Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент



Pdf көрінісі
бет19/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81
Тәрбиелеудегі формализм – 
тәрбиелеуде ауызша әдісті 
(көрнекі және тәжірибе жүзінде емес), жұмыстың массалық 
формаларын (жеке ықпал ету емес), тәрбиелеудегі жекелеген 
бағыттарды 
(кешенді 
тәсілді 
емес) 
артық 
көру, 
тәрбиеленушілердің ынта ықыласы мен дербестігін басу 
(директивті тәрбие). 


Наурызбаева Ш.Қ. 
30 
Білім беру процесін жоспарлаудағы формализм
– нақты 
уақытты, орындаушылардың іс жүзіндегі мүмкіндіктерін, 
жоспарланған іс-шаралардың өзектілігі мен мақсатқа сәйкестігін 
ескермеген жоспарлы іс-шаралардың үлкен көлемі, сондай-ақ 
жоспардағы жекелеген тұжырымдардың нақты емес, ұран 
тәріздес сипатта болуы.
Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру-
дағы формализм
– ең алдымен оқыту мен тәрбиелеуді өмірмен 
байланыстыру принципін, ақыл-ой еңбегін ұйымдастыруға 
қойылатын 
психологиялық-физиологиялық 
талаптарды 
елемеуде. 
Дамыта оқыту принципін жүзеге асырудағы формализм
– білім алушылардың белсенділігі мен дербестігін оқытушының 
басып тастауға ұмтылуы (өзара қарым-қатынастың директивті 
стилінің салдары ретінде), білім алушылардың дербестігі мен 
шығармашылығын белсенділендіре алмауы және дұрыс арнаға 
бұра білмеуі (либеральді стиль салдары ретінде). 
Білім беру процесін бақылау кезіндегі формализм
– іс-
әрекет мазмұнынан форманы, бір реттік сандық көрсеткішті 
сапалық 
көрсеткіштен, 
ескіріп 
қалған 
формалар 
мен 
нұсқауларды тексерілушілердің нақты және мақсатқа сай 
әрекетерінен, конъюктуралық, субъективтік талаптарды ғылыми 
талаптардан жоғары қоюға ұмтылу.
Менеджмент 
субъектілерінің 
білім 
беру 
қызметінің 
нәтижесі 
– 
педагогикалық 
менеджмент 
теориясының, 
әдістемесінің және тәжірибесінің ерекше маңызды әрі күрделі 
құраушылары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет