес синтетикалык препараттарга жатады. Тамоксифен энтералды колданганда тиімді. Ағзада метаболизмге қаркынды ұшырайды. Тұракталган метаболиттердің бірі эстрогенге карсы белсенділігі бойынша тамоксифеннен жогары. Тамоксифеннің өзгеріске ұшыраган өнімдері негізінен ішек аркылы бөлінеді. Препаратты сүт безінің эстроген тэуелді ісігінде, әсіресе эйелдерде менопаузада колданылады.
Наукастар тамоксифенді емдік молшерде, салыстырмалы түрде жақсы көтереді. Әртүрлі жанама осерлер шакыруы мүмкін. Көбіне кынаптан қан кетулер, терінің кызаруымен бірге ыстыкты сезіну, локсу, кұсу тән. Дерматиттердің, тромбоцитопенияның, лейкопенияның жеке жагдайлары суреттелген.
Эстрогендердің біркатар ісіктердің өсуіне ынталандыргыш әсерін азайту мүмкіндіктерінің бірі - ароматаза тежегіштерінің көмегімен бұл гормондардың биосинтезін тежеу болып табылады. Менопаузадан кейінгі кезенде бүйрек үсті безінің кыртысында жэне баска тіндерде синтезделетін андрогендерден эстрогендер түзіледі. Бұл үрдіс ароматаза ферментімен реттеледі. Оның тежелуі эстрогендердің түзілуін азайтады және эстроген тәуелді ісіктердің дамуын баяулатады. Осы принцип бойынша әсер ететін препараттар катарына летрозол (фемара) жатады. Ол стероидты емес косылыс (триазол туындысы). Ароматазаны талгап тежейді. Глюкокортикоидтардың синтезіне әсер етпейді. Ас корыту жолдарынан жаксы сінеді. Препаратты сүт бсзі обырында, менопаузадан кейінгі кезенде колданады.
Жанама әсерлерінен бастың ауыруы, бастың айналуы, диспепсиялық қүбылыстар, тері бертпелері, дене салмагынын жогарылауы, кынаптан қанды бөлінділер, жалпы әлсіздік және баскалар байкалады.
Осы типте эсер ететін баска препараттар катары да бар, мысалы а м и-ноглутетимид (ароматазаны талгамсыз тежейтін; минерало- жэне глюкокортикоидтардыңсинтезінбұзады), анострозол (ароматазаның стероидты еместаңдамалы тежегіші).
Антиандрогенді заттар да аяынган. Флутамид (флуцином) андрогендік рецепторларды тежейтіндердің бірі. Ол кұрылысы бойынша фенилпропанамид туындысына жатады, демек стероидты емес қосылыс болып табылады. Оның эсер ету механизмі «нысана»-мүшенің (куық асты безі) жасуша ядросындағы дигидротЪстостеронның тасымалдануын және (немесе) байланыстыруын тежеуімен жүреді.
596
Препаратты ішке енгізеді. Ол асказан-ішек жолдарынан жақсы және жылдам сіңеді. Бауырда белсенді метаболизмге ұшырайды. Ііа ~5-6 саг. Флутамид және оның метаболиттері бүйрек аркылы шыгарылады. Негізгі қолданылуы - қуык асты безінің обыры. Препараттың эсері жогары және көпшілік наукастарда ремиссия ұзак болады. Препарат наукастармен жақсы кетеріледі. Оны ұзак уақыт колданганда гинекомастия, көкірек безі аймағында ауьфу сезімдері болады. Либидо жэне жыныстыққабілеті эдетте бұзылмайды. Препаратты жүрек-тамыр жүйесінің аурулары бар науқастарда сактықпен тагайындаған жөн (ісінулер болуы мүмкін). Кейде флутамидке оны колдануды шектейтін жогары сезімталдықбайқалады.
Бұлтоптыңзаттарынастероидты косылысципротерон ацета-т ы (андрокур) (20.6.1 тарауды кара) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет