Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


Педагогикалық жүйе әлеуметтік жүйенің түрі



Pdf көрінісі
бет24/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

 
4.3. Педагогикалық жүйе әлеуметтік жүйенің түрі 
ретінде, оның атқарушы құрамдастары: мақсаты, мазмұны, 
қызметі. 
 
Басқаруға тән және бір сипат – бұл жұмысқа баршаның: 
әкімшілік, мұғалімдер, оқушылар араласуы. Бұл жағдай басқару 
қызметінің мазмұны мен нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді, 
себебі бұл істің қалаған сатысында қай деңгейде болмасын, 
басқарушы адам өз әрекетінің кез-келген сәті мен жүйенің 


Наурызбаева Ш.Қ. 
38 
қалпы тек оның шешіміне тәуелді болмайтынын мойындауы 
тиіс. 
Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары 
тәрбиелік қызметті де атқарады. Тәрбиеленушілерді басқарушы 
болып есептелетін педагог – тәрбиешілер оларға жетекшілік 
етеді, ал тәрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды 
пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тәрбиелік қызметтің 
орындалып жатқаны. Осыдан да басшының, тәрбиешінің, 
мұғалімнің моральдық, әдептілік кейпіне жоғары талаптар 
қойылады. Кәсіби іс-әрекетті әрқилы деңгейде бірдей тең 
басқару – бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз 
алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы 
оқушы іс-әрекетін тәрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған 
бірнеше пән мұғалімдері, сынып жетекшісі және басқа да 
күнделікті ықпал жасаушы мектептің барша қызметкерлері 
араласады. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады. 
Ол – сынып басшысы, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік 
мүшесі. 
Кәсіптік мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы 
ата-аналармен, 
қоғамдық 
ұйымдармен, 
мемлекеттік 
мекемелермен қатынастар негізінде атқарылып барады. 
Кәсіптік мектеп – мемлекеттік (немесе онымен тығыз 
байланысқан) құрылым. Отбасы, қоғам, мемлекет араларындағы 
бірлікті іс-әрекеттердің ұштаса орындалуынан тәрбиенің жалпы 
мақсаттары іске асып барады. Мұндайда өзара байланыстар 
міндетті түрде жүйелі басқарымда болуы шарт. 
Бұл 
да 
педагогикалық жүйелерді басқарудың өз ерекшелігі болып 
табылады. Білім берудегі кәсіптік мектеп жағдайы «мұғалім-
оқушы» қарым-қатынасына тәуелді екенін ескеретін болсақ, 
білім жүйесін басқарудың келесі ерекшеліктерін де біліп қойған 
жөн: 
әртүрлі 
жас 
деңгейіндегі 
балалар 
бірлестіктеріне 
басшылық; материалдық ынтадан гөрі моральдық ынтаның 
басым болуы; басқарушының өз басқарымындағылармен жеке 
таныс болу қажеттігі, білім саласын басқаратын тұлғаның 
жоғары дәрежеде білікті, білімді болуы керек.
 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
39 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет